Әміре Әрін өмірі мен шығармашылығы
Әміре Әрін өмірі мен шығармашылығы
Мазмұны
І – тарау
- Әміре Әрін өмірі мен шығармашылығы
- Ел, жер туралы талғаныс
- Өмірім өлеңімнің өзегінде
Негізгі бөлім
ІІ – тарау
2.1 Өмір, болмыс туралы
2.2 Арнау, талғаулар
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дархан қазағымның пейіліне берген, жер жаннаты – Жетісу жерінің тума талант иесі. Қазіргі таңда Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы «замана» бағдарламасының жүргізушісі.
Өлең өлкесінде өз есімі, өз қолтаңбасын айшықтап алған ақын 1957 жылы Алматы облысы Қаратал ауданы Дөңшіи ауылында дүниеге келген. Ол С.М.Киров атындағы Қаз МУ-дың журналистика факультетін ойдағыдай тәмамдаған соң Алматы облысы Қаратал ауданында «Еңбек туы» газетінде редактордың орынбасары, республикалық «Спорт» газетінде редактордың орынбасары, Баспасөз әлемінің табалдырығын небәрі 20 жасында аттаған. 1992-1994 жылдары Ескелді, Балпық билерге арналған 300 жылдық облыстық деңгейде өтілген тойға белсене ат салысып елге жаңа қырынан танылған. Сол жылдары Қаратал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталған, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтық лауреаты, ҚР.Мәдениет қайреткері, Қазақстан Республикасы «Спортына еңбегі сіңген қызметкер». Республикалық, облыстық, қалалық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы.
Ол небір 15 жасынан бастап өлеңдер жаза бастаған. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына Алматы облысы әкімі жариялаған байқаудың Бас жүлдесін ұтып алған, мәдениет басқармасы бастығының орынбасары да болған.
1999 жылы «Тылсым тыныс» атты деректі повесі, 2004 жылы «Тамыздық» деген атпен өлеңдер кітабы «Кенен жерім — Көксуым» деп аталатын публицистикалық еңбегі жарық көрді.
Әңгімелері, жыр-дастаны, мақалалары, өлеңдері өзге төрт республикалық жинаққа енген. Қаратал ауданының құрметті азаматы атанған Әміре Әрін бүгінде жары Гүлбаршын екеуі Дархан, Дулат, Айгерім есімді балаларды өсіріп отыр.
Ақын Әміренің әкесі Әрін, оның әкесі Әлғожа, оның әкесі Шынқожа би, ары қарай Шыбын, Тойлыбай, Жылкелді, Өтес, Сүтемген, Арықтыным болып келеді. Байшығашпен Бойтоман тұқымынан тараған Шынқожа шешенді ақын мақтанышпен айтады. Өкітай Ахметов ақынды Шынқожаға тартқан-ау «Жүйрік қара» деуі содан болар. Өкітай Ахметов Әмір Әріннің шыққан тегі ата-бабасы туралы былай деген:
Шабатын Ескелділеп келді кезек,
Шаттанып ақындарша тілді без еп.
Бақай, Пышан, Жәлменге аунап жатсын,
Қабан жырау, Бақтыбай, Төре тезек.
Ұлы кемеңгер, Әріннен шыққан дара,
Қызғанып та, мақтаймын бөле – жара.
Қамшы ұрамын арқаңа қаса-қана,
Шынқожаға тартқан-ау «Жүйрік қара»,
Алдына жан салмас – ау бара-бара.
Талай ақын артыңда шаң қайып тұр,
Күш атасын танымас жоқ қой шара.
«Арықтан семіз шыққан» ерді көрсек,
Артистерге бас иіп жолын берсек.
Шахмет, Бикен, Қанабек жебеп жүрсін,
Ұлылардың аттарын айта жүрсек.
Бұл залда отырған жоқ бала-шаға,
Кәніккеннен жәніккен аласа да.
Сүтемгенге сүт беті қол соғады,
Әміре деп тура осы «Тамашаға»
- дейді, бұл өлеңді Ахметов Әміре Әріннің шығармашылық кешінде көрермендерге оқыған болатын.
2004 жылы 18 маусымда ақынның шығармашылық кеші өткен. Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының артистерінің қатысуымен «Тамыздық» жер жинағынан алынған «Сиқырла, дүние, сиқырла» атты спектакльде қойылған.
Әлі есімде, 6 жыл бұрын қойылған бұл қойылым. «Сиқырла, дүние сиқырла» поэтикалық драммасын көпшілік қауым жақсы қабылдаған болатын. Дәл, сол ақынның шығармашылық кемінде Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы Мақсат Рахымбаев құттықтау сөз сөйлеген. Сол кездегі Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Тілеубайқызы ақынға қала әкімі атынан «Алғыс хат» тапсырған еді.
Әміре Әрін Қараталдағы аудандық газетте тілші, Көксу аудандық газеті редакторының орынбасары Талдықорған облыстық газетінде бөлім бастығы, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары қызметтеріні, тізімін қолдан суытпай ұстады. Ауылда өссе де, мұнан соң Алматыда оқыған, Торғайдың драма театрында қызмет еткен.
Әміре Әрін жазғанның арасына сөз сыймайтын стилист қаламгер. Онымен бірге қызметтес болған әріптестері жүздесіп, танысып, пікір алмасқан адамдар оны шешен сөйлейтін тілмар жандардың қатарына жатқызады. Сөз тағдыры мен халық тағдырын егіз деп қабылдайтын Әміре Әрін, адаммен әңгімелесіп, сөйлесіп, араласып, тілдесіп, адаммен табысуды басты адамгершілік критекші, азаматтық борышы санайды. Сондықтан олар әрі бай, әдемі, әрі қуатты тілді жеткілікті меңгергені. Алдаспандай аймақты сөздері – сол шешендігінің құнары, терең тамыры.
Талант десең талантты, білім десең білімді, ақылды десең ақылды адам, әрқашан тілінің шеберлігі, шешенділігімен дараланып тұрады.
Ақын Әміре Әрін Көксу ауданының құрылғанына 60 жыл толу мерейтойына арнап «Кенен жерім — Көксуым» атты анықтама – шежіре кітап шығарып, тұсау кестіруін де өткізіп, жазушы, публицист, шежіреші ғалымдық қырларын асқақтата түскен.
Ақын публицист – жазушы, шежіреші Әміре Әріннің «Кенен жерім — Көксуым» шежіре – анықтама кітабының саяси – әлеуметтік, қоғамдық, тарихи, тәрбиелік, танымдық маңызы аса үстем.
Әміре Әрін ел сүйсіне шырқайтын көп әндердің сөзін жазған ақын, орындайтын әнші. Өнердің де, өмірдің қай саласына болмасын өзіндік үлесін қосқан.
Әміре – журналист, Әміре –ақын, Әміре-әнші, Әміре-драматург, Әміре-жазушы, Әміре-Сері. Кешегі Қаблиса мен Сүйінбай, Мәуленбай мен Бақтыбай, Абай мен Махамбет, Сара мен Ілияс ақындардың жолын қуған жерлесіміз Әміренің солардың қатарынан көруі жүрекке жылу орнатып, қуантады.
Әміре Әрін есімі әдебиет пен жыр сүйер қауымға мәшпір ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әміре Әріннің өлеңдері шоқтығы биік туындылар қатарына жатады. Адам баласының көкірегіне ұялаған бал сөздердің, отты өлеңдерінің қорғасыннан құйған сақ адай деп түсіп жатқан салмақтысы, оңай айтылып қиынды ұқтырар ойнақ өлеңдерінің көркемі мен жинақысы, ақын Әміре Әріннің қаламынан шыққан болып шығары даусыз.
Халық қауымның ыстық ықыласы мен шынайы сүйіспеншілігіне қапысыз бөленген табиғат перзент. Әміре Әріннің өлеңдеріне қалам тербеген тұңғыш еңбегімді ақын Әміренің тіл бейнелілігіне арнадым.
Өзінің нағыз кіндік қаны тамған жері жалпы Жетісу жері туралы қазақ жері, елі, Отан туралы, айнала қоршаған адам, махаббат бүгінгі күннің ең өзекті мәселелері – бұл Әміре ақынның ең басты тақырыбы. Бүгін де ақынның 300 ден астам өлеңдерінің басым көбі – туған жер, өзі-өмір туралы тақырыпты құрайды.
Ақын Әміре Әрін өлеңдері – қазақ поэзиясы тарихында ерекше құбылыс. Әміре Әрін өзіне дейінгі ұлттық көркем сөз өнерінің бар асылын бойына сіңіре отырып қазақ поэзиясындағы туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық лепті күшейтіп асқақтата түсті.
Арнау романтикалық сарын, туған жеріне арнап жазған өлеңдері де бір шоғыр.
«Қараталым», «Шырқау әннің шілдері», «Тұлпар жолы», «Сәнді шохар», «Кереметім-Көлсайым», «Киелі мекен», «Жазиралы Жетісуым», «Балқашым-базарым», «Кенен жерім-Көксуым», «Ұлыстың ұраны», «Есті жұртым ынтызар», «Жұптасып жетсем соғымға», «Шиелі қарын», «Сары есік тербетіп», «Бесағаштың бел түрі», «Тағзым», «Толағай тілек, толған ай», «Жетісуым жерім-ай, желіген», «Американы дан ашқанбыз», «Бойтұмарым», «Алтын арай», «Құшақ отын», «Сарыжұртта тербелер қамыс құрақ «Бедер», «Кемерінен Қаратал асады екен», т.б.өлеңдері түгін тартса, майы шығатын өз өңірінің нәрлі топырағынан сан алуан өсімдік өсіп, ағаш біткен дүр жарғандығы жарғандығы нағыз еріксіз жырлап, туған жеріне деген махаббат сезімі үнемі алаулап тұрады.
Туған, өскен жерін жырға қоспайтын ақын болмайды, ақын Әміре Әріннің өзінің Қараталым тасана, тобына былайша жырлайды:
Әлдилер әлі де сол ала таңым,
Түлеген тұнығында бала шағым.
Киелім,
Берерім көп әлі қанша,
Жоқ сенде арындым-ау алашағым.
Қазына,
Аллитерация Қасиет қонған Қараталым.
Бұл өлең жолдары қазіргі кездегі ерікті ұйқас –(а,а,б,ә,а).
Қасиет қонған қазына-алитерация,ала – эпитет.
Бұл арада ой мен сөз орамды-эпитетпен, алитерация арқылы ажарлаған. Үміт қамыту мен шаттану, туған жеріне деген махаббат.
Қараталым жер біткеннің жұмағы етіп сипаттайды, келбетін көрікті іші толған құт, ырыс етіп бейнелеп, Қаратал дегеніңіз ағылына, даланың табиғатын, тіршілік дүниесін, романтикалық сарында шебер суреттейді.
Әсем де әспетті өлкенің керім де керемет суреттерін кестелі көрікті өлкенің көкжиекке сіңер жеріне дейін желпілдете жетелеп барады. Әміре Әріннің сұлулығына сымбатты сай көрікті өлкесі жайлы жазғаны. Жүректі жібітпей қоймайды. Тақырып пернелерін дөп басуы өлеңдегі өзінді жырдың жауһары деуге болады.
Ақын өлеңдерінде өлең өмірін құбылтып, көркін күшейтіп өлең үйлесімін, ұйқасты біріктіре, жұмыстыра түсетін, орны мен үндескен сөздер үзділігі, интанациясына, өлеңнің өрнек кестесіне әдемі ажар, сталистикалық айшық, көркемдік тәсіл өосатын алитерацияда баршылық.
Алитерациялық айшықты Әміре Әріннің: «Недер ең?», «Ызғар», «Маңайым мерей- мың дүбір», «Сөз», «Күбірле де күмбірле», «Сүмбіле -сыр» өлеңдерінен өлең жолының әр бунақтың басында «б», «қ», «т», «ж», «с» дыбыстары қайталанып ішкі ұйқасқа ерекше реңк беріп, өлең өрімдері айрықша мәнге ие болды. Қатаң дыбыстар қайталанды өлеңді шапшаң, көтеріңкі леп пен оқуды қажет етсе, «ж», «б», ұяң дауыссыздары сәл созып, баппен оқуды қалайды:
Билік шіркін білімге,
Бас имесе бүгін де
Бұл жайында не дерең.
Алитерациялық айшықты Әміре Әріннің «Сөз», «Сүмбіле -сыр», өлеңін алайын:
Сөз ұстадым, сөз ұқтым,
Сөз сайысы озық тым.
Соны леппен жалықтым.
Сөлін ұғып асылдың,
Сары жұрттан асырдым.
Сан мәртебе жыртынып,
Сіңдім нұрға-ғасыр-күн.
Салиқа кей топтарда,
Сырт бергенде «топ қарға»
Серт биліктен басатын.
Сөзден ерен шақ барма?!
Сипат-күшің ерен-ау,
Сурет белгі –ен бояу.
Сезім тербеп сең қозғап,
Сәрісі де-мен ояу.
Сеңгір көкпен жарасад,
Сенде кием-барақат,
Саналы елдің баласы,
Сөзден табар тарасат.
-деп сөз қадірі мен құдіретін тебірене жырлап «өнер-алды қызыл тіл
Екенін осылай өрнектейді. Ал, енді ақынның өзі, өмірі жайында жазған тағы да алитерациялық айшықты өн бойына сіңірген «Сүмбіле-сыр» өлеңін қарайық.
Құлаған таудан төмен болмасына, а
Сүйсінген елден бұрын қолды ұсына а (қара қлең ұйқасы)
Ақ күміс араласқан ағысында, б
Қызыққам көрші қыздың шолпысына а
Суретші ақын Қараталының табиғи көріністері жалаң алмай, ел өмірімен, халық тіршілігімен байланыстыра суреттейді.
Сол арқылы қоршаған орта мен адамның байланысын табиғаттық адамға,олардың қимыл-әрекетіне, ой сезіміне, тұрмыс тіршілігіне әсерін бейнелейді:
Жағаң саз,
Өзің тастақ.
Суық балдай, (теңеу)
Бас алмай періште қыз жуынардай.
Айнала ақ шатыр боп көрінетін,
Сиқырлы, көзді байлар буың қандай (қара өлең ұйқасы)
Туған жер тақырыбын ту етіп, көтерген Әміре Әріннің өлеңінің көтеріңкі шаттықты ырғақ әуені келісті классикалық туынды болып қалыптасуы, эмоциясына да байланысты болса керек.
Ақынның айтуы бойынша: «Өлеңді әдетте, көңіл күй келіп, шабыт келгенде жазамын» — дейді. Басында аяғында жетіледі, содан әбден толғауы таяды-ау деген кезде үстелге отырамын уақыт талғамаймын дейді.
Сол сияқты Әміре Әрін таңғажайып табиғат суреттерін де ажарынан айнытпай сол қалпында қағазға түсіргенді жақсы көреді. Мынаған қарап көрейікші:
Әз жазира мекенім,
Иран – бақты не етемін.
Құрлық кезіп кетсем де,
Құрақ ұшып жетемін
-деп Қараталдың арынды деніндей ағытыла жөнеледі, ойында нәр, бойыңа қуат жырдың жылылығын көрікті.
Туған жерге тағзым ету, өле өлке алдындағы перзенттік борышын ұмытпау – «Жазиралы» өлеңінде бой көрсетіп тұр.
Жетісуым –жерім-ай
Көлі балдыр, төрі май.
Берекесі ұйыған –
Бедеу қалған шөлі бай,
Алаш жұртта ақ жамбы –
Ардақ кезден қалған-ды.
Ақ күмістей қалпыңа,
Арғы-бергі таң қалды
Көмбең осы,
Қазағым,
Жерұйық жер-
Базарым.
Тіршілік тербеп тұрғанда,
Таусылмас- ау, жазарым!-деп тебірене толғайды.
Бұл өлең жолдарынан, діни қағидаларды тірек етіп айнала қоршаған адамдарға, достарының барына, ақындық өнеріне жыр өлкесінде өмір сүріп жатқанына тәңірге тәубә, шүкіршілік етіп қоймай көп ақындарға кездесе бермейтін діни қағидаларын тірек етуі, пенделік қасиетті жоғалтпай ұрпақты имандылыққа шақыруы хақ.
Жыр дастаны толқындап көкжиектен,
Көк аспаным-
Саф самал, өпті беттен
Шар тарапқа шырай-нұр,
Арай шашқан.
Ақ жаулықты пәк таңдар өңді неткен!?
Табиғаттың тылсым күші, құдіреттің күштілігін тіл өнегелігімен бейнелелігімен, көркемдігімен еріксіз есте қалатындай суреттейді. Әдетте, самал жел десек, ақын бұл туындыда саф самалды, ақ таңды, ақ жаулықты, пәк таңдарға теңеп келбетін бейнелеу.Бір ғажап дүние өлең жай ғана сөз емес, табиғат атауы, күнделікті өмірдегі (Самал, Арай) атты адам есімдерін кездестіруге де болады екен.
Өзін емес, өзгені де ойлай білетін көпшілік ақын, тек тәңірге табынып қоймай жасасқан жұртқа табиғатының, шығатын белестері асар асулары алда екенін былайша жырлайды:
Бар тағдырдың таңбасы талайымда,
Алитерация Берілерең бейуақыт қалай мұңға
Бір өзіңсіз-
Жампаз жұрт табынарым.
Үкіле кел!
Шығамын талай шыңға!
Қазағым, елім, жерім дейтін ақындарды қатарындағы Әміре Әрін, қазақ елінің әрқашан биік тұңырдан көрінуін қалайды:
Ақ аспаннан бұлт аласы аралсын,
Ұраным бұл – Ұлы жолда барым шын.
Бәйге төрден барша қазақ танылсын-
Құраным бұл-Құдай жолда танырсың!
Міне, бұдан Әміре Әрінде дін сарындағы, патриоттық ақын деуге әбден болады. Өкітай Ахметов «Табиғатында діні берік ақын»-деп, бекерге айтпаса керекті.
Ақын өлеңдерінде – зат есім, сын есім, етістік, одағай, есімдік, леп белгісі, сұрау белгісі деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдер барлығы дерлік кездеседі. Бұған қарасақ, қазақ өлеңінің, қазақ тілінің, тіл бейнелігін жаңғыртуды байқаймыз.
Ақын өлеңдерінде тілдік категорияны көрсететін терминді кездестіруге болады. Соның ішінде интернационалдық терминдерде бір төбе.
Оның қаламынаншыққан өлеңдерінде: Форель, Атом-станса т.б.
Көптеген термин сөздерді кездестіруге болады.
Моншақ-моншақ
Қоға-қоға
Мезгісі-мезгісі
Сылқ-сылқ
Шым-шым
Бұл күрделі сөздердің ақын өлеңдерінің ішінде алар орны ерекше.
Ертелі – кеш
Кәрі – жас сияқты қосарлама антонимді сөздерде кездеседі.
Ақын өлеңдері қиыннан қиысқан теңеулер, эпитет, суреттеу, мистафора, гипербала, теңеулерге толы.Өлеңдері лирикалық поэзияға жақын. Оның үстіне оң оқыса, сол оқыса да айтылуы, жазылуы, мағынасы өзгермейтін сөздердің кездесуі өлеңді дамытып тіл бейнелілігін арттырып айтар ауызға да, естір құлаққа да жағымды.
Олар мына сөздер: Алла іші
ала қызық
қазақ
көк
аса
ізі
ара
ата
аға
алма
ене
ере
алла
кек
қақ
ана
ете
қытық.
Өлеңдеріндей шіркін – ай, ей, беу, иә, ойхой, түу, пай-пай, уа, дариға, ай, хой, ой, көңіл-күй, негізгі, күрделі, туынды одағайлар өлеңді оқығанда көңілге қуаныш сыйлап қоймай, тоқтап қалмай арықарай оқи бергің келеді де тұрады.
Ал «Тәу ба», «тәңір», «құран», «құдай», «жаратушы», «Намаздыгер», «Алла» діни сөздері кездесетін ғибыратқа толы өлеңдері көкейге бір Алланың бар екеніне сену, шүкіршілік, тәңірге тәубә ету сезімдерін ұялатады.
Тәубә, Тәңір!
Жыр-жалын ғұмыр бердің.
Қиял тұнып, қиырдан тұғыр көрдім.
Елім барда,
Дос-жаран бәрің барда,
Жамалымда жайнаймын жұмыр жердің.
Тәубә, Тәңір!
Жыр-жалын ғұмыр бердің!
Ақиқатым бәріне мың да бір ем,
Ата-баба ізі әне жайнап кетті.
Әрі өлеңде жуан, ашық, езулік «а», «е» дауысты дыбыстары қайталанып, өлеңнің үйлесімін күшейтіп, ұйқасты біріктіре түседі. «Мағайым мерей-мың дүбір», «Боранды күн», «Ақиқат», «Арман-құсым», «Арай-күн», «Ақ шағала Армысың» өлеңдерінен алитеациялықжәне ассонансты рет – ретімен ассонастық дыбыс қайталаулар тек әр тармақтың басында ғана емес, әр бунақ, әр сөздің басында да қайталанып келіп, өлеңдегі ішкі ұйқасты күшейтіп, мазмұнды ажарлаумен ойға, қиял сезімге қаншалықты әсер етумен құнды. Әміре Әріннің өлеңдерінде ассонанс пен аллитерация ұтымды тәсілдердің бірі.
50 жастан асқан ақын Әміре Әрін бүгін де 4 кітап шығарған, «Тамирис», «Тамыздық», «Маздақ», «Тылсым-тыныс» атты деректі повесі «Кенен жерім Көксуым» публистикалық жинағы жарық көріп оқырманға жол таратты.
Мен соның ішінде «Маздақ» жыр жиынтығындағы өлеңдерге тоқтадым. Тәубә Тәңір жыр-жалын ғұмыр бердің…,Қара жер ақ моншағын Айға тақты, Аулақ барып келеді сыр ақтарғым атты 3 бөлімнен 152 өлеңнен тұрады.
Өлеңдері: 1.Өзі, өмір туралы
2.Табиғат
3.Арнау
4.Махаббат
5.Айнала қоршаған адам тақырыптарын қамтиды.
Тіпті, бұл кітапта ән жұлдыздардың тұрақты репертурарында бар патриоттық санаға дем беретін әндердің мәнін халық арасында кеңінен шырқалып жүр. «Құдалар». Ата жұрттың ардағы өлеңдері оған дәлел. Бұл әндер әншілердің орындауында үлкен сахнада, радиода тыңдарман қауымның құрышын қандырып жүр. Ән бар «Құдалар» өлеңінің бір шумағын алайын:
Құдаларым алтын жаға,
Тамыр тартқан салтым жаңа
Көргендінің қызын алып
Бұтақ жайсақ жарқын дара.
алитерация Құдайындай құрмет тұтып,
Құда күткен халқым дана.
Неткен келісіп кеткен ұйқас десеңізші! Қазақ халқының қонақжай құдаға деген сый-құрметін осы өлең жолдарынан аңғаруға болады. Сонымен қатар ақын өлеңдерінің мына қайталама қос сөзді кездестіруге болады: күмбір-күмбірт
тәй-тәй
тыңдай-тыңдай
қысып-қысып
қадау-қадау
тым-тым
алыс-алыс
өркеш-өркеш
бұйрат-бұйрат
Сүмбіле төрде туыппын
Су түзеген сымбатым,
Сөз көздеген уықпын
Сүйек-сәні жырғасын!
Сәйгүлік үміт үзілмей,
Сұлу күн көкте тербедім,
Сырғалым шықса жүзімдей,
Сұңқарың самғар мен дедім,
Сызылта салған әніне,
Сәулештің таңға қосылдым,
Сыр үгіт көңіл сәніне,
Сәске түсте тосылдым…
Сөреден жетіп мәреге,
Сый-сыйяпат бөлендім.
Санатта асып кәдеге,
Сертшіл топпен теңелдім.
Сыр білмеске сыр айтып,
Сағым сына қоймады.
Сазды кештер тыңайтып,
Сапар шыңға бойлады.
Сайран да сайран ғұмырым,
Сал-сері дәурен басымда.
Сылқымның өрген бұрымын
Салтанат жырым басылма…
Міне, осылайша ақын сөздің қадірін көркем бейнелеу мен қатар «С» қатаң дауыссыз дыбысын қайталау арқылы да әсерін құбылтты. Сонымен қатар ақын өлеңдері ассонансқа (үндес) бай. «Ақиқат», «Жолды кесіп барады», «Қанат жалғап қағанат», «Алыс-алыс тауларға», «Оқжетпесі қазақтың», «Арман құсым», «Әдемі қыз әдепті» өлеңдеріне ассонанс кездеседі. Берер мысал қарастырайын:
Аңсары бар,
Арманы, Ақ жол үсті(Боранды күн)
Ауылым,
Атажұртым аман ба? деп, (шырқау әннің шілдері)
Арман құс,
Ақ шағала, Ақмаңдайлы.
Ардағым,
Асыл бейне, ақмаңдайлы (ақмаңдайлы)
Енді ақын өлеңдеріне қайтадан оралайын, ақын тек, табиғатты, туған жерді, махабатты Қараталын жырға қосып қоймай, өнер мен өмірде, ақындықты, туған жерді, махабатты Қараталын жырға қосып қоймай, өнер мен өмірде, ақындық әлемде, жүрген тұлғаларға өзінің жүрек жарды тілегін өлең арқылы арнап жеткізген.
- «Адамзат аңсар сырыңды» (М.Мақатаевқа)
- «Оқжетпесі қазақтың» (С.Сейфулинге)
- «Перзент пәрсиені» (С.Үшбетовке)
- «Еңлікгүл» (З.Талшыбаевқа)
- «Жалайыр Шора» (Жалайыр Шораға)
- «Алып Ер Тоңа» (Алып Ер Тоңаға)
- «Ұлттық ұйтқысы»(Қ.Сұлтановқа)
- «Қазақтың Қастееві» (Ә.Қастеевке)
- «Айбозым» (Қ.Тоқаевке)
- «Ақжолтайым» (К.Әбдірахмановқа)
- «Пышан» (Пышанға)
- «Тұран Тарланы»(Бөлек Әлдің рухына)
- «Ел ардағы»(Н.Қылышбаевқа)
- «Көңіл деген құсқанат» (А.Кендірбекұлына)
- «Топ жарған» (А.Тынышевке)
- «Жұлдыз асып барады» (Н.Бұлдыбаевқа)
- «Самғау» (Ж.Елшібековке)
- «Ақ Әлемі» (Несіп Жүнісбайұлына)
- «Саңлақ» (Әбдіқажым Рысдәулетовке)
- «Іздеп жүрем» (Жанкүміс Жәмеңкеге)
Кеше ғана марқұм болған, «Еңбек ері», «Елбасының «Құрмет» медальдары марапатталып 70 жылдық ғұмырының көбін еңбекке арнаған, ардақты ана, абыройлы адам болған әр қашанда жүрегі қазағым деп ағып тұратын Зылиха Тамшыбаева апамызға ақын Әміре Әрін «Еңлікгүл» өлеңінде былайша жырлайды:
Қыр қызын Қызыр баба жебеп еді,
Бақ жанып, бәйге топта еленеді.
Сол жылы ерте шығып Еңлікгүлі,
Қыр қызы мың гүліне теңеледі.
Тал бейне тірлігіне тамсанғандай,
Көкорай көк белесте майсам қандай!
Маңдай тер, моншақ-моншақ тамшылаған,
Жер-Ана өн бойына жан салғандай,-деп кезінде Қызыр баба бата берген қыр қызы, шаршы топқа еңбей еленіп, маңдай тері төгілген еңбекші, батыл, қайратты, патриотты адам екенін осы қос шумақтан көруге болады.
Қасымжомарт Тоқаевқа арналған «Айбозым» өлеңі бір төбе.
Ғалымның өр, сай-жолын,
Артық білген, қай қозық?!
Саясатта шығандап,
Алаш асқан Айбозым!
Қасым да сен, Жомарт та,
Өрле жұртқа өол артта.
Елбасына серік бол,
Төрткүл дүние тарата, — деп өзінің жүрек жарды тілегін осылай жеткізеді. Алаш мақтанышы, саясатқа ден қойған азаматқа асар асуы әлде алда, сонымен қатар Елбасына серік бол деп те, тілге тиек етеді.
Ал, ақын өлеңдерінен заттың немесе нәрсенің санын айтатын сан есімдерді кездестіру өте қиын.
Өзге есімдердің орнына жүретін есімдік сөздер де баршылық: мен, сен, ол, біз, сіз, олар, мынау менікі, өзімдікі бәрі, бірі анау сөздері.
біл, кір, бер, ой т.б.
Не етпек? не істетпек? Сұрауларына жауап беретін етістік сөздердің өзіндік өрнегі бар.
Қуаныш, реніш, күйініш, уайым, қайғы, жан күйзелгенде не жан рахат тапқанда шығатын дыбыстар, яғни одағай сөздердің орны ерекше. Мәселен: әһ! ах! жаным-ай, ай! апырай! ау! е-е-е! тыры-тырыс, т.с.с.
Бастапқы мағынадағы, бастапқы тұлғадағы түбір сөздерінде алар орны ерекше. Ақынның «Жігіт айнасы» өлеңін алып қарайық:
Тау самалын ертелеп таң сауады,
Жыр идіріп.
Сапақ жарып, жылт еткен күн көзіне,
Саумал дәмді бал тілмен жар салады.
Міне, бір өлең жолының өзі, кем дегенде, бір екі түбір сөзден тұрады.
Ақын Әміре Әріннің ерекшелігі-өзіндік бітім-болмысының дараланып тұруы. Содан болар, лирикалық поэзияға бейім.
Ұмыта алман түнегін тұл аспанның,
Еңсе түсіп, мың мәрте ұласқан мұң.
Алаш-күнге әр кіріп желтоқсаннан,
Егемендік лебімен қыр асқанмын!
Қазқта да бар екен пір аспанда,
Қурайың да тынымсыз бүр ашқан ба?!
Ата заңым асқақтап ақбастауда,
Нұр шашты ертеңгі Гүлістанға!
-деп жырлаған ата заңымызға арналған қос шумақтың өзінде шымыр ұйқас, терең ой, ұтқыр теңеу жатқан жоқ па? «Мың мәрте қайғы –мұңға ұласқан тұл аспанның түнегінің серпілуі» тұнып тұрған сурет қой! Қазақ халқының бағын жандыратын, мәртебесін асқақтатып, көсегесін көтеретін «Тәуелсіздік нұры» деген ұтқыр ойды «Алаш-Күнге әр кіріпЖелтоқсаннан» деген ішкі жол айқын жеткізіп тұр. Адам жанын нұрландыратын өмір жырын өзек етіп, аз сөзге көп мағына сыйғызып, сөзбен сурет салып, қарапайым ғана құбылысты көркемдік тілмен құбылып тұр.
Ақын Әмір Әріннің «Маздақ», «Тамызық» жыр кітабынан лаулаған от, құлып тұрған қылыш, лирикалық нәзік жыры қыл сезімді шертетін, жаныңа тынысыңа жұпар құйып, былайша айтқанда, сарайыңды ашатын небір өлеңді табасың. «Ән мен әнші», «Жүздесу», «Құштарлық», «Достық пірім», «Ғашықтар көпірі», «Гүл-Ару», «Басқан із», «Құпия», «Әдемі қыз әдепті», «Ән салған арыс», «Сен мені іздеп пе едің?», «Арулары-ай Алаштың», «Толағай тілек, толған ай», «Бал ерін», «Балқаштағы арулар», «Бақыт құсы», «Сағыныш» махаббат лирикасына жазылған бұл өлеңнен тым майда, нәзік те сұңғыла ақын екенін аңғарасың. Өлеңімен жан дүниеңді серпінді сырыңды баурап, елітіре, жас дәурен жастық шағыңды еске түсіріп, сезімнің, ғашықтық іңкәрліктің кәусәр сусынын қандыруда лирикалық шумақтары шіркін дегізеді.
«Гүл — Ару» өлеңіне үңіліп көрейінші. Гүл мен іңкәрліктің керемет көрінісі дерсің.
«Жүрек сырын жеткізеді гүл ғана,
Тіл қатпасым,
Кешір мені Гүлдана»,
«Сұлулардың көз тұндырған сымбаты,
Сүйіп құшсаң,
Бұл пайғамбар сүннәты,
Жұлдыз ұяң.
Ай еріген айнала,
Үзілердей ынтық жүрек жырлашы!»
Образы, теңдеуі, бекем сөз сапасы таңқалдырады. Арудың өзі жігітке емес, балдыр жыр жоларына ғашық боп құлап түскенін «Жұлдыз ұяң, Ай еріген айнала» деп сипаттайды.
Махаббат тақырыбына қалам тербегендегі тағы бір өлеңі «Арулары-ай, Алаштың».
Арулары-ай, асыл туған Алаштың,
Шаңыраққа шырай беріп, бақ аштың.
Намыс ойнап, қорғар кезде елдікті,
Ерлігіңмен, ерлеріммен жарастың!
Бойды билеп азаттықтың қыр әні,
Жиып тастап жақұт, шолпы сырғаны.
Шыққан сәтте шошындырды дұшпанды,
Қыз жүректің қызыл қанға тұнғаны .
-деп қазақ қыздарының отбасының берекесі, әр азаматының иесі екенін, адамгершілік, бауырмашылық, ғашықтық, достық қатынасты берік ұстауы керектігін тілге тиек етті.
Осы орайда ақынның жан-жары Гүлбаршын апайға арнап жазған мына өлеңіне тоқталғым келеді:
Үш бала біздің үйдің үш тағаны,
Базарлы балғын шаққа құштар әлі.
Анасы мөлдір аспан,
Мөлтек әлем,
Үш құлын үкі тағып ұштағаны.
Алдымда не тұрғанын мен бе білген,
Көп еншім енді қайтпас кенде күннен.
Арындап, алаңдамай алға тарттым,
Үш перзент анасына сенгенімнен,
Келер күн бірге көрді қалтарысын,
Ішінде тамам келін алқалысың.
Жансая бола білдің жампозыңа,
Әйтпесе шығар еді-ау жалпақ ісім.
Жас толқын біздей құмыр сүре білсін,
Бұл енді ел түсінер тілегім шын.
Мен сенің тағдыр тартқан Алпамысың,
Гүлбаршын,
Баршынгүл де бір өзіңсің.
-деп, жан – жұбайына сезіммен қоса алғыспен арнаған өлеңі. Ұлдары Дархан мен Дулат қызы Әйгерім үшеуі отбасыларының тағаны. Гүлбаршын апайымыз ақкөңіл, ақжарқын, кеңпейіл жан екенін, мөлдір аспан мен мөлдір әлемге теңейді. Жанына сая болып келгенін мақтанышпен айтса, жастарға: «Жас толқын біздей ғұмыр сүре білсін» — деп тілегін, айтарын айтады. Ең бастысы ақынның биікке жеткенін айту үшін аспаннан түстім демеуінде, Гүлбаршын апайға, ұлттық дәстүр, өткеніне табынуға деген махаббаты.
Әміре Әрін тек ақын ғана емес екендігін басында да айтып кеттім ғой. Сонымен қатар ол – саяхатшы. Түркия, Германия, Сібірді Сахалинге дейін көріп, СССР жерлерін аралап қайтқан. Оның айғағы, мәдени, саяси, тарихи пікірлер мен көзқарастарға үңілгендігі. 2007 жылы жарық көрген «Томирис» кітабының «Әңгімелер», «Сын, рецензиялар», «Қалам ұшында-ақ әлем», «Өмір өрнектері» бөліміндегі мақалалар осының айдан анық ақиқаты, дәлелі. Міне, Әміре Әрін махаббат тақырыбына балдай жырлар арнаған лирик ақын. Судай сұлу махабатты жырлайтын лирик ақын.
Дүниежүзінің картасына Жетісу деп жазылған өлкеде қазақтың көк теңізі –Қаратал оның күретамыры. Ал, «Дөңши» Әміренің кіндік қаны тамған жері. Әміре Әрін Жетісудың бел перзенті. Содан да болса керек, жерұйығы Жетісуды үнемі жырлап, туған жері өскен ортасына деген махаббат сезімі үнемі алаулап тұрады. «Шырқау әннің шілдерін» қарастырсақ (жалпы 6 шумақ):
Шиге оранған шіркін-ай,
Сол бір дөңдер,
Бал құрақтай бідерді өндір деңдер.
Заман ауыл кетсе де, қоғам шауып,
Сол елесті ей, уақыт, сөндірмеңдер!
Аллитерация Белесті құм,
Бел шеңгел сауырында,
Қатар өрген ақ нөсер, дауылың да,
Дөңши атты ауыл бар шырақ жаққан.
Тентегі де қыңқ етпес қауымында.
Бұл өлең жолдарында ақын дөң мен шиден тұрған Дөңшиін тебірене, тамсана жырлайды. Табиғаты қатал (ақ нөсер, дауыл) екенін де қалдырмайды.
Атқан таң –
Аллитерация Көрер қызық түсінгенге,
Күн тимес көп құбылып күтінгенге.
Ассонанс Ауылым,
Атажұртым аман ба деп,
Шошимын кейде кіріпті түсімнен де.
Бұл шумақ ауылына деген сүйіспеншілігі, патриоттық лебінің асқақтығының көрінісі.
Аллитерация Шыдап өстік сынақтың қандайына,
Шыған кеттік,
Қалды ғой мал жайына.
Келі түйген кездерім көлденеңдеп,
Талқан дәмі келеді таңдайыма!
Талай қиындыққа мойымай, келі түйіп, ауылдың дәмін аңсағаны. Ұтымды пікір, ұтқыр ой, перзенттік махаббаты Балқаш көліне арнаған «Бедер» өлеңінде:
Балқаштың балдыр тұнған бал суына,
Күмп берсең,
Кеуде тосар малтауыңа,
Күміс күн шабыт қосар шалқауыңа.
Қадымнан қарайластың сай ұлыңа,
Қазір де үнсіз ұлттың жайды мына.
Қайыра қасиетті қарт Балқашым,
Жыр – кесте сурет салдым айдынына.
Халқы шалқар көлінің көркі мен қызығына бататын табиғатын, қос шумақта поэзия тілімен нәзік кестелейді.
Тіпті, Балқаш көліне арналған өлеңдерінде, арнасына құйылатын су тапшылығынан жылдан-жылға тартылып, Балқаштың сағасына енді Матай стансасына келсе, бұл көлдің жоғалатынын ашыла, ашына жырлайды. Міне, Балқашқа былайша арта түседі:
Балқаш көл- бойтұмары бұл қазақтың.
Барған жан, бастан кешер бір ғажап күн,
Бал құрақ, балдыр тұнған, байтақ өлке,
Бойына барын жиған кіл-тараптың.
Тілегім –бүгін кеткен үстемелеп,
Жарты емшек-өзен суы жете ме деп,
Сағаңнан –
Атам-станса жоба тапса,
Мен қорқам,,
Бағың ауып кете ме деп…
Ақын Әміре Әрін өлеңдерінде ту алған бірі және бірегей тақырыбы «Өмірі өзі жайлы» өлеңдер «Тәубә, Тәңір», «Өткенім менің-өпкенім», «Ғарыш ғасыр», «Ойларымның ағып түскен жасыны», «Ес жиятын ертелеп кезде келді», «Ақиқат», «Бүгілген бұтақ», «Ұтқаным», «Ән салған Арыс», «Алпамыс пен Гүлбаршын», «Тойға барам», «Төзім», «Тұптасып жетсем сағымға», «Мін тағам», «Құшақ отын», «Ептеген мін», «Тілшімін мен-Үнімін тіршіліктің», «Жұмбақ дүние», «Құнан бәйге», «Өшпейді шырағың», «Ұшар көлім», «Жігіт айнасы», «Тағзым», «Арналарым ашылмай», «Білезік» өлеңдері айдай анық ақиқат. Ақын өзін емес өзгені де ойлап, өзі жайлы аз жазса да, саз жазатын ақын.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әміре Әрін өлеңдерінің тіл бейнелілігіне қалам тербеген ғылыми жұмысымды Әміре Әрін мен оның шығармашылығы ел, жер толғаныстары, өмір болмысы арналарына арнадым.
Зерттеу барысында, тек ақындық жағынан үңіліп қоймай, Әміре-журналист, Әміре-әнші, Әміре-драматург, Әміре-публицист, Әміре-жазушы екеніне көз жеткіздім.
Әміре Әрін өлеңдерінде қазақтың қанына біткен шешендіктің, қадір-қасиеті тән, ақын Әміре Әрін жырларын барында өткір, жігері, қорғасыннан құйған сақадай дөп түсіп жатқан салмақтысы, оңай айтылып, қиынды ұқтырар ойнақы өлеңдерінің көркемдігі мен жинақысы, Әміре Әріннің қаламынан шыққанын жас та болсам да жазып дәлелдедім.
Ақын, Әміре Әріннің өлеңдері-қазақ халқы поэзиясы тарихындағы, ерекше құбылыс. Ақын өзіне дейінгі ұлттық көркемсөз өнерінің бар асылын бойына сіңірген.
Әміре Әрін өлеңдерінде қазақ халқына
Әміре Әрін-діни қағидаларды тірек ететін табиғатынан діни сенімі берік ақын. Ақын өлеңдерін өскелең ұрпаққа жеткізіп, тіл шеберлігін таныту менің басты міндетім. Ендігі уақытта ақын өлеңдеріне қалам тербеген бұл жобамды парасат журналына, парақтарына шығарып, теледидар, радио арқылы елге, содан әлемге паш ету. Ашылмай қалған алдағы уақытта ашу.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Әміре Әрін.Томирис – 2007 жыл
- Әміре Әрін.Маздақ – 2007 жыл
- Әли Алпысбай. Досым-досым бейне баян
№ 17 орта мектептің 9 а сынып оқушысы Өскембаев Ерасылдың «Әміре Әрін өлеңдерінің тіл бейнелілігі» тақырыбына «Дарын» ғылыми жобасына жазған жұмысына
ПІКІР
Жетісу жерінен шыққан өзіндік дара қолтаңбасы бар, өлеңдегі өрнегі бөлек танымал ақын, дархан қазағымның пейіліне берген, жер жанаты – Жетісу жерінің тума талант иесі, Қазақстан Жазушылар одағының, журналистер одағының мүшесі, қазіргі таңда Алматы облыстық «Жетісу» газеті редакторының бірінші орынбасары, «Жетісу» телеарнасы «Замана» ұрпақ парызы. Әміре Әрін Жетісу жеріне ғана танымал, талай мүшайралар мен жыр додасында оза шауып,жүлделі орындардан көрініп жүрген талантты ақын. Жетісулық ақындардың көрнекті өкілі. Әміре Әріннің лирикалық өлеңдерінің тақырып аясы кең. Лирик ақын туған жер, Отан жайлы өлеңдері мен табиғат лирикасына арнаған жырларында, махаббат туралы өлеңдерінде аса нәзк сыршыл.ақын философиялық толғаныстарында биік сезімге бөлеп, оқырманына ой салып, асқақ армандарға жетелейді.
Әміре Әріннің қаламының ұшымен зерленген жыр шумақтары туған жер табиғаты, ел, Отан, ерлік, бірлік тақырыбын тамаша бейнелеген бейнелі ой, көркем тілге бай. Ақынның азаматтық лирикасын зерттеуде алға қойған мақсаттың өзі Әміре Әріннің лирикалық өлеңдерінің көркемдігін ашуға арналған. Өскембаев Ерасыл осы қойған мақсат үдесінен шыққан. Тағы бір атап өтер жайт ақын өлеңдеріне жасалған талдаулар теориялық қисындармен тиянақталып отырған. Әдебиетке ерте араласқан, өзіндік үлес қосқан байыпты, зерделі, танымы терең, талғамы нәзік, көкірегі Әміре Әрін шығармашылығына жан-жақты зерттеу әлі жасала қойған жоқ. Әміре Әрін поэзиясының тақырып аясының кеңдігін, тіл көркемдігін ашып көрсетуді, өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігін айқындауды, сөз кестелеріне, өлең өрнектеріне талдау жасауды, ақындық дәстүр мен жаңашылдық көріністерін ашуды негізгі мақсат етіп алған талапкердің ізденісі құптарлық әрі қуанарлық. «Жетісу әдебиеті» бағдарламасы негізінде зерттеу нысанына алынған «Дарын» ғылыми жобасына ұсынылып отырған жұмыс ғылыми негізді, өзекті мәселені дер кезінде көтерген-зерттеу.