Кештің тақырыбы: «Жыр – менің жалғыз тарланым»

Кештің  тақырыбы:  «Жыр – менің  жалғыз тарланым»

Мақсаты: қазақтың ақын қызы Ф.Оңғарсынованың «Маржан»поэзиясымен тілдесу. Ақынның өміріне қысқаша шолу жасай отырып, өлең-жырларын оқушыларға жаттатып, білімдерін одан әрі шыңдауына үлес қосу. Оқушылардың еліміздің табиғатына, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

Көрнекілігі: Фаризаның  суреттері, таырып жазылған плакат, өмірі туралы слайд,шармен безендіру

 

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым!
— Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал дарынды қазақ қыздарының бірі Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жыр – менің  жалғыз тарланым» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:

Бүгінгі кешіміздің мақсаты: Атыраудың ақын қызы — Фариза Оңғарсынованың   өмірі мен шығармашылығымен танысу, оқушылардың поэзияға деген кызығушылыктарын арттыру, акыннын ipілігі мен парасаттылығын айкындай тусу.

1-Оқушы: Альбина     ЖАҚСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖЫР

Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама,

шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға,

ызғар сіңген жеріме шуақ керек,

мұқтаж оған ауыл да, астана да.

Сәулеңменен себеле үміт демін,

жер бетінен жылыссын күдіктерім.

Адамдардың сатқындық, сұмдығынан

қалжыраған жерімді жібіт менің.

Күңгірттенбей, көтерсін шыңым басын,

қарттарымның ұзартқын ғұмыр жасын.

Қорқыныш пен үрей жер кеуделерде,

қу бәрін де – соңына бұрылмасын!

Кетсін тағы шарықтап алысқа үнім,

қонақтасын ырыс пен табыс күнім.

Ұл-қыздары көтерсін қол ұстасып

қазағымның елдік пен намыс туын.

Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,

жүректерді жүрекпен жалғастырып.

Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –

ынтымақтан туындар бар жақсылық
1-жүргізуші:   Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен.

2-жүргізуші: 

1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.

1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.

1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы болып істеген.

1978-1996 жж — республикалық «lino-Hep» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы.

Фариза Оңғарсынова — қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты (1996-2004).

 

Қазақ  биімен   сахнада  10-сынып қыздары

 

1-жүргізуші:

Ақын – өз  заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия.

Көңілді, жайлы күнімді,

Азапты қайғы мұңымды

Өзімменен бөліскенің  үшін

Қатем мен жеңістерім үшін

Менің мынау қиындау тағдырым болып

О,баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем! – деп толғайды.

2-жүргізуші:

 Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. «Маңғыстау монологтары» ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері «Мазасыз шақ», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Шілде», «Сенің махаббатың», «Дауа» сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда әршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған әр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.   Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады.

 

2-оқушы: Гаухар               Мен сені қызғанамын                                  

Мен сені қызғанамын,
жалт етіп қарағанынан емес қыз баланың,
мен ешқашан қызғанбадым қызға, жаным.
олар менің қашан да ақ тілеушім ғой,
байбалам сап несіне сызданамын.
Көкірегіңде мен тұрып, шамаң жетсе
басқа жұртқа мейлің сен жүз қарағың!

Мен сені қызғанамын,
бәз біреулер өктемсіп, басынғанда
(өктемсушілер көбейді, ғасырдан ба?)
доспын дейтін жігіттер бірге отырып,
сенен сырын қулықпен жасырғанда.
Осылардың бәрі оқ боп қадалады
Сені нәзік сүйетін ғашық жанға.
Мен сені қызғанамын,
қадіріңді біреулер білмегенде,
сені сырттай көре алмай, күндегенде,
өзің жайлы орынсыз мысқыл айтса
қаным қайнап кетеді бұл денемде.
…Осыған да шүкірлік — пақырлық қой,
Қызғанышсыз, махаббатсыз күн көрем деу

 

1-жүргізуші:   ән «жақсы  көру»  сахнада   Нұрадинов Жанасыл

3-оқушы: Айнур

Фаризаның   мінезі (Сәулеш  Шәтенова)

 

1-Жүргізуші:

Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді.

4-оқушы: Аманда

                  Жастар ойсыз

«Жастар ойсыз, жөн-жосық білмейді, — деп,-

миларына салт-дәстүр кірмейді көп,

біз кеткесін бұл дүние не болар»,- деп

уәйім жейміз, күздегі гүлдей жүдеп.

Білгісі кеп құлшынып тұрса да ұлан,

айтарымыз баяғы бір сарын ән,

даналықты күтеміз, жастың бәрі

өнеге алып туғандай құрсағынан.

Ақсақал жоқ ақылмен табындырар,

ағалар аз айтқызбай жаныңды ұғар.

Бара қалсаң жәй айтып алдарына,

«Өзің білмен» аяқтар әнін бұлар.

Сөйте тұрып жастарды кінәлаймыз,

кінәлауға келгенде кіл Абаймыз.

Көңілі қалып үлкеннен біржолата

қол үзеді бозбала, құралай қыз.

Болашаққа жастармен жалғанар із,

жастық жәйлі тарихта қалған аңыз.

Ұрпақтардан тамырды үзіп алып,

адам неге азды деп таңданамыз.

 

Күй «Көроғлы»  орындайтын  Өткелбай Балмекен

2-Жүргізуші:

Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл- күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры

5-оқушы:  Жансая

          ПЕРЗЕНТ СӨЗІ

Әкем – менің тәңірім, пайғамбарым,

ұмтылатын биігім, сайран бағым.

Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,

біліп алған, япыр-ау, қайдан бәрін?!

Күшті де жоқ дәл ондай жер бетінде,

сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!

Батыр, дана сол ғана. Асығамын

әкеме ұқсап тезірек ержетуге.

Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен

көріскенде қуаныш шашты денем.

Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,

анашымды әкемше жақсы көрем.

Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,

хандардың да қалпағын әпермедім.

Әділ шешім айтатын барлық істе

біздің үйде бас қазы — әкем менің.

Әкем барда, арқам кең, жоқ алаңым,

бәрі орнында: шаруаң, қора, малың.

Төрт жағымыз құбыла. Мен өскенде

қиындау-ау әкемдей бола аларым.

6-оқушы:  Іңкәр

Анама

Кеудеңде мені тербеттің,

жас шыбық енді көктеді.

Мінеки, мен де ержеттім,

еңбегің бекер кетпеді.

Өмірде мынау ең жақын

Аяулым сенсің, анашым!

Болмаса мейлі зор даңқың,

мен үшін бірақ данасың.

Мейірім төккен нұр жүзің

тұрғандай сезем жанымда.

«Адал бол,- деуші ең,- жұлдызым»,

сақталды сөзің жадымда.

«Игі еңбек түбі осы-ау», — дер

көргендер жеміс ағашын.

Қартаймай, мәңгі жасай бер

мәңгілік Күндей анашым!

 

1-Жүргізуші:

Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: «Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы», – дей келе:

өз-өзіммен өртеніп барам жанып,

Жүректен жас ағады тарамданып.

Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,

Ақтарылар алдыңда саған барып.

Жасқа ғана толады жанар налып,

Мен үшін тұр дүние қараң қалып, –

деп, әйелдің мұң-қайғысын сыр ғып шертеді

 

 

7-оқушы:  Теңес

Әйел
Ей, адамзат!
Қара жерге гүл еккен,
Қара орманды күл еткен!
Тыңда менi жүрекпен!
Тыңда менi, сан жұрттар!
Кең әлемде кеуделерде тарлық бар,
тұтастық бар, қалдық бар,
бар әлемде, қара жердiң бетiнде
соғыс жайлы жарлықтар.
Дүниеде ұзын қолды үстем бар,
шарасыз бір күштер бар,
махаббат бар, құрлықтар бар, түстер бар.
Жанартау бар, жарылу бар, дүмпу бар,
Сәндi үйлерде күңкiл бар.
атпай, аспай құрту бар.
Адалдық бар, мейiрiм бар, зорлық бар,
қайратыңды қайнатады қорлықтар.
ұлылық бар, даналар бар, мұрат бар,
шың аталған қырат бар.
Бiрақ соның бәрiнен
биiк тұрған бiр күш бар,
дидарына Жер де құштар, Күн құштар:
ол – нәзiктiк,
мәңгi шуақ, нұры – қүт,
сарқылмайтын жылылық,
ол тiрлiктiң қуаты –
ӘЙЕЛ атты ҰЛЫЛЫҚ!

2-Жүргізуші:

Ән: Қыздар-ай орындайтынҚатарбаев  Нұрғазы

Ажары көктемдегі ашық таңдай,

жарқырап жанарыңды жасытқандай.

Еркелеп, мың бұралып назданғанда,

қай жігіт тұра алады ғашық болмай?!

Қайырмасы:

Әй, қыздар-ай,

гүлдейсіңдер,

жүрмейсіңдер

ғашық етпей!

Сендерсіз өмір бізге

ұқсайтын қоңыр күзге

қасіреттей.

Әй, қыздар-ай,

сендерсіз жүреміз

біз қалай?!

Дүниеде қыз жүрмесе сылаң қағып,

өмірің кетер еді-ау тұманданып.

Жігітке ғашық болмай жүру – күнә,

қу қыздар, асқақтайды мұны аңғарып!

Қайырмасы

 

8-оқушы :  Жансұлу                   ҰСТАЗ

Заводта болсаң, күнбе-күн

көрінер еді табысың.

Дәрігер болсаң, түрлі емің –

сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің

өзгеше тіпті басқадан:

ол — өзін арнап ел үшін

осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам – елдің тірегі,

байлығы туған халықтың,

шапағын шашар үнемі

көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің,

тағдырын ойлап толғанып.

Әр үйдің бір-бір еркесін

үйреттің өзің қолға алып.

ұстазсыз жанда сөнбек күн,

шәкіртсіз өмір – сусыз жер.

Көрінбес ғажап еңбектің

бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,

жанымнан жалын жігер күт.

Ұстазым, сенің әр күнің,

әр сәтің тұрған бір ерлік

 

9-оқушы: әділет  

Әкеме

Әкем біреу, анам да біреу менің,

Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.

Олар барда мереке, көрген емен

Қабақтарын шытқанын, түнергенін.

Менің досым әкесін жек көреді,

«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,

Жамандайды сыртынан, тістенеді,

Бір-біріне бітпейді өкпелері.

Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,

Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,

Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,

Жақсы әкесін бере ме басқа бала.

Әке – білек, саусағы – балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары,

Ана — тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады.

 

Көрініс :  «Жетімнің монологы»  Басты рөлде  Қатарбаев  Нұрғазы

 

1-Жүргізуші:

Фаризаның өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар.

 

2-Жүргізуші:

Шынында осындай  тапқыр да сұлу тіркестерді тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді.

 

10-оқушы:  Исатай                     АЛҒАШҚЫ СЕЗІМ

Сыбырлай сүйіп самал жел,

толқытты жанда несіне?!

Жұпарын шашып көгал бел,

шақырды кімді төсіне?

Өзенге әсем өң беріп,

жас қайың жайнап өсуде.

Жағада қайық тербеліп,

күтеді кімді есуге?..

Мүлгиді неге жас тал да,

күткендей ынтық сырларды?

Алтын ай қалқып аспанда,

айналам неге нұрланды?!

Құшағын кімге тұр ашып,

айлы түн мұнша сағынып?

Самалға тек қыз сыр ашып,

аңсады кімді жабығып?

Арманға толы жас жаны

тіледі кімді елжіреп?

Ұқпайды неге басқаны

өзімшіл асау өр жүрек

 

 

 

11-оқушы:  Ақтолқын

Ұйқыда теңiз,
албырап жатыр арулардай құлпырып,
Дүние-ай, қанша сұлулық деген,
Нәзiктiк деген тұр тұнып!
әшейiндегi арман боп жүрген аспан да
Бүгiн қас қақпай
Телмiрiп тұрды ынтығып.
Мен тұрдым сонда
Алапат ойдың толқындарына мың батып,
Көңiлiмде бiр сәт қол жетпестерге
Жанымның күйiн тыңдатып.
Қарсы ағыстарға құлашты
сермеп кеттiм мен,
Қалғып кетпесем – бұл бақыт!

12-оқушы: Меруерт

Телефон шыр етедi:
Сонда менiң жүрегiм дiр етедi,
Көйлегiмнiң желбiреп гүл етегi,жүгiремiн.
Не пайда сен емессiң.
Тек қимылдау көңiлдi жүдетедi.
Кешке дейiн неше рет дiрiлдетiп
Мәнсiз, әрсiз, алаңмен күн өтедi.

Телефон, шыңғырсаң да,
Көтермеймiн ендi мен – қылғын, сарна!
Жүрегiме тыныштық бермей қойды-ау,
Төбесiнен бiр ұрып сындырсам ба?!
әне тағы… сенi ме!
қоңыр дауыс!
Трубканы сүйiп мен тұрдым сонда.

 

1-Жүргізуші: Ән КӨҢІЛ НАЗЫ        орындайтынТлепова  Қымбат—-

Жүрегіңде бір зіл бар үндемедің,

мұнар жауып көзіңнің нұр желегін.

Тым болмаса айтсаңшы – біреуде ме,

тағдырда ма, менде ме – кімде кегің.

Қайырмасы:

Телефоны құрғырың үндемеді,

оятпады мазалап түнде мені.

Шырт ұйқыдан тұрғызып сүйіктім кеп

Қалқатайым, кетеміз, жүр демеді, жүр демеді.

Әлде батып кетті ме сөзім менің,

әлде сенше жоқ па еді өзіңде мін.

Бұрынғыдай жарқ етіп қарамайсың,

түсіне алмай түнімен көз ілмедім.

Қайырмасы.

1-Жүргізуші:

.Жыр жазбасам жабығам,

Онсыз маған дүние жел өтіндей,

Жұрт ұқпайды жүрем  мен неге күлмей,

Ал сен болсаң қайрайсың, құлшынтасын,

Содан саған бір пайда келетіндей.

 

2-жүргізуші

Мен бір қызық адаммын

Қатал тағдыр сілкілеп мың санаған,

Құлап тұрып сонда да тыншымаған,

Жұртқа деген ызадан булыққанда

Сені орынсыз азаптап, ұрсып алам.

Сен – асқақсың, білемін

Маған ғана иіліп кешіресің

Иілуде бүгінде кісіге сын.

Қуаныштың мен үшін не екенін

Бұл жалғанда сен ғана түсінесің

 

1-жүргізуші:

Ф.Оңғарсынованың өлеңдері – Каспийдің алапат толқынындай айбынды,аққуларындай пәк,туған даласындай кең,аруанасындай маңғаз,күніндей ыстық,тауларындай асқақ.

2-жүргізуші:

М.Мақатаевтың  «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз»

Сахнада   Сатыбалиева  Айжарқын

 

1-жүргізуші:

Бүгінгі кешімізді  қорытындылай келе   сөз  кезегін    мектебіміздің әдіскері  Кибасова  Насима апай мен  Абдикадирова  Камшатқа   ұсынамыз