Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы»

Қазақ әдебиеті 7 сынып    29.Х

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шәкірт ойы»

Мақсаты:1.Ақын өлеңін оқытып, мағынасын аштыру, талдату;

2.Өзіндік ой, пікір айтуға жетелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3.Өлең арқылы оқу – білімге үндеу, отансүйгіштіккке тәрбиелеу;

Сабақ түрі:шығармашылық сабақ

Сабақ әдісі:мәнерлеп оқу, «миға шабуыл», топтастыру, Венн диаграммасы, өлең құрылысына талдау, шығармашылық жұмыс, ой түйіндету

Пәнаралық байланыс:астрономия

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тест тапсырмалары, электронды оқулық

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың зейінін сабаққа аударып, даярлау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Сұлтанмахмұттың «Бір адамға» өлеңін жатқа айту

2.Тест тапсырмаларын беру

1.Сұлтанмахмұт қай ғасырда өмір сүрген?

А)ХІХ ғ. І ж.    Ә)ХХ ғ.Іж   Б)ХХІ ғ.Іж.

2.Ақын дүниеге келген жер

А)Қарағанды обл.   Ә)Ақмола обл.   Б)Көкшетау обл.

3.Арғы атасы кім?

А)Торайғыр    Ә)Тортай    Б)Мұқан

  1. «С.Торайғыров терең ойлы, ұшқыр сөзді, сұлу талғамды ақын еді» деп жазған адам кім?

А)Ы.Дүйсенбаев     Ә)Б.Кенжебаев    Б)С.Жиенбаев

5.Ақын жырлаған негізгі тақырып не?

А)оқу – білім    Ә)мал жию    Б)байлық

6.Ақын өлеңі

А) «Екі шыбын»     Ә) « Тарланым»    Б) «Оқып жүрген жастарға»

7.Ирония деген не?       (жабық сұрақ)

8.Сатира деген не?        (жабық сұрақ)

9.Ақын романы

А) «Қалың мал»     Ә) «Қамар сұлу»   Б) «Жаралы жүрек»

10.Поэмаларын атап жаз    (жабық сұрақ)

Негізгі бөлім.

Сергіту сәті. Оқушылар орындарынан тұрады. Оқушылар қимылмен бейнелейді.

1.Тегіс жолда келеміз деп елестетіңдер

2.Енді сазды, балшықты жерде келесіздер

3.Өзенде жүзіп келесіздер

4.Енді қолдарыңа дүрбі алып қараңыздар (Экранда Қазақстан бейнеленген карта шығады)

5.Нені көрдіңіздер?      —  Қазақ елін

—   Баянауыл аймағын

—   С.Торайғыровты

Тапсырма   Ақынға арнау (Өлең шумақтарының соңғы сөздері берілген. Сол сөздерді ұйқастырып өлең жазу)

 

———————   арнаған,

———————   бар адам.

————————————

———————    тараған.

 

Бүгінгі танысатынымыз С.Торайғыровтың келесі шығармасы «Шәкірт ойы»

1.Өлеңді мәнерлеп оқу

  1. «Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау

Шәкірт нені армандады?    Елдің жүрегі неге мұздаған?  Ол неге жұлдыз емес, Күн болғысы келеді?

3.Физика пәнінің мұғалімі астрономиялық тұрғыдан жұлдыз бен Күн туралы ғылыми түрде түсінік береді.

4.Топтастыру  (оқушылар тақтаға жазады)

 

 

 

Шәкірт
Ілім – білімге құштар
Надандықпен күреседі
Еліне адал қызмет еткісі келеді
Қараңғылықтан құтқаратын Күн болуды армандайды

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Менің ойым» ой түйін жасау

6.Венн диаграммасы арқылы ортақ қасиетін табу

Өз халқын сүйеді, еліне адал қызмет еткісі келеді.

Шәкірт ойы
Менің ойым

 

 

 

 

 

7.Өлең құрылысына талдау

Қараңғы қазақ // көгіне//

Өрмелеп шығып // күн болам!//

Қараңғылықтың // кегіне//

Күн болмағанда,// кім болам?//

Мұздаған //елдің жүрегін//

Жылытуға // мен кірермін//

3 шумақ 6 тармақ 2 бунақ 8 буынды өлең

Бекіту

«Менің арманым»   ой толғау

Үйге тапсырма

1.Өлеңді жаттау

2.Ақын шығармашылығы туралы қосымша деректер әкелу

  1. «Орны отайып көгерді, Ақын арманын ел көрді» шығарма жазу

Бағалау

 

Қорытынды

Ж.Баласағұни  «Біле бер, қанша білсең тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле — біле» деген сөзін әрқашан естеріңе сақтап, білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып, Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.