«Поэзия әлемі» үйірмесінің бағдарламасы (10-сынып)

«Поэзия әлемі» үйірмесінің бағдарламасы (10-сынып)

Түсінік хат

 

Білім беру жүйесінің талаптары бойынша қазақ әдебиетін оқыта отырып оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Көркем шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланады.

Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда көркем шығармаға қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі төмендеп келеді. Ең алдымен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, әр түрлі оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын арттыратын поэзиялық шығармаларды өз бетімен оқуға ізденуге тәрбиелеуі тиіс. Осындай өзекті мәселелердің шешу жолының бірі ретінде осы бағдарлама ұсынылды. Аталған бағдарламада белгілі ақындардың поэзиясын тереңірек оқытуға және оларды мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру көзделіп отыр.

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.

Бағдарлама 68 сағатқа жасалған. Оқушылардың өзіндік-зерттеу жұмысын жетілдіру үшін, пәндік теориялық бөлімге 34 сағат, тәжірибелік (практикалық) жұмыстарға 34 сағат бөлінді. Апталық жүктеме – 2 сағат.

Көркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру көзделеді.

 

Үйірменің басты мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

  • Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету;
  • Әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру;
  • Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;
  • Лирикалық шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру.

 

 

 

Осы мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды:

  • оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
  • бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;
  • зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
  • жазушы шеберлігіне көз жеткізу;
  • әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;
  • оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғындыру.

 

Аталған курс бойынша білім алған оқушы оқу жылының соңында күтілетін нәтиже:

  • Көркем әдебиеттерді оқуға ынтасы артады;
  • Берілген мәтіннен тілдік-көркемдік ерекшеліктерді байқау қабілеті артады;
  • Кез келген әдеби шығармаға жан-жақты талдау жасай алады.

 

 

 

10-сынып оқушыларына арналған

 «Поэзия әлемі» үйірмесінің

базалық мазмұны

 

Кіріспе (1 сағат)

Кіріспе. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

 

Махамбет поэзиясы (10 сағат)

Даланың дауылпаз ақыны Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық жолы. «Өттің дүние», «Махамбеттің жебесі», «Исатай – Махамбет»,  «Махамбет Өтемісұлы»  т.б. өлеңдері. Махамбеттің туған жер туралы өлеңдері. Ақынның батырлық, ерлік туралы отты жырлары. Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдері.

 

Абай поэзиясы (17 сағат)

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы. Ақын Абайдың  табиғат  лирикасы       . Ақынның азаматтық  лирикасы. Көңіл-күй  лирикасы. Саяси  лирика. Философиялық  лирика. Махаббат  лирикасы. Абайдың  поэмалары. Ақынның  аудармалары.

 

Шәкәрім поэзиясы (9 сағат)

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы      . Саяси-әлеуметтік лирика. Азаматтық  лирика. Махаббат лирикасы        . Философиялық  лирика.

 

Мұқағали поэзиясы (11 сағат)

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы. Саяси-әлеуметтік лирика. Азаматтық лирика. Махаббат лирикасы. Философиялық  лирика. Ақынның поэмалары.

 

Жерлес ақын Қуандық Шаңғытбаевтың  поэзиясы (11 сағат)

Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Туған жерге арнаған жырлары. Ақынның арнау өлеңдері. Табиғат лирикасы. Аудармалары. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер.

 

Төлеген поэзиясы (5 сағат)

Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы. Табиғат  лирикасы. Азаматтық  лирика.

 

Поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу (4 сағат)

Мәнерлеп оқуға төселдіру жаттығулары. Жыл бойына танысқан ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқыту сабақтары.

Сабақтың тақырыбыСағат саныУақытыПайдала-нылған әдебиеттер
Жалпы сағат саныТео-рия-лық Тәжі-рибе-лік
Кіріспе (1 сағат)
1Кіріспе. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы11З.Қабдолов.

«Сөз өнері»

Махамбет поэзиясы (10 сағат)
2Даланың дауылпаз ақыны11«Өттің дүние», «Махамбеттің жебесі», «Исатай – Махамбет»,  «Махамбет Өтемісұлы»  т.б.
3Махамбеттің туған жер туралы өлеңдері312
4Ақынның батырлық, ерлік туралы отты жырлары312
5Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдері312
Абай поэзиясы (17 сағат)
6Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы –

Абай Құнанбайұлы

11«Абай» журналы
7Ақын Абайдың  табиғат  лирикасы211«Абай». Шығар-маларының толық жинағы. 1,2,3,4 томдар
8Ақынның азаматтық  лирикасы211
9Көңіл-күй  лирикасы211
10Саяси  лирика211
11Философиялық  лирика211
12Махаббат  лирикасы211
13Абайдың  поэмалары211
14Ақынның  аудармалары211
Шәкәрім поэзиясы (9 сағат)
15Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы11«Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық…» атты Ш.Құдайберді-ұлы шығармала-рын оқытуға арналған авторлық бағдарлама
16Саяси-әлеуметтік лирика211
17Азаматтық  лирика211
18Махаббат лирикасы211
19Философиялық  лирика211
Мұқағали поэзиясы (11 сағат)
20Ақиық ақын

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы

11М.Мақатаев. Толық шығармалар жинағы. 1,2,3,4 томдар

 

 

 

21Саяси-әлеуметтік лирика211
22Азаматтық лирика211
23Махаббат лирикасы211
24Философиялық  лирика

 

211
25Ақынның поэмалары

 

211
Жерлес ақын Қуандық Шаңғытбаевтың  поэзиясы (11 сағат)
25Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы11Қ.Шаңғытбаев «Шайыр»

жинағы

26Туған жерге арнаған жырлары211Қ.Шаңғытбаев «Ар», «Лирика», «Махаббат пен ғадауат» жинақтары және А.С.Пушкин «Евгений Онегин» (ауд.)
27Ақынның арнау өлеңдері

 

211
28Табиғат лирикасы

 

211
29Аудармалары211
30Ақын өлеңдеріне жазылған әндер211
Төлеген поэзиясы (5 сағат)
31Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы11«Төлеген» электронды оқулығы
32Табиғат  лирикасы

 

211
33Азаматтық  лирика

 

211
Поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу (4 сағат)
34Мәнерлеп оқуға төселдіру жаттығулары44Х.Қожахметова «Мәнерлеп оқу», С.Тілешева «Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

 

  1. З.Қабдолов. «Сөз өнері». Алматы, 1991 ж.
  2. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы, 1970 ж.
  3. Р.Нұрғалиев. Өнер алды – қызыл тіл. Алматы, 1974 ж.
  4. Р.Сыздықова. «Абайдың сөз өрнегі». Алматы, 1995 ж.
  5. Р.Сыздықова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1997 ж.
  6. Б.Кәрібаева. «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы».

Алматы, 1988 ж.

  1. Қ.Сыдыиқов. «Көркемдік өрнектер». Алматы, 1992 ж.
  2. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық…» атты Ш.Құдайбердіұлы шығармаларын өз бетімен ізденіске бағыттап, қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқытуға арналған авторлық бағдарлама. 2011 ж.
  3. «Төлеген» электронды оқулығы.
  4. Х.Қожахметова. «Мәнерлеп оқу». Алматы, 1982 ж.
  5. С.Тілешева. «Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру». Алматы, 1984 ж.
  6. Ә.Нұрмаханова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1971 ж.
  7. Ә.Нұрмаханова. «Мәнерлеп оқу мәселелері». Алматы, 1976 ж.

 

 

 

 

Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Абай» журналы.
  2. «Абай». Шығармаларының толық жинағы. 1,2,3,4 томдар.
  3. Мұқағали Мақатаев. Толық шығармалар жинағы. 1,2,3,4 томдар.
  4. Қ.Шаңғытбаев «Шайыр». Алматы, 2010 ж.
  5. Қ.Шаңғытбаев «Лирика». Алматы, 1976 ж.
  6. Қ.Шаңғытбаев «Махаббат пен ғадауат». Алматы, 1995 ж.
  7. А.С.Пушкин. «Евгений Онегин». Аударған Қ.Шаңғытбаев. Алматы, 2000 ж.