М. Әуезов Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты
Сабақтың м ақсаттары: а) Білімділік: М. Әуезовтың жазушы, драмашы, көсемсөз шебері, зерттеуші, қоғам қайраткері, академик екенін таныту, хикаяттың мазмұнын ұғындыру арқылы Бақтығұлдың іс әрекеттеріне екі түрлі көзқараста баға беру;
ә) Дамытушылық: Хикаятты түсініп оқуға, сөз астарына үңіліп, мағынаны түсінуге, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру;
б) Тәрбиелік: ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беру, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО(болжау, топтастыру, ЖИГСО-2, кейіпкерге хат, түртіп алу, топпен жұмыс, сөздікпен жұмыс, семантикалық карта)
Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтың портреті, шығармалары, интербелсенді тақта, «Абай жолы» роман-эпопеясы, сызбалар, жазушылардың пікірлері.
Н. Погодин «Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай»
Ғ. Мүсірепов «Абай жолы» романын неше рет қайталап оқысаң, сонша әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байұалмай кеткен тереңдік табам»
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
ә) Зейіндерін сабаққа аудару.
Сынып үш топқа бөлінеді, топ бойынша жұмыс жүргізіледі.
І. Қызығушылықты ояту.
- «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?
- «Қаэақстан үшін екінші Абай кім?
ІІ. Мағынаны тану.
Пьесалары: «Еңлік-Кебек» (1922, Орынбор), «Қаргөз»(1926),
«Октябрь үшін» (1933), «Айман – Шолпан» (1934,1936), Қарқыпшақ Қобыланды», « Бекет», «Түнгі сарын»(1934), «Тартыс»(1934), «Тастүлек»(1935), «Абай»,т.б.
Романы: «Абай жолы»
Аудармалары: Шекспир «Отелло», «Асауға тұсау», Гоголь «Ревизор», Погодин «Ақсүйектер», Тренев «Любов Яровая»,
Тургенев «Дворян ұясы»
Әңгімелері: «Бүркітші», «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Өскен өркен», «Көксерек»,т.б.
Зерттеуі: Қырғыз эпосы «Манасты» терең зерттеп, монографиялық еңбек жазған.
Мақалалары: «Қазақтың өзгеше мінездері» (Ташкент, «Алаш» газеті), «Адамның негізі – әйел»(Семей, «Сарыарқа» газеті)
Кітаппен жұмыс
1-топ.
- 1-бөлімге ат қою, мазмұнын айту.
- Шығармада қандай көрініс, қандай көңіл күйді суреттеуден басталған?
- Тектіғұл өліміне қандай жағдай, кімдер себепші деп санайсыңдар?
- Кестені толтыр.
Білетін ақпарат Жаңа ақпарат Сұрақ туса Келіспеймін
2-топ.
- 2-бөлімге ат қою, мазмұнын айту.
- Бақтығұлға інісінің өлімі қалай әсер етті? Ол қандай әрекетке бекінді?
- Әңгіменің идеясы не?
- Кейіпкерге хат жаз(Сәлмен, Бақтығұл)
3-топ.
- 3-бөлімге ат қою, мазмұнын айту.
- Әңгіменің тақырыбы не?
- Бақтығұл қандай адам? (топтастыру)
Сөздікпен жұмыс
Мес – қымыз, т.с.с. басқа да сұйық заттар сақтау үшін, бітеу сойылған ешкі терісінен жасалатын ыдыс.
Малта – құрттың езуден қалған қалдығы.
Кек – жауға деген өшпенділік.
Зорлық – қиянат, зәбір көрсету, жала.
Барымта – кектеніп жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алуы.
ІІІ. Ойтолғаныс.
Р/с | Шығармадан үзінді | Тектіғұл | Қатша | Бақтығұл | Сәлмен | Сейіт | Сәт |
1. | — Қайран Тектім-ай! Алпамсадай арысым едің… | ||||||
2. | «Кескен теректей құлаттың ғой мені. Қу жоқшылық бірқұлатты…» | ||||||
3. | Інің соққыдан өлер болса, осыдан үш ай бұрын соққы тиген күні өлер еді. | ||||||
4. | Қуарғырлар, соққысы мен мазағына ұшыратып, дертке шалдықтырса да, керек десе, қатпа лақ құрым қалжа да бермеді ғой. | ||||||
5. | — Тұр, қораңның ішін көрсет, тінтеміз. Саған осы биенің етінен бір жапырақ бұйыртсам,атым өшсін | ||||||
6. | «Шошқа!»деп айғайлап,төсек-тен секіре түсіп,Сәлменнің үстіне жығыла берді .Мұның бәрі бір-ақ сәт ісі еді |
Үйге тапсырма. Хикаятты оқу.
Бағалау.