Сабақтың тақырыбы: «Ш.Уәлиханов»
Сабақтың тақырыбы: «Ш.Уәлиханов»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ш.Уәлихановатың өмірі мен шығармашылығын толықтай түсіндіру;
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Ш.Уәлихановатың өмірі мен шығармашылығын толықтай түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын,ой-өрісін, есте сақтау қабілеттңрін арттыра отырып, сөздік қорларын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, өз туған жерлерін сүюге, қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап,Венн диаграммасы,семантикалық карта;
Сабақтың көрнекілігі: ақпараттық тақта, суреті, Ш.Уәлиханов жайлы еңбектер, карталар;
Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру:
1) Оқушылармен амандасу, оларды түгелдеу;
2) Класс тазалығына көңіл аудару;
3) Сабаққа қатысымын қадағалау;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1.ХІХ ғ. ІІ-жартысындағы әдебиеті?
- Сол ғасырдағы әдебиет иегерлері?
- Сол кезде дамыған әдебиет жанрлары?
- Географиялық ашулары?
- Қоғамдағы алатын орындары?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Психологиялық тренинг:
«Өз-өзіме сенімдімін»
«Мен күшті және өз-өзіме сенімді адаммын. Мен барлығын жасай аламын, ештеңеден қорықпаймын».
Оқушыларға Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отыра мынандай кесте толтыртамын:
№ | Жылдары | Болған оқиғалары. |
1 | 1835 жыл | Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. |
2 | 1847-1853 | ? |
3 | 1852 | ? |
4 | 1853+1857 | ? |
5 | 1864 | ? |
6 | 1865 жылы | 10 сәуірде дүниеден өтті. |
Мына кестені оқушылар өздері толтырады.
Осыдан соң оның орыс достарымен біріге ашқан географиялық ашуларына үлкен ден қоя отырып Венн диаграммасын толтырту:
Шоқанның ашулары Орыс достарының ашулары
Осы кестені толтып болған соң географиялық картадан көрсету.
ІҮ.Сабақты бекіту:
Семантикалық карта.
Шоқанның шын аты | Қай жылы Кадет корпусында білім алды? | Генерал М.Г.Черняевтың жорығына қай жылы қатысты? | Дүниеге келген жылы? | Дүнеден өткен жылы? | |
1847-1853 ж. | + | ||||
1865 ж. | + | ||||
1835 ж. | + | ||||
Мұхаммед-Қанапия | + | ||||
1864 ж. | + |
Ү.Үйге тапсырма: Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік айту.
ҮІ. Сабақты бағалау: «5», «4», «3» бағаларымен бағалау;
ҮІІ. Сабақты аяқтау: Сау болыңыздар, балалар!