С.Сейфуллин «Жер қазғандар» повесі»
Сабақтың тақырыбы:С.Сейфуллин «Жер қазғандар» повесі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
а)ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағ- дай туғызу,«Жер қазғанда«повесініңі тақырыбы мен идеясын ашу;
ә)повесті оқу, мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу, повесті теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық: Адамгершілік ұстанымын, шығармашылық тұлғасын дамыту, дүниетаным мен көзқарас қалыптастыру.
Тәрбиелік:Отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрi:
Көрнекілігі: қанатты сөздер, ақын портреті, слайдтар, карточкалар;
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, тест сұрақтары, сто.
Пәнаралық байланыс: тарих, гогррафия
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сәлем десуі, түгелдеу.
ә) Оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсаты, міндеттерімен таныстыру
- Үй тапсырмасын —
2) Ой қозғау: Сәкенді тану:
а) Сәкен есімін жүрегі қазақпын деп соққан, денесінде қазақ ұлтының қаны жүйірген әр адам біледі? Кім деп біледі?
ә) Сәкен шығармашылығының негізгі ерекшелігі қандай?
б) «Далада» өлеңінен үзінді оқыту.
Осы өлендегі ақынның идеялық мұраты қалай көрінеді?
- Жаңа сабақ:
а) Слайдтар арқылы: Сәкеннің өмір жолын көрсету, өмір жолы жайында қысқаша мағлұмат- ең негіздерін айқындату.
Сәкен Сейфуллин (1894-1938) қазіргі Қарағанды облысында дүниеге келген.
Ақмолада приходская школада, қалалық училишеде, Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Ол қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Еуропа әдебиеттері классикасын сүйсініп оқыған. Сәкен ХХ ғасырдың басында саяси күреске белсенді қатысқан.1918 жылы Колчак әскерілері оны тұтқынға алды.1919 жылы түрмеден қашты.1938 жылы сталиндік репрессияға ұшырап,1938жылы атылып,1956 жылы ақталған.
ә) С. Сейфуллиннің «Жер қазғандар» повесі туралы мағлұмат:
С. Сейфуллиннің «Жер қазғандар» повесін талдап көрейік. Повестің басында темір жол құрылысы жүріп, Көкшетау табиғатыының әсем табиғаты суреттеледі. Автор мұнда еңбек етіп жатқан жұмысшыларды жалпы суреттей келе, өздерінше бір қос болып еңбек еткен бес жұмысшыны даралап кқрсетеді. Олар: Әімхан, Бұзаубақ, Қалкен, Хасен, Сатай. Автор жер жерден бас қосқан жұмысшылардың кешкі ермегі бір-біріне әңгіме айтқызып, осыған дейінгі өмірлерін білу.
- Әзімханның жер астына алғаш түсуі
- Әзімханның сырқаттануы
- «Ақ ауыз» болуы
- Жанжал
- Әзімханның жұмыстан шығуы
- Сабақты түсінгенін тексеру.
1.Топтастыру.
2.Сәйкестендіру перфокартасымен жұмыс.
3.Балалар,осы повес арқылы жазушы бізге нені айтқысы келді?Біз нені түсіндік?
VII. Сөз соңында айтарымыз,жазушының айтайын дегені не?
- Әзімхан қандай адам?
- Оның көңіл күйіне жігер берген қандай суреттер?
- Ол әділетсіздікке қарсы қалай күресті?
- Әзімханың қандай қырларынан үлгі алар едіңдер?
VIII .Үйге тапсырма: С. Сейфуллиннің «Жер қазғандар» повесін
мәнерлеп оқу,үзінді жаттау.
2.”Біз — табиғат сақшысымыз” ойтолғау жазу.
3.Оқиға желісіне байланысты сурет салу.
Оқушы білімін бағалау.