Біржан сал Қожағұлұлы әлеуметтік өмір жыршысы
Біржан сал Қожағұлұлы әлеуметтік өмір жыршысы
Сабақтың мақсаты:
А/ Білімділік: Біржан сал Қожағұлұлы шығармаларына шолу жасай отырып, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, өз бітінше ізденуге, мазмұнына тереңдей бойлату, өлеңдеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
Ә/ Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, өлеңнің мазмұнын талдап , идеясын аша білу қабілетін дамыту.
Б/ Тәрбиелік: оқушылардың өлеңге, әнге деген сүйіспеншіліктерін оята отырып , мәдениеттілікке , еңбек сүйгіштікке, елжандылыққа, ұқыптылыққа, бір-бірінің сөзін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, Біржан сал шығармалары, кестелер
Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: интеграцияланған сабақ
Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру.
Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.
Б/ Үй тапсырмасын сұрау
В/ Жаңа сабақ
«Біржан – бұрын –соңғы қазақтың сал-сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ»
Есмағамбет Ысмайлов
Топпен жұмыс
І тапсырма
І топ Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен өскен ортасы.
ІІ топ. Біржан деп атым шықты алты алашқа
ІІІ топ Біржанның айтыскерлігі
ІІ тапсырма Кестемен жұмыс
І топ
тақырыбы | өлеңнің аты | Шығу тарихы | Идеясы |
Қоғамдық әлеуметтік мәселе | Жанбота | Ел билеуші есер Жанбота мен өнер сүйер Біржан арасындағы қақтығыс | Ел билеушілердің әділетсіздігін, екі жүзділігін ашып көрсету |
Ақынның жан дүниесі, сезім лирикалары |
ІІ –ІІІ топтар
Өте қатты әсер еткен шумақ | өз пікірім |
Теміртас,Асыл,Ақық балдан тәтті, Кем қылмай өсіріп ем салтанатты Әкең ем аяйтұғын жаның ашып, Шешсеңші, білегіме арқан батты. | |
ІІІ тапсырма
Өлеңдерінің шығу себептеріне тоқталу, жатқа оқу
- Жанбота
- Ләйлім шырақ
- Ақтентек
- Жайма-шуақ
- Теміртас,Асыл,Ақық балдан тәтті
ІУ тапсырма.
І топ Өлең құрылысына талдау жасау.
ІІ топ Эссе «Біржан сал –қазақ ән жырының шамшырағы»
ІІІ топ . Біржан өлеңін әнімен орындау.
У тапсырма
Біржанның айтыскерлігі. «Біржан –Сара» айтысы.
а/ шөже ақынмен сөз қағыстыруы
ә/ Нұрғайша қызбен әзілі
б/ Орынбай, Бабақпен сөз жарыстыру
Сұрақтар мен тапсырмалар
- Біржанның өзіне дейінгі ақындардан өзгешелігі неде?
- Біржан өлеңдеріндегі қоғамдық әлеуметтік мәселелер нені аңғартады?
- Біржан өмірінің мәні неде?
- «Теміртас» өлеңіндегі шындыққа психологиялық талдау жасаңдар.
Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалу.
Үй тапсырмасы: Біржан өмірі мен шығармашылығын оқу, өлеңдерін жаттау