Сабақтың тақырыбы: Д. Исабеков Ата үміті

Сабақтың тақырыбы:    Д. Исабеков Ата үміті

Сабақтың мақсаты:

                                 а)    әңгіменің мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын  мәтінге сүйене отырып ашу;

                                   ә)   түрлі тәсілдер арқылы оқушылардың  байқағыштық,тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту;

                                   б)  әңгіме идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа,мейірімділікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, пікірсайыс т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,тірек-сызба белгілері.  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                          Үйге берілген  тапсырманы сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

                 Әңгіменің композициялық құрылымы    

 (Әңгімені түгел баяндап болғаннан кейін әңгіме желісі бойынша  жоспар құрамыз.)

Әңгіме құрылысына талдау

Р/с     Оқиға желісі          Оқиға өрісі

 

1.Әңгіменің  басталуыТоқсанбай мен Ергешбайдың  дерме-не ору үшін жаңа жерге қоныс аударуы немесе көшіп келуі
.2.Әңгіменің дамуыОмашпен күтпеген кездесу,Омашпен   аталы-балалы екеуінің серіктес болуы
3.Әңгіменің байланысуы,

өрбуі

Күтпеген жағдай.Омаштың дермене ұрлап әкелуі
4.Әңгіменің шиеленісуі Тоқсанбай мен Ергешбайдың  Омашпен  серіктес болудан  бас тартуы,олардың арасындағы кикілжің
5.Әңгіменің шарықтау шегіОмаштың кезекті  ұрлығы немесе Тоқсанбай мен Ергешбайды алдап соғуы. Жалғыз баласын жетілдіру үшін ақ ниет тілеген Тоқсанбай
6. Әңгіменің шешімі,қорытындыАуылға оралған Тоқсанбай мен Ергешбай. Ауылды ауызашарға

шақырып той жасауы. «Жарлы болсаң да, арлы бол».

 

 Образдар жүйесіне талдау

 

Кейіпкерлерге мінездеме

 

ақылды                             дана     енжар                   ұры

әдепті                         момын

Ергешбай
     Омаш
Тоқсанбай

 

 

 

 

 

мейірімді            кеңпейіл       өзімшіл               әдепсіз    адал                                 тәртіпті

       

Сұрақтарға жауап беру.

 

а) Тоқсанбай мен Ергешбайға Омаш неге қосылды?

ә)Омаштың қандай қылықтары оларға ұнамады?

б) Тоқсанбай неден секем алды?

в)Тоқсанбай қарт кім үшін Омашқа кіріптар болды?

г) Бала Омашты неге қабылдамады?

ғ) Ергешбайдың ол мінезін кім қалай түсінді?

д) Торғайдың ұясын бұзып,жұмыртқасын пісіріп жеп, балапанын отқа тастаған Омаштан не күтуге болады?

ж) Обал, сауап, адал, арам тәрізді ұғымды кім қалай түсінеді?

 

Дебат үлгісі бойынша ой-талқы

 

Р/сЖақтаушы топДаттаушы топ
1Резолюция: ЕңбекКонтрезолюция: Еңбек емес
2Критерий: Өзгенің еңбегін пайдалануға болмайды.Критерий: Ебін тауып тірлік жасау керек.
3. Аргументі

1.     Еңбекпен тапқан нан тәтті.

2.     Ұрлық адамға пайда әкелмейді.

Аргументі

1.     Заманың түлкі болса,тазы боп шал.

2.     Адам заманның ағымында.

        

 Білімді бекіту:  

     Өтілген тақырып бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

1.Кімнің шығармасымен таныстық?

2.Қандай басты шығармаларын білеміз?

  1. Нені оқыдым,нені білдім?

4Әңгімеден алған тәрбиеңіз?

5 Әңгімеден алған әсеріңіз,өз көзқарасыңыз?

 

Білімді бағалау:          Оқушылардың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Қорытынды: Естеріңізде болсын,балалар, біреуге істеген жамандық,Омаш сияқты адамның арамдығы айналып алдына келеді.Өйткені «Адам білмегенді Алла біледі» ,сондықтан ар тазалығынан артық бақыт жоқ.

 

Үйге тапсырма:

  «Адамгершілікті мен қалай түсінемін?» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.