Тіл табыса білу өнері. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар. 10-сынып

Тіл табыса білу өнері. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар. 10-сынып

Сабақтың мақсаты: 

А/ Білімділік: Адамдармен қарым-қатынас жасау өнері, дағдылары, құралдары, қағидалары жайлы  білім беру.

       Ә/ Дамытушылық:  Адамдармен жақсы тіл табыса білу дағдыларын, көркем сөйлеу қабілетін, ой-өрісін дамыту.

     Б/ Тәрбиелік:  Сөйлеу мәдениетіне, сыпайылыққа, адамгершілікке,үлкенді сыйлауға,кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Сөйлеу шеберлігіне байланысты нақыл сөздер.

 

Сабақтың әдіс –тәсілдерімен технологиялар:  түсіндірмелі талдау, сұрақ-жауап, АКТ

 

Сабақтың түрі :  Дәстүрлі сабақ

 

Сабақтың  типі:            Жаңа білімді  игерту, беру.

 

Сабақтың барысы:  А/ Ұйымдастыру.

                 Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.

                Б/Үй тапсырмасын сұрау

               В/  Жаңа сабақ

  1. Іскерлік әңгімелер мен келіссөздерді жүргізу кезіндегі қарым-қатынастар жөнінде түсінік беру.
  2. Американдық миллионер Дж.Д.Рокфеллердің пікірін талдау
  3. Қарым-қатынас құралдары жайлы түсінік беру.
  4. Адамдармен тіл табыса білудің құпиясы жайлы түсініктер беру.
  5. Американдық жазушы Ральф Уолдо Эмерсонның сөзін талдау.
  6. Адамдармен тіл табысып, жүрегіне жол таба тілу үшін қолданылатын қағидаларды талдау.
  7. Әңгіме барысында келіспеушіліктер кезінде қолданылатын сөздер тобымен таныстыру.
  8. Ұлы данышпан Сократтың сөзін талдау.

 

І тапсырма. Фонологиялық талдау үлгісімен таныстыру.

 

ІІ тапсырма.  С.к.т 6- жаттығу.

Іскерлік, еліктегіш, бейімдеуші деген сөздерге үлгі бойынша фонологиялық талдау жасау.

ІІІ тапсырма.  Мәнерлі сөздің мәнін ұқ

7- жаттығу.

  1. Мақалдарды жаттап алыңдар.
  2. Қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша талдаңдар.
  3. Тілге байланысты білетін мақал-мәтелдерді еске түсіріңдер, дәптерлеріңе жазыңдар.
  4. Тіл-буынсыз, ой-түпсіз
  5. Өзен тауымен көрікті,

   Өріс малымен көрікті.

  1. Көп ішінде сөйлеген-

    Көсемдіктің белгісі.

 Көпке сөзі ұнаған-

   Шешендіктің белгісі.

  1. Сөз қадірін білмеген

   Өз қадірін білмейді.

  1. Тамақты асығып ішпе түйілерсің,

   Сөзді асығып сөйлеме, күйінерсің.

 

ІУ тапсырма           Даналық ойдан дән ізде.

9- жаттығу

  1. Мәтіннің мазмұнына сай ойларыңды қосып әңгімелеңдер.
  2. Ана тіліне байланысты тағы қандай ақын –жазушылардың шығармаларын білесіңдер?
  3. Ана тілі туралы ой толғаңдар.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. «Тіл табыса білу» ұғымын қалай түсінесіңдер?
  2. Тіл табысуға қажетті құралда?
  3. Тілдің көмекші құралдарына не жатады?
  4. Тіл табысуға қажжетті қандай қағидаларды білесіңдер?
  5. Әңгіме барысында қандай тіркестерді қолдануға болмайды?
  6. Қандай сөз орамдарын қолданған тиімді?

 

Сабақты қорытындылау, бағалау.

 

Үй тапсырмасы:            С. 8- жаттығу

  1. Көшіріп жазып сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
  2. Адамның қандай қасиеттері өзгелермен тіл табысуға игі ықпалын тигізеді деп ойлайсыңдар? Даналық сөздерге сүйеніп, өз тұжырымдамаларыңды жазыңдар