Ыбырай Алтынсариннің «Өзен»өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің «Өзен»өлеңі

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ы.Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет, өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы табиғаттағы, адам өміріндегі өзеннің атқарар жүгін таныту, өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге баулу, Ыбырай шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін түсіне білу;

ә) дамытушылық: оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, ақын тіліне деген көзқарасын білу, өлеңнің эстетикалық мәнін түсінуге, өзіндік талдау жасауға, шапшандыққа, тапқырлыққа, өз ойларын әдеби тілмен жеткізе білуге төселдіру;

                                   б) тәрбиелілік: адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге, оны қорғауға, қоршаған ортаға  құрметпен қарауға баулу, табиғатты сүю, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту (танымдық сабақ)

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, топтастыру, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, сипаттау, ойтолғау, т.б.

Көрнекілігі: Ыбырай портреті, бейнетаспа, шығармалар жинағы, карта, интерактивті тақта, табиғаттың суреті, екі тұлпардың суреті.

Пәнаралық байланыс: география, бейнелеу, музыка, қоршаған орта.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру (Оқушылармен амандасу,  оқу ұралдарын түгендеу, олардың назарын сабаққа аудару)
  2. Үй тапсырмасын сұрау. Үстел үстінде табиғаттағы бейнелердің суреттері берілген. Олардың артында үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жазылған. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы табиғаттың бейнесінен композиция жасау.

Күн: Махамбет кім?

Бұлт: «Соғыс»өлеңін жатқа айт.

Тау: «Қызғыш құс» өлеңін жатқа айт.

Өзен: «Қызғыш құс» өлеңіндегі ақынның ойы қандай?

Жер: Махамбет қай жылдарда өмір сүрді?

Бұлт: Махамбеттің тағы қандай өлеңдерін білесің?

Аң: Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қай жылдарда болды?

Шөп: Махамбет өлеңдері неге тәрбиелейді?

-Оқушылар суретте не бейнеленген?

-Табиғат

-Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз табиғат лирикасына жазылған Ыбырай Алтынсариннің «Өзен»өлеңі.

Жаңа сабақты түсіндіру. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысында туып, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған. Ыбырай әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде өседі. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп ашып, онда өзі мұғалім болады. Қазақ шәкірттеріне арнап оқулықтар жазады. «Қазақ хрестоматиясының» авторы – Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, ертегілер оқырман жүрегіне жол тауып жатыр.Ыбырай Алтынсариннің көрнекті шығармалары «Кел балалар оқылық», «Өнер білім бар жұрттар», «Асан мен Үсен», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әдептілік» т.б.

 

 

 

 

 

 

  Ақын                              Ғалым                        Аудармашы                 

 

 

     Балалар                                                                           Жазушы                           

әдебиетінің                      Ыбырай

атасы                               Алтынсарин

 

Ұстаз                                                                              Қоғам қайраткері

 

Табиғат-менің өз үйім. Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қорғаушың десең де болады. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су-алтын, мал-байлық » деп айтып кеткен. Ата-бабамыз дариялар мен өзендердің, көлдердің жағалауларына, жалпы сулы-нулы жерлерге егін егіп, кең далада, жайлауда төрт түлік мал өсірген.

Аққан өзеннің суретін бейнетаспадан көрсете отырып, «Өзен»өлеңін мәнерлеп жатқа оқып беремін. Содан соң бір-екі оқушы оқиды.

 

Сөздікпен жұмыс

 

Өксіген – шөлдеген.

Қынарда – жағасында, маңында.

Жай – орын, қоныс.

Жанабында – жанында.

Дерт – ауру.

 

-Балалар, Қазақстанда қандай өзендер бар? Картадан кім көрсете алады?

-Өзіміздің жергілікті жерімізде қандай өзендер бар?

-Өзен табиғатта, адам өмірінде қандай игілікке жарап жатыр?

(Жауап берген оқушыларға сурет парақшаларын беріп отырамын. Сол арқылы бағалаймын).

 

«Кубизм» әдісі арқылы топқа тапсырма беру.

 

1-топ. Өлең құрылысына қарай талдау.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта

Аралап тау мен тасты арқыраған.

4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы

 

2-топ. Жайық өзені туралы не білесіңдер? Өзеннің халық игілігі үшін атқарып отырған жүгі қандай?

 

1-топ. Өзеннің бүгінгі таңдағы проблемалық мәселелері.

 

2-топ. «Өзен жағасында» Ой толғау

 

1-2-топ. Тақырыптық сурет салу.

 

 

«Топтастыру»  стратегиясы.

1-топ.

                                                           өлеңдерімен

 

 

 

                                                                                                              еңбектерімен

ағартушылығымен

 

 

 

 

 

 

 

аудармаларымен

 

                                                                                                                          әңгімелерімен

2-топ.

 

                                    мектеп ашты                              оқулық жазды

 

 

 

 

 

 

аударма жасады                                                                                              әңгіме жазды

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 өлең жазды

 

 

 

ІҮ Бекіту. Ойтолғау

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жасыл желекті, мөлдір сулы өлкеге айналуы тиіс» деп Қазақстан-2030 бағдарламасында айтқанындай өз жеріңді көркейтуге қандай үлес қосар едің? (Оқушылардың пікірлері тыңдалады)

 

Ү Үйге тапсырма «Өзен»өлеңін жаттау. Өзен тақырыбында шығармашылық жұмыстар дайындау (шағын шығарма, сурет, сөзжұмбақ)

 

ҮІ.Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау