Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы

Ақмола облысы

Степногорск қаласы

Бестөбе кенті

№1 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Абенов Қазбек Кенжетайұлы

 

 

Қазақ әдебиеті 8сынып
Сабақтың тақырыбыТөлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы
Сілтеме8 сынып Қазақ әдебиеті оқулығы.
Жалпы мақсатыЖаңа үрдіске енген технологияларды енгізе отырып,аз ғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып,терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
Міндеттері1)Т.Айбергеновтің еңбектерімен таныстыру
2)Оқушыларды өз беттерінше ізденуге,топпен жұмыс жасауға үйрету.

3)Ойды таразылауға,шынайылылыққа баулу

Мұғалім үшін оқу нәтижелері1)Оқушылар тақырыптың мәнін өздері аша алады.

2)Мұғалім оқушыларды топтарға бөлу арқылы,ауызша,жазбаша жұмыстарды орындауға бағыттайды.

Сабақта туындаған негізгі идеяларМұғалім оқушыларды жемісті жұмыс жасауға жұмылдырады,бәсекелестік қабілеттерін ашады.
ЖаттығуларБейнетаспа. Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы.Слаид материалдарынан керекті сызбаларды дәптерлеріне түртіп алады.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсілОқушылар оқулық қолданады,топпен ақылдасады,ой толғайды және салыстырады.
Сабақта қолданылған материалдарФлипчарт,пламастерлер,бейнетаспа,карточкалар.
БағалауТоп басшылары пікір айтып,қойған бағаларын ұсынады.
Тапсырмалар«Туған жер»тақырыбына эссе жазып келу

Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты: Аз ғана ғұмырында артында қшпес із қалдырған дарынды да жаңашыл ақын Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Қызығушылықтарын ояту.Оқушыларды жасырын түрде қапталған кәмпиттер арқылы топқа бөлемін,түгендеймін,зейіндерін сабаққа аударамын,өзін-өзі бағалау парақтарын таратып топ басшыны сайлап аламын. (3 минут)

Үй тапсырмасын тексеру. Бұл жерде мен бағыттаушы, ой қозғаушы ролін атқарамын, оқушылар ізденуші, білгенін, салғанын ортаға салушы. (8 минут)

1)Олжас Сүлейменовтің «Арғымақ» өлеңін жатқа айту

2) Дәптерге салған қазақ халқының ұлттық ойындарын тексеру.

Жаңа сабақ. (күнді, айды, сабақтың тақырыбын жазғызып, слайд көрсетемін) (9 минут)

Оқулықпен жұмыс. Оқулықта берілген ақын өлеңдерін әр топқа мәнерлеп оқытып шығып,сұрақ-жауап арқылы оқушы түсініктерін білемін.слайдтағы сызбаны дәптерлеріне түртіп алады.

Топпен жұмыс,постер қорғау.

1 топ. Анаға деген өз сезімдеріңді өлеңмен және қара сөзбен суреттеп жазыңдар.

2 топ. Өлеңнің құрылысына,ой екпініне,ішкі әуезділігіне мән бере отырып,ақынның «Аруана-бауыр дүние»өлеңінің бір шумағын өлең құрылысына талдаңдар.

3топ. Әр топ жасаған жұмыстарын қорғайды. (15 минут)

Сергіту сәті. Балалар дөңгелене тұрып,123 санағанда бір-бірінің қолын қысып қалу керек.(2минут)

Сабақты қорыту. Оқушылар,Төлеген ақынның шығармалары-көркемдік дәрежесі жоғары,идеялық-тақырыптық мазмұны кең,өзіндік бояуы қалың,бағалы қазына іспеттес.

Ақын Мұқағали Мақатаев «Төлегенге»деген өлеңінде:

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,

Қызарып батты ертеңгі шығатын күн,

Торғай – өлең шырылдап бара жатты

Аузында ажал дейтін сұрапылдың,- деп жырлапты.

Ендеше, шын ақынның өлеңдерін өз беттеріңше іздеп,тауып алып оқитындарыңа сенемін. (3 минут)

Бағалау.Топ басшылары тобындағы әр оқушыға жеке-жеке тоқталып бағалап өтеді. (2 минут)

Үйге тапсырма: «Туған жер»тақырыбына эссе жазып келу) (1 минут)

Стикержазу,жапсыру. «Екі жұлдыз,бір тілек» (2 минут)