Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері
Мусагалиева Райля Қуанышқызы
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Тақырыбы: Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері
Мақсаты:
- Ы.Алтынсариннің ағартушы-педагог, қоғам қайраткері қызметіндегі рөлін көрсету. Ыбырай әңгімелерінің тақырыптық құрылымын меңгерту.
- Теориялық білімдерін дамыту арқылы шығармашылық ізденіске баулу. Эстетикалық, экологиялық, адамгершілік тәрбиеге баулу.
- Өзіндік ойын еркін айта алатын қолайлы орта туғызу. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: ізденіс-талдау сабағы
Әдіс-тәсілдері: ЖБИМ (жаңа білімді игеру моделі)
Сабақтың интеграциялық мүмкіндіктері: бейнелеу, география, қоршаған орта, поэзия.
Күтілетін нәтиже:
- Ыбырай шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтеді. Мәліметтер алады.
- Әдебиет теориясы бойынша білімдерін кеңейтеді.
- Өлеңдері мен әңгімелерінің мазмұнына, құрылысына талдау жасалады.
- Өзіндік ойларын ашық, анық жеткізе алады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
— Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың мақсатын айту
— алдын ала тапсырма беру
ЖБИМ — қосымша мәлімет
— мәтінмен жұмыс (зерттеу нысаны)
— теориялық түсінік
— оқушының өзіндік жұмысы (әдеби диалог-журнал)
— қорытынды
І. Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
- «Қазақ хрестоматиясының» мәні неде?
Бүгінгі сабақта «Қазақ хрестоматиясына» енген өлеңдері мен әңгімелеріне және аудармаларына тоқталмақпыз.
Мәтінмен жұмыс. І. Ақын шығармашылығына талдау жасау
І топ. Ақынның өлеңдері
«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі.
Тапсырма.
- Өлеңді жатқа айт.
- Өлеңнің тілдік ерекшеліктеріне талдау жасау.
- Өлең құрылысына талдау жасау.
«Өзен» өлеңі
Тапсырма.
- Өлеңді мәнерлеп оқы.
- Өзенге сипаттама беріп, өлеңді қара сөзге айналдырыңыз.
- Өлеңнен көркемдегіш сөздерді табу.
Мәтінмен жұмыс.
ІІ топ. Жазушының әңгімелері
«Таза бұлақ» әңгімесі
Тапсырма.
- Әңгімені қысқаша мазмұнда.
- Әңгімеде қандай тәрбиелік идеяны насихаттайды ?
- Мәтіндегі үш жолаушының пікіріне және тастың су ағар жеріне жазылған
жазуға өз пікірің қандай ?
«Әке мен бала» әңгімесі.
Тапсырма.
- Әңгімені қысқаша мазмұнда.
- Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.
- «Азға қанағат ете білмесең – көптен құр қаларсың » дегенді өмірдегі
қандай мысалдармен түсіндіруге болады ?
Мәтінмен жұмыс.
ІІІ топ. Аудармалары
«Жаман жолдас» аудармасы
Тапсырма.
- Қысқаша мазмұнда.
- Мәтін мазмұнына сай қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер ?
- Ыбырай тағы кімдерден аударма жасады? Кестені толтырыңыз.
№ | Тақырыбы | Кімнен аударма жасады? | Кейіпкерлері | Әңгіме- мысалдың негізгі түйіні |
«Бір уыс мақта» аудармасы
Тапсырма.
- Қысқаша мазмұнда.
- Әңгіме мазмұнынан не түйдің? Өз ойыңды білдір.
Теориялық талдау.
І топ. Өлеңдерінің тілдік ерекшеліктері
ІІ топ. Әңгімелерінің негізгі түйіні
ІІІ топ. Аударма шығармаларының құрылымы
Вен диаграммасы.
- Ыбырай мен Шоқанның өзіндеріне тән ерекшеліктері мен ортақ қасиеттері қандай?
Ыбырай | Ортақ қасиеттер | Шоқан |
— ұстаз — тұңғыш аудармашы — ақын — мектеп ашқан — оқулық авторы
| — аудармашы — жазушы — еңбек авторлары — орыс достары болды — екеуі де атақты отбасынан шыққан
| — саяхатшы — суретші — этнограф ғалым — демократ ғалым — географ — зерттеуші |
ІІІ. Толғаныс сәті
Әдеби диалог-журнал
Автормен сырласу (ой толғау)
Ыбырай аға, сіздің шығармаларыңыз бізге үлкен ой салады. …………….
……….. …………….
Қорытынды.
Бағалау. Үйге тапсырма: «Даланың дауылпаз қоңырауы» тақырыбында шығарма жазу.