М.Мағауин. «Бір атаның балалары» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі

Сабақтың тақырыбы: М.Мағауин. «Бір атаның балалары» әңгімесіндегі кейіпкерлер     бейнесі

Сабақтың мақсаты:

 

а) білімділік; әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау;

ә) дамытушылық; оқушы қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, ойын

нақты жеткізе білуге дағдыландыру;

            б) тәрбиелік; адамгершілік,қайырымдылық, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді нақтылау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топтау,талдау, салыстыру.

Көрнекілігі: жазушы портреті,кітаптары,суреттер,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері.

 

Сабақтың барысы:

 

     І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау            

  1. Жазушы М.Мағауиннің әр жылдары жазған еңбектеріне шолу
  2. Кестені толтыру
АвторыШығарманың атыОқиғасы
М.Мағауин«Бір атаның балалары»Соғыс кезі.Қиыншылық .Күйзеліс.Жетім балалар.

      ІІІ.Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс

     Мәтіннен үзіндіКімнің сөзі?
—          Ал,ағайын, тегіс жиналсақ, сөзіме     құлақ  сал.

—          Неміс деп,орыс,қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә.

—          Менің ағам әлі тірі.

—          Басекең дұрыс айтады, баланың саны алтау.

 

 

басқарма

 

Ахмет

 

Конақ бала

Дәуренбек

 

Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру.

КейіпкерлерІс-әрекеттеріМінездеме
АхметЗигфридті таңдайды, ат қойып,той жасайды,бағады,тәрбиелейді.Адал,балажан,қонақжай,еңбекқор,мейірімді,парасат-ты,ақылды кісі.
ЗигфридТез тіл табысады,тіл үйренеді,еңбекке араласады.Тіл алғыш,пысық,көпшіл,ақылды,жайдары,бауырмал,

кекшілдігі жоқ.

ДәуренбекСақтандырады,таяз ойланады,қыңыр сөйлейді.Қыңыр,ашушаң,өр мінезді.

 

 

Кейіпкерлер бойындағы адами қасиеттерді топтастыру

 

 

 

 

Салыстыру

 

Соғыс кезіндегі балалар өміріБіздің замандастарымыз

 

 

 

Осы шығармадағы кейіпкерлер әлемі сендерге ұнады ма? Қалай ойлайсыңдар,повестің атауы дұрыс таңдалған ба? Зигфридтің тағдыры арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастады?

Ой-түйін; достық,татулық туралы мақал-мәтел айту.

Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе мен қандай тәрбие аламын?

 

 

Оқулықпен жұмыс

Мәтіннен тұрақты тіркес,мақал-мәтел,бейнелі сөздерді табу.

Тұрақты тіркестерМақал-мәтелТеңеу сөз,портрет

 

ІV.Сабақты бекіту

Тест тапсырмалары

1.Балаларды ауылға не үшін алып келді?

а) жұмыс  үшін; ә) соғыс болғандықтан; б) жетім қалғандықтан.

2.Бригадир Берден қай баланы алды?

а)Нартайды,ә)Ертайды,б) Яковты.

3.Сол ауылдан соғысқа қанша азамат қатысты?

а) 43; ә) 52;б)39.

4.Нартайды кім алды?

а)Бригадир;ә) Берден;б) Жақып молда.

  1. Ауыл бойынша ойнаған ойын атауы?

а) «  Көкпар»;ә) «Айгөлек»; б)»Сақина салу»

6.Зекен сиырларды егінге түсіріп жібергенде,Ахметпен жанжалдасқан кім?

а)Басқарма;ә)Дәуренбек;б)Бәйбішесі.

7.Ахмет қай ауылға көшті?

а)»Қызыл ту»;ә)   «Қайрат»;ә) «Балдырған».

8.Ахмет пен Зекен арасындағы ұқсас қасиеттер?

а) бұзықтық; ә)ширақ;б) адалдық.

  1. Білімді бағалау.

V.Үйге тапсырма: Зигфридке хат жазу.

 

VІ.Қорытынды: Достығымыз жарасқан.