Абайдың қарасөздері

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері

Сабақтың мақсаты: Абайдың қарасөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып түсінеді.

           Міндеттер:

*Мазмұнға байланысты міндеттер:

* Қарасөздердің мазмұнын ашады.

* Қарасөздерді өлеңдерімен салыстырып, айырмашылықтары мен  ұқсастықтарын           сипаттай алады .

* Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндет:

* Қарасөздерді оқып, негізгі ойды табады.

* Мазмұнын ашып, айтып бере алады.

* Өлеңдерімен салыстырып, қорытынды жасай алады.

* Топтық жұмыс процесіне байланысты міндет:

* Бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін

көрсете алады, өлеңмен салыстырады, қорытынды шығарады.

 

Сабақтың барысы: 

  • Қызығушылықты ояту

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

1.Абай өміріне байланысты  сөзжұмбақпен  жұмыс.

2.Топтастыру .

 

 

 

 

 

 

 

  • Мағынаны таныту

Жаңа тақырыпты меңгертуге бастапқы қадам.

* Мұғалімнің кіріспе сөзі.

…Абайдың  қарасөздерінің тақырыбы әр алуан. Оның бәрін бір сабақта қарастыру мүмкін емес. Бүгінгі сабағымызда негізгі Абайдың 3 тақырыпқа топтастырылған қарасөздері мен оған тақырыптас өлеңдеріне тоқталамыз (әлеуметтік болмыс туралы ой толғамдары,адамның мінездері, ғылым,өнер жайындағы ой пікірлері).

  1. «Жүрек» тобы: әлеуметтік болмыс туралы ой толғамдары
  2. «Қайрат» тобы: адамның мінез-құлық, ерік- жігері туралы ой толғамдары
  3. «Ақыл» тобы: білім, өнер, ғылым, қоғам жайлы ой пікірлері
  4. «Ғылым» тобы: қарасөздерімен мәндес, мағыналас өлеңдеріне талдау

 

«Жүрек» тобы  әлеуметтік болмыс жайындағы қарасөздеріне талдау жасайды.

«Ғылым» тобы осы қарасөздеріне мағыналас өлеңдеріне талдау жасайды.

 

«Ақыл» тобы  білім, өнер, ғылым, қоғам жайлы ой пікірлеріне талдау жасайды.

«Ғылым» тобы «Интернатта оқып жүр» өлеңі бойынша талдау жасайды.

Ақын ғылым жайлы қарасөздерінде «Оқу керек,оқығанды  көңілге тоқи білу керек. Оқып-білім алу үшін әуелі талап керек» десе,  38-сөзінде  «Білімсіздік хайуандық болады. Надандық-білім-ғылымның жоқтығы. Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады» дейді.

Адамда кездесетін осы мінездер жайлы «Қайрат» тобының мүшелері сөйлейді. «Ғылым» тобы мағыналас өлеңдеріне талдау жасайды.

Мұғалім: Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Ақынның гуманистік идеясы тек өлеңдерінде ғана емес қарасөздерінде де көрініс тапқан. Абай- өз заманының биік парасат иесі ғана емес бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де оң бағыт берген биік тұлға.

 

  • Екі түрлі түсінік күнделігі. (стратегиясы)
Мәтіннен үзіндіПікір

 

, Бірнеше оқушы өз пікірлерін оқиды.

 

  • «Қарасөзге» бес жолды өлең.

сын е       сын е

ет        ет      ет

сөз тіркесі (4 сөз)

 

  • Соқтықпалы, соқтықпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан Абай есімі ешқашан өлмек емес. Абай тірі, өйткені оның шығармалары мәңгі жасай бермек.

 

  • Сауаттылық хаты.

Абай атамызға хат жазып көрелік.

Бірнеше оқушыға хаттары оқытылады.

 

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын коп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

деп ақын өзі жырлағандай, артына өлмес мұра қалдырған Абай есімі өлмек емес.

Қазақ жерінің ақыны,  данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ, Абайы бар елдің мерейі үстем.

 

  • Кері байланыс парағын тарату.

Оқушыларды бағалау.