Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан алынған үзінді «Тұтқын бала» шығармасын оқыту (6 сынып)

Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан алынған үзінді «Тұтқын бала»  шығармасын оқыту (6 сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көркем шығарма мазмұнын, қаһармандарының іс-әрекетін, мінез-құлқын жете түсіну, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны туралы мәлімет беру.

Дамытушылық:Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, ойлау өрісін дамыту, зерттеу жұмыстарына баулу.

Тәрбиелік: Тұрар бейнесі арқылы адамгершілікке, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, шығармашылық ізденіске жұмылдыру, елінің адал азаматы болуына тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: География, тарих.

Түрі:Қорытынды сабақ

Әдісі:Сыни тұрғысынан ойлау,ой белсенділігін арттыру,сұрақ-жауап,сәйкестендіру тесті.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар,Ш.Мұртаза және Т.Рұсқұлов суреттері, «Аңыз адамы» журналы,Тұрар Рысқұловтың өмірі туралы деректер(слайдпен)

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушы зейінін сабаққа аудару.

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасы. Оқушылар үзіндіні үйден оқып келеді, оларға болған оқиғаны еске түсіріп, ойын жинақтауға мүмкіндік беру үшін мына сұрақтар қойылады:

  1. Рысқұлдың Сәлмен болыстан кетуіне қандай себептер түрткі болды?
  2. Сәлменнен кетіп, Жарасбайды паналағанда Рысқұл не тапты? Қандай қиянат көрді?
  3. Рысқұл таңдаған кек жолы оның ауыл – айиағын, бала – шағасын, өз басын қандай шырғалаңға салды?

Мазмұны, құрылысы жағынан үзіндіні екі бөлімге бөліп, оның алғашқысына «Тұрардың тұрағы – түрме, қожасы – гимназист Аркаша», екіншісіне «Тұрар – жаралы арыстанның баласы» деген атау беріледі.

 

 

 

Тұтқын бала

 

 

 

Тұрардың тұрағы түрме                                   «Тұрар-жаралы арыстанның баласы»

қожасы — гимназист Аркаша

 

 

 

  1. Приходькоға Рысқұл разы. Тұрар нағашы жұртында.
  2. Аркашаның есірік мінезі. Тұрар Қырғызбаев — орысша —
  3. Тұрар Приходько өсиетін бұзады. мұсылманша    мектеп оқушысы
  4. Тұрардың арманы – оқу. Тұрар – зерек, сауатты оқушы.
  5. Саяси тұтқындармен Тұрар таныстығының басы.   Тұрар – тілмаш әрі писарь.
  6. Әкелі – баланың айырылысуы.      Диірменде туған тышқанның
  7. Приходьконың қателігі. баласы дүрсілден қорықпайды.

 

 

 

 

 

 

Шығарма кейіпкерлері

 

 

 

 

Иван                                                                                     Прокурор Семашко

 

Владимирович    Айбаров

Атамырза                             Қырғызбай,

Нағашы жұрты

 

 

 

Әліпбек ,орыс жігіті

 

 

Тұрар Рысқұлов

Бала Тұрар

 

 

 

 

 

 

4.Міне оқушылар, Тұрар романда жақсы қасиеттерімен басты қаһармандық кейіпкер дәрежесіне көтерілді. Тұрар Рысқұлов өмірде болған адам, ол туралы қандай өмірлік деректемелер келтіруге болады? Хронологиялық кестеге назар аударайық:

1894 жылАлматы облысының Талғар ауданындағы Бесағаш ауылында дүниеге келген.
1907-1910

 

Меркедегі туыстарына баруы. Орыс-қазақ мектебін үздік бітіруі
1910-1914

 

Бішкектегі бау – бақша  мектебінде оқиды.
1915жылТашкенттегі мұғалімдер институтына түседі.
1916 жыл.Ұлт-азаттық көтеріліске қатысады.
1917 — 1918 жылдар21 жаста Түркстан республикасында аштық пен күрес орталық комиссиясының төрағасы болды.
1924 жыл.Монғолияға өкіл етіп жіберілуі.
1932-1933жҚазақ халқының жер бетінен жойылып кетпеуі үшін бел буып күресті.
1938 жылысталиндік жазалаудың құрбаны болады.

 

5.Сәйкестендіру тесті

КейіпкерлерШығармадан үзінді
РысқұлО не дегенің байғұс – ау, алжиын дегенсің бе? Тұрарды қайтесің?Ол бала емес пе екен?
Надзиратель. Оян,Тұрар!
Бронников-Сен енді маған әрі тілмаш, әрі писарь боласың.
Қырғызбай-Әй, бандиттің баласы! Осы көрген күніңді көпсініп жүрсің бе,ей?!
Салиха-Турарка,сен де шоқына сал, пайдасы болмаса,зиянны жоқ —
Приходько—Баланы қорлаушы болма, хайуан!
Наташа-Сабақтан қайтар уақытта кешігуші болма!
Аркадий-Бізде оқуға беретін бала жоқ,қарағым.
Иван Владимирович-Жайырақ,құдай үшін, жайырақ!
Атамырза— Жай, әншейін, ананың шынтағына қараңызшы,-деп Тұрарға қолын шошайтты
Тұрар«Әттең,Аркашаның орнында мен оқыр ма едім,кітаптан бас алмас едім»-
Семашко. Сен тышқанның баласы емес жаралы арыстаннығ баласысың. Сен-Қызыл Жебесің, бауырым!

 

 

  1. 6. Бекіту. Шығарма қаһармандарының түрлі жағдайдағы көңіл күйлері мен сезім — сырларын, адамдармен қарым – қатынасын, ішкі құпиясын таныту және сыныптағы сондай әсерге бөлену әрі оқуға жаттықтыру мақсатында мәтіннен жеке үзінділер оқылады.
  2. Бағалау.
  3. Үйге тапсырма: «Тұрар Рысқұлов кім?»тақырыбына шығарма жазу.