Ыбырай – шағын әңгіме шебері

Сабақтың тақырыбы:               «Ыбырай – шағын әңгіме шебері»

Сабақтың мақсаты:     Білімділік: Оқушылардың ақын өмірі мен шығармашылығы, ағартушылық қызметі жөнінде білімдерін тереңдету, өлеңдерінің, әңгімелерінің  мазмұнын,тақырыбын, идеясын меңгерту.

Дамытушылық: Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін қастерлеуге, сөз өнерін дәріптеуге, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:                   Ойшақыру, топтастыру,     сұрақ – жауап,     СТО

стратегиялары.

Сабақтың түрі:                     Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі:        Ыбырайдың суреті, кітап көрмелері,  тірек

сызбалар

Сабақтың ұраны:    

— Әрбір адам?

— Туысым, досым, жұрағат.

— Әрбір сабақ?

— Үйрену, ұғу, ұлағат.

— Әрбір ісім?

— Тірлік,тірек, адамдық.

— Әрбір сөзім?

— Шындық, бірлік, адалдық

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдсатыру
  2. Үй тапсырмасын сұрау

Ыбырай өлеңдеріндегі табиғат суреті;   Өлеңдерін жаттап келу.

  1. Кім тапқыр?

Ақынның өлеңдерінен үзінді беріліп, жасырынып тұрған сөзді табу.

1.Таулардан өзен ағар    …….. (сарқыраған)

Айнадай сәуле беріп ………..  .(жарқыраған)

Жел соқса, ыстық соқса  бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты ………  .(арқыраған)

  1. Өнер — білім бар жұрттар,

Тастан сарай   ………..  . (салғызды)

Айшылық алыс …………   (жерлерден),

Көзіңді ашып жұмғанша,

Жылдам хабар  ………  . (алғызды)

  1. Көңілің суын ішсең, ………. . (басылады)

Денеңде бар дертіңді   …………  . (қашырады)

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат  тауып,  …………  .  (басылады)

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да

Шуылдап желмен бірге  ………..    . (бас ұрады)

  1. Жаңа тақырыпты меңгерту немесе мағынаны тану.

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы мақсатын айтып, оған енген әңгімелерінің тақырыбын айтып беру.  Ары қарай оқушылардың өздері сол әңгімелері бойынша ой өрбітіп, талдау жасайды.

  1. Берілген әңгімелерінің мазмұнын баяндау

Әке мен бала

Талаптың пайдасы

Түлкі мен ешкі

Атымтай жомарт

  1. Осы әңгімелері бойынша сатылай кешенді талдау жасау

Шығарма аты

 

Авторы

 

Тақырыбы, идеясы

 

Жанр түрі

 

Кейіпкерлері

 

Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер

 

  1. Әдебиет лотосы.

 

Шығармадан үзіндіШығарма атауыАйтар ойы, идеясы
Біраз жер жүрген соң, Асан “Қарным ашты”,- деп жылады. Үсен үндемей келе жатса, екеуінің алдынан бір үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды. Асанның онымен ісі болмай жүре берді.
Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен  кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен кінәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, кінәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды.
Сейіт  жол үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырып алыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп анасы есінен танып қалыпты.

 

 

 

  1. Жылдар сөйлейді.

 

Тақтада көрсетілген жылдар бойынша сол жылдарда ақын не істегенін тауып, тақтаға жазып отыру.

  1. Сәйкестендіру тестісі.

1841ж. 20 қазан                      Торғайда арман еткен мектебі ашылды

 

1881 ж.                                    «Қазақ хрестоматиясы» басылып шықты

 

1889 ж. 30 шілде                     Ырғызда қыздар мектебін ашты.

 

1887 ж.                                     Дүниеге келді.

 

1879 ж.                                     Инспекторлыққа тағайындалды.

 

1850 — 1857 ж.ж                      Тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты.

 

1864 ж.8 қаңтар                     Орынборда жеті жылдық мектепте оқып білім алды.

 

Ауыр науқастан қайтыс болды.

  1. Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.
  2. Үйге тапсырма. 1. Ыбырай әңгімелерін оқу
  3. «Ыбырай – аудармашы» тақырыбына мәнжазба жазу
  4. «Ыбырай — балалар әдебиетінің атасы» тақырыбына

ойтолғу жазу