Мұхтар Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы» (хикаяттан үзінді)
Мұхтар Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы» (хикаяттан үзінді)
Мақсаты: Хикаят бойынша алған білімдерін қорыту, жинақтау, кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту
Міндеттері.
Білімділігі: кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттері арқылы сол заманның саяси құпиясын таныту; Дамытушылығы: кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай баға бере білуін дамыту, оқушы ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйрету;
Тәрбиелік: ұлтжандылыққа, адалдыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Типі: қорытындылау
Түрі: проблемалық оқыту, жобалау
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: проблемалық сұрақтар, пікірталас, конструкторлық жобалау технологиясы элементтері
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты, түрі таныстырылады. Шығармамен танысқаннан кейін осы шығармада кездесетін оқиғаның қандай шығармамен ұқсас екені сұралады. (слайд №1)
ІІІ. Сұрақ-жауап
- Тектіғұл өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Бұл өлімнің шығармадағы орны қандай?
- Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
- Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың? Ақтайсың ба, қаралайсың ба?
- Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?
- Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.
- Ол адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлі ме? Өзіне кінә қояр ма едің?
- Жарасбай мен Сәлменге салыстырмалы мінездеме бер.
- Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?
- Жарасбайды өлтіру қылмыс па? («Иә» десең де, «жоқ» десең де, ойыңды дәлелдеуге тырыс)
- Билер алдындағы «Не болса да ақпын», «Менде айып жоқ» деген ойынан бастап, Бақтығұл монологын қайта оқып шық. Осы монологтың маңызы неде деп ойлайсың?
- Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды?
- Бақтығұл сол күннен бастап қандай өмір сүруге мәжбүр болды?
- Қашқын болып жүріп қандай қауіп-қатерге ұшырады?
- «Бәлем, осыныңды ұмытпа!» деген кектену, өшігу сезімі қандай жағдайда, неге байланысты туды?
- Сол билер алдындағы «Егер осы Қоқыш сөзіндей Жарасбайдың айтқаны шын болса, …» деп басталатын Бақтығұл сөзінің мәнін түсіндір. Осы абзацтың Бақтығұл бейнесін ашуда маңызы бар ма?
- Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?
- «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?
- Автордың бас кейіпкері Бақтығұлға деген сезімі, қарым-қатынасы қалай? (Мәтіннен үзінді оқи отырып дәлелдеу)
- Қазақ даласындағы партия, съезд, қақтығыс, күншілдік, бақталас, ырду-дырду шығармада қалай берілген? Олардың бас кейіпкер тағдырындағы орны бар ма?
ІV. Дамыту. Шығарманың бас кейіпкері Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Рысқұл екендігі айтылады. Сейіт – Тұрар Рысқұлов (слайд №2-3). Осы тұста 1968 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» киностудиялары бірігіп, «Выстрел на перевале» («Асуда атылған оқ») көркем фильмі түсірілгені айтылады, осы фильмнен кинокадрлар көрсетіледі, прототиптері таныстырылады. (слайд № 4-11)
- Конструкторлық жобалау. Сызбамен жұмыс (слайд №12)
Әр оқушының алдына осы сызба бір-бірден үлестіріледі. Оқушы осы сызбаны толтыру арқылы жоба жасап шығады.
VІ. Жобаны қорғау
2-3 оқушы жасаған жобаны қорғап шығады. (слайд 13)
VІІ. Қорытындылау.
- Үйге тапсырма.
- Оқушыларды бағалау.