Соғыс және балалар тағдыры
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Соғыс және балалар тағдыры
Сабақтың мақсаты: 1. Шығарма мазмұнын талдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, талдау жасату арқылы терең түсінік беру 2. Ой қорытындысын жасау, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, кейіпкердің жан-дүниесіне бойлау, түрлі әдістер арқылы ойлау қабілетінің дамуына ықпал жасау 3. Оқушылардың ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік бере отырып, ел басына түскен қиындықта шыдамды болып, елінің қалқаны бола алуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Талдау жұмыстарына байланысты міндет: шығарма мазмұнын басшылыққа ала отырып, талдау жасау дағдыларын жетілдіру, кейіпкерлер іс-әрекеттеріне баға беру.
- Технология қолдануға байланысты міндет: сабақтағы аталған технологияны элементтерін кейіпкерлер болмысын ашуда тиімді пайдалану.
- Топтық міндет: топта ұжымдаса әрекет етуге, бірін-бірі үйретуге баулу.
Сабақтың қаншалықты сәтті өткенін қалай білемін?
Сабақ біткеннен кейін оқушыларға рефлексия жазғызамын.
Сабақ барысында бағалаудың қандай түрлерін пайдаланамын және бұл процеске оқушыларды қалай тарта аламын?
Оқытуда «ашық журнал» бойынша бағалауды қолданамын. Сол бойынша оқушылар өз-өздерін бағалайды.
Оқушылар сабаққа белсенді тартылғанын қалай біле аламын?
Топтық жұмыстың орындалу деңгейін бақылап отырамын, әр топтағы балалар қарым-қатынасын қадағалаймын, ойларын тыңдап, сұрақ қойғызамын.
Сабақ кезеңдері | Көрне- кіліктер | Әдіс-тәсілдер | Жұмыс түрі | Тапсырмалар. Оқушылармен жұмысы | модуль | ||||
Кіріспе | Жұмсақ ойыншық, ашық бағалау үшін плакат | «Шаттық шеңбері» Мәнерлеп, образға кіріп оқу.
| Жағымды психологиялық ахуал орнату, топқа бөлу.
| § Сыныппен қалай сәлемдесемін? Сыныпқа кірген балалармен жылы шыраймен сәлемдесіп, жағымды орта қалыптастыруға тырысамын. Оқушыларды ортаға шақырып, шеңбер құрып тұрғызамын. Жақсы тілектерді орындайтын жұмсақ ойыншықты бір-бірімізге беріп, жақсы тілектер тілейміз. § Оқушыларды өз топтары бойынша орналастырамын. § Бағалау туралы балаларға түсіндіремін. Ол үшін балаларға жұлдызшалар, төртбұрыштар және үшбұрыштар таратылады. Әр кезең сайын дұрыс жауап берген бала немесе топ мүшелері тақтаға ілінген ашық журналдағы өз фамилиясының тұсына апарып жұлдызша іледі. Кезеңдер: «ой шақыру», сыни сұрақтар, «Алты қалпақ» стр., РАФТ § Үй тапсырмасын сұрау. Үйге жаттауға берілген ертегіден үзіндіні образға кіріп, мәнерлеп айтып береді. Мұнда зерттеуге алған оқушыларға баса назар аударамын. БАҒАЛАУ. Тақтадағы бағалау плакатына өз жауаптарын бағалап, есімінің тұсына тиісті фигурасын жабыстырады. |
3-модуль бағалау | ||||
Тұсаукесер | Интерактивтік тақта, тұсаукесер т.б. Бағалау фигуралары | Өзі оқи отырып, өзгені оқыту; «Ой шақыру» | Дарынды баламен жұмыс, сабақ мақсатымен таныстыру | § Сабақты қалай бастаймын? «Ой шақыру» (Дарынды балаға өзін-өзі реттеу бойынша «Соғыс және қазақ ауылы» тақырыбында жұмыс жасап келу тапсырылған. Оқушы сол жұмысымен таныстырады) Оқушы соғыс туралы оқушылармен пікір алмасып, сол кезеңдегі ауылдағы ауыртпалықты, тыл еңбеккерлері туралы мағлұмат береді. БАҒАЛАУ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
| 5-модуль Дарынды балалармен жұмыс
4-модуль АКТ
| ||||
Негізгі бөлім | Түрлі-түсті қалпақтар, плакат (қажетіне қарай), бағалау фигуралары | Топтық оқыту, «Алты қалпақ» стратегиясы, сыни сұрақтар, диалог-зерттеу | Шығармаға мазмұндық-тақырыптық талдау, кейіпкерге жан-жақты талдау
| 1. Шығармадағы көтерілген негізгі мәселе. Сондай-ақ тағы қандай мәселелер көрініс тапқан? 2. Автор шығарма арқылы бізге не көрсеткісі келді? 3. Шығарманы оқығанда қандай көңіл-күйде болдың? 4. Соғыс жылдарындағы ауыл көрінісі қалай бейнеленген? 5. Соғыс жылдарындағы балалар тағдыры туралы не айта аласыңдар? БАҒАЛАУ ІІ. «Алты қалпақ» стратегиясы (Сұлтанмахмұт бейнесін талдау) 6 оқушыдан тұратын әрбір топқа түрлі-түсті қалпақтарды таратамын. Ақ қалпақтарды өзгелерге қарағанда жасы кіші оқушыларға беремін. Себебі бұл қалпақтың тапсырмасы басқа қалпақтың тапсырмаларына қарағанда жеңіл. Қалпақтардың тапсырмасы: Ақ қалпақ (деректер). Сұлтанмахмұт өмірінен нақты деректерді келтіреді. Қара қалпақ (сыни баға). Сұлтанмахмұттың бойында саған не ұнамайды? Сары қалпақ (позитив). Сұлтанмахмұт саған несімен ұнайды? Қызыл қалпақ (сезім). Сұлтанмахмұттың басынан өткен іс-оқиғаларды оқығанда, талдағанда қандай сезімде боласың? Жасыл қалпақ (креатив). Сұлтанмахмұттың оқиғасын қалай аяқтар едің? Көк қалпақ (анализ және синтез). Сұлтанмахмұттан қандай үлгі аламын? Әрбір топтағы қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ түсті қалпақ киген оқушылар келесі топтағы түстес құрбыларымен бірігіп берілген сұраққа жауап іздейді. БАҒАЛАУ. | «Қалай оқу керектігін үйрену», «Серіктерімен сұхбаттасу» (1-модуль) 6-модуль (жас ерекшелігіне қарай сұрақ) Сын тұрғ.ойлау(2-модуль) бағалау (3-модуль)
| ||||
Қорытынды | Плакат, бағалау фигуралары | РАФТ
рефлексия
| Сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс тақырыпты қорыту, сабақты қорыту,
| Сабақты қорытындылау РАФТ стратегиясы
БАҒАЛАУ.
Үй тапсырмасы. Шығармаға пікір жазу.
ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ. Оқушылар мұғалімнің бағалау плакатындағы фигуралар арқылы қорытынды бағасын шығарады.
РЕФЛЕКСИЯ — Топта өзара жұмыс істеу сендерге ұнады ма? — сабақта нені өзгерткілерің келеді? — келесі сабакта топ мүшелеріне қандай ұсыныс айтасың?
|
Сын тұрғ.ойлау (2-модуль)
бағалау (3-модуль) |