Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…

 

Сабақтың тақырыбы: «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай

отырып, оның пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне көздерін жеткізу, даналық сөздеріне талдау жасату, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу;

Дамытушылық:  оқушылардың ой еркіндігін, байқампаздығын,

эстетикалық сезімін ояту, сөйлеу мәдениетін дамыту, талдау жұмыстарына дағдыландыру, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу;

Тәрбиелік: оқушыларға ойшыл ақынның даналық сөздерін оқытып,

жалпы тіршілік атауының тұтастығын түсіндіріп, әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, егеменді еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты жетілген адам атына лайықты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс сабағы.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондлы оқулық, ақын

ұрпақтары туралы альбом, ақын жайлы жазылған құнды пікірлер, кітап көрмесі, т.б.

Оқыту формасы: бірлескен ұжымдық іс-әрекет.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ой бөлісу, қосымша білім көздерін

насихаттау арқылы өздігінен білім алуға баулу.

Кіріспе: Қонақтарды Абайдың  ‘’Көзімнің қарасы ’’ әнімен қарсы аламыз. Орындайтын 11- сынып оқушысы Үкеш Жарас

1-жүргізуші: Асыл сөзді іздесең ,

Абайды оқы, ерінбе !

Адамдықты көздесең,

Жаттап оқып, тоқы көңілге! –деп  Сұлтанмахмұт айтқандай,

Абай-туған халкының, болашақ ұрпақтың тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы. Олай болса, Абай өмір сүрген кезеңге көз жіберейік.

Ұжымдық: ’’Абай-қазақ поэзиясының асқар биігі’’. Абай поэзиясы  махаббат, сүю, сүйіспеншілікке толы поэзия. Ақынның қай туындысы болмасын, оның алтын арқаулы болып Адам тұрады, адамға деген махаббат тұрады. Ақын поэзиясында толық адамның бейнесі тұрады.

Автор орындығы стратегиясы: Ортада Абай. Болашаққа өсиет айтып тұрған кейіпте. Музыка естіліп тұрады. Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен даналық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Өлім мен  өмір, адам жанының қырлары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз. Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, қонақтар, «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…» деп аталатын кешімізді бастаймыз.

2 -жүргізуші:

Абай- дана, ғұламасы елімнің,

Абай ақын, мақтанышы жерімнің.

Абай атты бір данышпан болмаса,

Ақ- қарасын кім айырмақ өмірдің?!

1 -жүргізуші:

Сүйсінемін жазғанын оқығанда,

Абай сөзі бағдаршам оқырманға,

Адасатын адамдар болмас еді,

Абай ойын кеудеге тоқығанда.

2 -жүргізуші:

Ол жалғыз ақындықты меңгермеген,

Ақылына еш мықты тең келмеген.

Ресей елі Пушкинмен қатар қойып,

Ескерткішке жай барып сенделген.

1-жүргізуші:

Абай өмірі, еңбегі, хронологиясымен танысайық. «1845 жылы Абай Құнанбаев Семей облысы, қазіргі Абай ауданының Шыңғыс тауда дүниеге келген. 1855 жылы Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған. 1859 жылы 14 жасында сықық өлеңдер шығарады. 1865 жылы Абай 20 жасында от тілді шешен халық өмірі мен әдебиетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Абай білімге ден қойып, араб,парсы, түркі тілдерін үйренеді. 1875 жылы                       30 жасында атағы шыққан білікті адам болды.1904 жылы Абай Құнанбаев 60 жасында Семей уезінің шыңғыс болысында дүниеден өтті. 1909 жылы Абай Құнанбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы басылып шыққан.

Ендігі кезек 9сынып оқушыларына береміз. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу.

2-жүргізуші:

Әр сөзің өнеге ғой ұрпағыңа,

Теңеймін мен өзіңді биік шыңға.

Арманым болмас еді бұл өмірде,

Сіз секілді кіре алмас жыр бағына.

1-жүргізуші: Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

Орындайтын:

2-жүргізуші:

Біз Абай дегенде ішкен асымызды  жерге қоятын халықпыз. «Абай- дана, Абай- дара» деп текке айтылмайды. Қазақ үшін Абай Құнанбаевтың орны бөлек. Өйткені, абыз ақын, туған тілін қастерлеп, сынап өтті. Оның 45 қара сөзі көптеген өлеңдері мен әңгімелері, әндері бүгінгі таңға дейін мәнін жойған жоқ. Қазақ халқы барда  жоймақта емес. «Көктем», «Жаз», «Күз», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай»әндері ерекше. Орыс тілінен аударған аудармалары бар. Дана Абайдың еңбектерін оқып, қастерлеуіміз керек.

1-жүргізуші:

Абай өлеңдері сегіз қырлы,

Жұмбағына бойладым мың бір сырлы.

Жалықпаймын оқудан өлеңдерін,

Сіңіп жатыр санама сәуле нұрлы.

Ендігі кезек Абай қарасөздеріне беріледі.

2-жүргізуші:

Абай-жаны- құбылыс, мәңгі жұмбақ,

Бізден ұлы Абай биік тұрмақ.

Сөздеріңді ұран ғып алды алашқа,

Ұрпақтар жалғастырар мәңгі жырлап.

1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

Абай атамыз айтқандай кезекті әнге берейік.

Ән:

Орындайтын:

2-жүргізуші:

Дара тұлға, ғұлама, ойшыл ақын,

Болсам ғой сонда мен сізге жақын,

Ерінбей-ақ үйренер ем өмір сырын,

Адамның жақсы менен жаман затын,

1-жүргізуші :

Көркемдігін суреттеп табиғаттың,

Сынға салдың істерін адамзаттың.

Болашаққа сыншыл реализм әкелген,

Шарықтап биікке Абай атың.

2-жүргізуші:

«Адай» күйі, орындайтын: 7 «б» сынып оқушылары Утюген Гулнар мен Алдабергенова Жансая

1-жүргізуші: Қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңыздар!

ІІ бөлім. «Әдеби кеш»

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді.

/Абай мен Тоғжанның кездесуі/

2-жүргізуші: Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі.

1-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, — деп төрелігін өзі

шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді демекші бүгінгі «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін…» атты әдеби кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.