Әдеби ертегі. Ә.Тәжібаев «Толағай»

Қазақ әдебиеті 6 В  5.10.13

Әдеби ертегі. Ә.Тәжібаев «Толағай»

 

ДеңгейБерілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар
Топқа бөлуҚазақ халқының ертегілері  бойынша 3 топқа бөлінеді.
Білім1. Әдеби ертегі, Ә.Тәжібаев, «Толағай» ертегісі туралы оқушы санасына жеткізу.

2. Қазақ ертегілерінің мазмұнына байланысты түрлерін естеріне түсіру.

3. Қазіргі заман жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқандығын көрсету.

Түсіну1. Орыс әдебиетінде қандай әдеби ертегілер бар? Мысалдар келтіріңдер.

2. Ә.Тәжібаев кім? Оның қандай әдеби ертегісі бар? Ақынның шығармашылығы?

3. Толағай қандай ерлік істер жасады?

Қолдану1. Ертегі мазмұны бойынша әрқайсыларың жеке параққ сұрақ жазып, оны өз ішеріңнен сайланған жүргізушіге беріңдер. Жүргізушінің белгісімен кез келген парақты алып, жауап беріңдер. Барлық сұрақтарға жауап алған соң, бірі-біріңмен талдасып, мәтін құрап, әңгімелеңдер. Түпнұсқамен салыстырыңдар. Ең белсеңді оқушы анықталады.
Талдау1.Ертегі мазмұнына байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

2. Қазіргі заман ертегісін құрастырып көріңдер. Кімнің ертегісі қызықты шығар екен?

Жинақтау1.Венн диаграммасын толтырыңдар:

Кәдімгі ертегі                                 Әдеби ертегі

2.Толағайға қандай хат жазар едіңдер?

Бағалау1. Толағай ертегісін мазмұндау

2. Толағайдың істеген ерлігі туралы суретін салу.