Ә.Кекілбайұлы «Бір шоқ жиде» повесі /шығарма/
Тақырыбы: Ә.Кекілбайұлы «Бір шоқ жиде» повесі /шығарма/
Ж О С П А Р:
I.Кіріспе:
Ә.Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығы
II.Негізгі бөлім: «Бір шоқ жиде» повесі
1/Ұрпақ жалғастығы
III.Қорытынды: Ә.Кекілбайұлының әлемі
-1-
Бала кезің ұлағат дана кезің
Тырнап ашқан сент едің дала көзін
Кәрі дала сан ғасыр толғантқанда
Маңғыстауым туа алған дарабозын-деп
С.Нұржан.
Мынау, кең байтақ, ғажайып қыр-сыры көп, тылсымы мол алтын құрсақ киелі Маңғыстаудың қасиетті, 362 әулие мекен еткен қара топырағынан талай жезтаңдай әншілер, күміс көмей жыршылар, қос ішекті шешен сөйлеткен күйшілер, қара қылды қақ жарған бай-көсемдер дүниеге әкелген киелі жер. Қасиетті Маңғыстаудың әрбір тасы тарихи шежіреге толы. Бұл маңғаз өлкенің сұлулығы мен кереметін ақындар жырмен жеткізе алмаса,әншілер әнмен сайрап жеткізе алмаған. Себебі, Маңғыстау күннен -күнге жаңарып, жасарып келеді. Маңғыстау топырағы болашақтан қара таспен тілдескен талай марғұландарды күтуде. Енді осы Маңғыстаудың ой-қырын кім зерттейді, ән-жырын кім жазады деп жүргенде, Мырзайырдың топырағынан Әбіш атты алып кемеңгер, ойшыл, дана, қарапайым сөзбен айтқанда осы бір ғажайып өлкенің қыр-сырын ашушы, яғни, өзгелерге туған өлкесін таныстырушы бір ұл дүниеге келген еді. Бүгінде есімін шартарап танып қана қоймай, ұлы алаштағы ұлылықты әлемге паш етіп жүрген жандардың бірі, ХХ ғасырдың қазақ халқына берген үлкен сыйының бірі- Әбіш Кекілбайұлы. өзінің жалын жырына қосып, мақтан тұтатын:
Шытыра аппақ шыңдары,
Шыр айнала қоршаған.
Бытыра сусыл құмдары,
Бұлтия шөккен ортадан.
Мырзайыр деген жер бар-ды,
Мен үшін жердің кіндігі- дегендей 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданына қарасты Мырзайыр құдығының басында қарапайым домбырашы отбасында дүниеге келіпті. Азан шақырып қойған аты-Артель. Арғы аталары туралы ел ішінде жағымды аңыздар мен әңгімелер бар. Жазушының әкесі Кекілбай ақсақал әдемі қоңыр дауысы бар, ақ жарқын, жылы жүзді, күйді нақышына келтіре ойнайтын кісі болған. Сөзімізге дәлел жазушының жас кезінде жазған мына өлең жолдары куә.
Көкемнің бармағынан бал саулады,
Осы ауыл талай тыңдап тауыса алмады.
Көп болды сол көкемді көрмегелі,
Күйіне біздің ауыл тамсанғалы
Соқтырған қыр өкпегін таң самалы,
Мен де іздеп ерке күйді тамсанамын.
Қаңсыған домбырада сездіріпті,
Бал бармақ күйші иесін аңсағанын-деген жыр жолдарын оқып отырып, жазушының халық өнеріне жақындығын, оны қадірлеп-қастерлейтіні өз ұясынан дарыған қасиет екені белгілі. Әкесі 1941 жылы соғысқа аттанып, сол кеткеннен оралмады. Анасы Айсәуле Таушықтағы көмір шахтасында жұмыс жасаған.кейін совхозда мал бағып, пішен шауып, құрылыс салып, сонымен бірге колхоздағы наухандық жұмыстарға белсене араласқан,1963 жылы баласы Алматыға көшіріп
-2-
алып кеткенше ауыр еңбек жолын бастан кешірген, өте қайратты, өте намысқой адам болған.Балдай тәтті балалық шағын жоқшылықпен, Ұлы Отан соғысына кеткен әкесін күтумен өткізді. Қатал тағдыр бала Әбіштің бұғанасын қатайтып, ерте есейтті. Бала кезінен өте зерек болған, мектепте оқып жүргеннен бастап баспасөз ( Сталин жолы газеті) беттеріне бірнеше ауыл өміріне байланысты мақалалар, шағын хабарламалар жіберіп тұрған. Жас кезінен қазақ даласының ұлан-ғайыр тарихын жадына сақтай жүріп, бүгінде, ұлы суреткерге, көрнекті қаламгерге, ойшыл кеменгерге, қоғам және мемлекет қайраткеріне, халық жазушысына айналды. Әбіш Кекілбайұлының қаламынан шыққан шығармалары қазақ баласын ойлануға толғануға, қайраттануға, айбаттануға, болашаққа үмітпен қарауға шақырады. Сонымен бірге, жас ұрпақты тарих қойнауына үңіле білуге, білім алуға, зерделі ой, салиқалы сөз айтуға жетелейді. Ол үнемі « қазағым болса екен, қазынасы толса екен» деумен келеді. Әбіш Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры»,«Елең-алаң»,«Үркер» сияқты тарихи романдары оқырманның ойын өсірсе, «Күй», «Шыңырау», «Бәсеке», «Ханша-дария хикаясы», «Құс қанаты», «Шетері үй», «Бәйгетөре» тәрізді хикаят повестері, әрлі де нәрлі әңгімелері әлем әдебиеті мен көркем ойының қазынасын молайтса, «Тасбақаның шөбі» адам қасеттерінің қалай дараланып ерекшеленетінін, заман адамдарының шынайы тыныс-тіршілігін әр қырынан көрсетіп, кімнің қай жерде биіктейтінін шынайы суреттейді.Ал,«Бір шөкім бұлт»,«Дала балладалары»,«Бір уыс топырақ» шығармаларында қазақ жерінің бір шөкім бұлты, шалқар даласы, таулары, бір уыс топырағын шығармаларға өзек етіп, шынай болмысын, керемет суреттесе, «Абылай хан» драмасы тәуелсіздік алған қазақ елінің жаңа әдебиетінің төлбасындай. Оның шығармалары орыс, неміс, венгер, болгар, чех, эстон, қырғыз,өзбек, татар т.б тілдеріне аударылды.
Әсіресе, жазушының «Бір шоқ жиде» повесін мұқият оқып шықтым.Оқи отырып тағдырдың тауқыметін тартып, жалғыздықтан жаны жапа шегіп отыран қарттың өміріне жаның ашыса, кейде өмірдің өзі қуаныш пен қайғыдан тұратынын түсінгендейсің. Шығарманың басынан аяғына дейін қазақи салт-дәстүрлерге өте бай екендігін, қазіргі кезде көп айтыла бермейтін көне сөздерді, мақал-мәтелдерді көптеп кездестіруге болады, өмірдің өзінен алынған шындық, міне, шығарманың құндылығы осында жатыр. Әбіш ағаның шығармаларының басы ауыр қиналыстардан тұрғанмен, ақиқаттың, шындықтың іздерін іздеп тапқан кейіпкерлерді көріп, риза боласың. И.А.Буниннің «Кім туралы айтсақ та бәрібір емес пе? Жер бетіндегі әрбір адамға бұның да қатысы бар.»-деген. Демек, бұл өмірде әрбір адам өзіндік орны бар емес пе?. Бұл повестеп дала төсіндегі қиыншылыққа толы, ешкімнің ала жібін аттамай, өзінің маңдай терімен адал өмір кешкен момын кәрі кісі Тілеудің өмірі туралы баяндалады. Ол туған жер алдындағы парыз бен қарызды, адам өмірі тым келте болғанмен, жер бетіндегі тіршіліктің мәңгі үзілмейтінін жақсы түсініп, адал өмір сүріп, ата-бабадан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді сақтап, тыныш өмір сүруді армандап, өмірдің құндылығы осы деп білетін тілеуқор кісінің өмірі айқын көрінеді.Повесте оқиға бірден басталмайды, қолынан бал таматын шебер, зергер Тілеу қарттың жетпістің сегізіне қараған шағында өмірден өтіп, жерленгенінен
басталады. Тұяқтың арғы аталары өте ділмар кісі болған, ел аралап жүріп бір бақсыға тілі тиіп, қарғысқа ұшырап, баласы тұрмайды. Аталары біршама ауқатты болғанымен, тірі ауылының саны төрт-бестен аспаған. Жас кезінде үлкендердің
-3-
қолына су құйып жүргендегі ақсақалдардан «Үбірлі-шүбірлі бол», «Бағың жансын», «Дегеніңе жет» дегеннен алғысын естігеннен басқа адам баласының алдынан кесе көлденең өтпеп еді. Дана халықтың «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» дегені есіне түсіп, өзін жұбатқандай болады. Алған алғысының қарымтасы осы болғаны ма? Кейде түсінде немерелері жан-жағынан топырлап, біреуі етегіне, біреуі жеңіне жармасып, тапқан таянғандары солардың несібесіне бұйырып о дүниелік болып кетсе атамыз-ау деп басына топырлап бір уыс топырақ салса, бұдан артық адамға не бақыт керек деп үнемі ойланып жүреді. Түсінде де сол қара домалақ немерелерін көріп, көңілі марқайып қалады, ал көзін ашса, сол баяғы тып-тыныш үй, айдаладағы үйдің шетінде байлаулы тұрған шабдары атынан басқа ештеңе көрінбейді. Мұның бәрін көргенде көңілі құлазып сала береді. Адам өмірде перзент сүйіп, соны қызықтап, өлгенде аруағыңды ырзалайтын перзенттің керектігін түсінеді. Кейде өзін жалғыз сезінгенмен артында Тілепалдысы барына, баласы тірі болса өсіп-өнетініне сеніммен қарап, өзін жұбатқандай болады, соған шүкіршілік етеді. Қыс та,көктемде келді. Тілеудің отау бөліп, қарамды көбейтем деп жүргенде жалғыз баласы Тілепалдысы соғыстан қайтпады, өзегі өртеніп, біреу омырауын шоққа қарып жатқандай күйге түсті. Енді түсінде көрген қобдиын шашып ойнайтын балалары жоқ екенін, төңірегіне қарап, көз тоқтататын ештеңе жоқ, бәрі адыра қалғанын түсінді.Онсыз да үндемейтін Тілеу қарттың тілі мүлде кесілді, түнде өксіп жылайтынды шығарды, түні бойы көз ілмейді, кенет құлағына ата-бабасының жеті ұлынан айрылғандағы «бебеу күйі» естілгендей болды.Бұл бабаларының жұбатқаны ма, әлде бірге қайғырғаны ма, түсіне алмады. Міне, Тілеу қарттың төр алдында бүк түсіп жатқанына бірнеше күн болды.айналасы тып-тыныш, тек көкірегі әлем-жәлем күй кешуде. Құлағына әлдебір дыбыс естілгендей болады, тысқа шығып, тың-тыңдайды,ештеңе ести алмайды.Үйге қайта кіріп, төсегіне жатады. Қараңғы түн, түндіктің жыртығынан жұлдыздар жылтылдайды, түсінде естіген саз құлағына қайта келіп жатқандай болады.Таң атканша доңбекшІп көз ілмей шығады Тамақ батар емес кемпірі Зейнеп тезек теруге түзге кеткенде Тілеу де түндікті жартылай жауып есікті бастырып жиделі тепсеңге жүріп кетеді,Ұзақ жүрген жолаушыға алыстан шымқай төрімде үстаймын десең де, көңілім баяғыдай. Отыз күн бауырымды сорғызып ем ол бұған да,сендерге де салық емес, Сендердің шаңырақтарыңның ендігі амандығынан садаға, мә, желінімді ошаққа саудым,-демдеулі шай түрған отққа қарай омыраулай отырады –деген үзіндіден де анық байқауға болады.Бір перзентке зар болып жүрген Тілеу мен Зейнеп тумасада туғандай қылып бауырларына басып,тапқан-тайанғандарын аузына тосады. Жас нәрестенің атын ырымдап,артынан ерген тұяғы көп болсын деп,Тұяқ қояды, Тұяқтың шашын алу, тұсауын кесу, ит көйлек тастау, сүндет тойы, мектепке баруы, жол ашары сияқты жөн-жорағыларының барлығын жасайды. Жазушының қазақы салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, ырым-тиымдарды,мақал-мәтелдерді өз шығармасында кеңінен пайдалануы оқырман қауымға берер тәрбиелік мәні өте зор.Сол жалғыз ұлы Тұяқ мектеп бітіріп,Отан алдындағы борышын өтеп,ауылға оралғанда анасы Зейнеп көз жүмады.Тұяқтың бір уыс топырағы бұйырады. Тілеудің ендігі уайымы баласы.Қай ата-ана болсын өз баласының көзі тірісінде қызын қияға, ұлын ұяға қондырғанын қаламайды дейсің. Шешесі барда баласының аяқтанбай қалғаны бір сәт есінен шықпай қойды. Уақыт өте келе, құрдасы Күдерінің арқасында Тұяқ үйленіп, Тілеуге немере сүйдіреді, көптен
-4-
күтіп жүрген арманын жүзеге асырады. Бірақ, көп ұзамай Тілеу де өмірден озады. Тілеудің артында өзі мәпелеп өсірген Тұяғы қалды. Артында ұрпағы,ізі қалған адам ешқашан өлмейді. Тілеу мен Зейнеп тағдыр тауқыметін тартса да еш жасымады, өмір сүре білді, мойымады, тағдырдың қатал сынына төзе білді. Арада жылға жуық уақыт өтеді. Бір кездері осы маңда зергер Тілеу қарттың тұрғанын өзінен басқа ешкім білмейтінін, артынан ешкім іздеп келмейтінін біліп уайымдайды, Тілеудің құрдасы, тілеулес досы Күдері қайда шықса да жүдеп қайтады. Мұның өзі құрдасына деген шын жанашырлығы, шын көңілі, ықыласы еді. Уақыттың өмірден басқа өлшемі жоқ екеніне көзі жетіп қайтады. Күдерінің бір өмірдің орнына екінші өмір келсе ғана мына дүниенің мәні тұра алатынын ұғынып қайтады. Ағаш екеш ағаш та бұтағынан бұтақ өрбітіп, артына із тастайды.Ал, адам ше…..Адамның ізі тек белінен өнген перзент қана ма….Оның ісі, жұртқа жасаған қайырымы ше? Сонда, Тілеудің де ізі жоғала ма? Тілеудің шаңырағы жоқ, сүйегі жатқан төмпешік қана, оны ешкім іздеп те келмейтінін, ешкім ауызға алмайтындығын ойлағанда Күдерінің жаны түршігеді. Тумаса да туғандай ғып баққан Тұяқтың әке-шешесінің басын қарайтпағанына іштей ренжиді, есіне түскен сайын көңілі жабығып,қайтады. Сөйтіп, жүргенде Тұяқтан да хабар келеді, Күдерінің қуанышында шек жоқ. Күдеріге Тұяқтың осы ықыласынан артық не керек. Әке-балаға, адам-адамға ықыластан басқа не көрсете алады? Жалпы адам деген екі аяқты пенделерден адамзат деген жиынтық құрап тұрған осы ықылас емес пе? Адамның адамға тартқан сыйы да, артында қалар мұрасы да-осы ықылас ғана емес пе?-деген жолдар еріксіз есіме оралады. Осындай ықыласты көре алмай, өздерінің қартайған шағында бауырынан өнген балаларынан қайыр көрмей қарттар үйін паналап жүрген қарияларды көргенде, естігенде еріксіз көзіме жас үйіріледі. Дана халқымыз: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөзді жастарымыз ұмытпаса игі еді. Б.Момышұлының «Өлгенді ардақтай білген ғана, тіріні құрметтей алады. Өлгенге бақыт керек емес.Өлгеннің бақыты тірлігінде»-деп айтқандай ата-анасын разы қылып, о дүниеге аттандырып, өзінің перзенттік борышын өтей білді.Жиде ағашы тамырын тереңге жаятындықтан, Тілеудің де тамыры тереңге кеткенін бірден ұғынасың, шығарманың осылай аяқталғанына іштей қуанасың. Шығарманың «Бір шоқ жиде» атануы да осыдан. Жазушы отбасындағы береке-бірліктің,әке мен бала,келін арасындағы түсіністікті, сыйластықты кейіпкерлерінің өн бойына қонымды етіп берген. Әбіш ағамыздың қай шығармасы болмасын кейінгі өскелең ұрпаққа өзінің туған жерінің тарихын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын құрметтеуге шақырады. Жазушы қаламынан шыққан шығармалары талғампаз оқырманның назарынан тыс қалмайтынына сенімдімін. Жазушы шығармалары әдебиетіміздің мерейін тасытып, әдебиет әлемінің биік шыңынан орын алатыны сөзсіз. Белгілі жазушы ағамыз М.Жолдасбеков: «Мен бес кеменгерді көрдім: Дінмұхаммед Қонаев, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, құдай көздеріне көрсетіп, орталарында тірі жүрген бесінші әулие-
Әбіш Кекілбаев. Бұл шындығында кеменгер Әбішпен замандас болғанымды өзіме мақтаныш санаймын. Расында да, солай.қатар жүрген кісіні ол пәленше ғой деп бағалай бермейміз. Задында бағалаған жөн.Әбіш сондай бағаланатын азамат….» деп бекерге айтпаса керек, Әбіш ағамыздың еңбегі бағаланды.Қазақтың әдебиеті мен мәдениетінің қымбат қазынасын шығармаларында кеңінен қолданған жазушының шығармаларының жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1/ «Ана тілі » газеттері
2/ Ә.Кекілбайұлы 1-12 том
3/ Қосымша баспасөз материалдары