Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт»

Ахмет Байтұрсынұлы  «Қара бұлт»

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік : А. Байтұрсынұлының өмірбаянымен, тілші,  әдебиетші, көсемсөз шебері, ақын және аудармашылығын таныту; «Қара бұлт» мысалының мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу.
 Дамытушылық : оқушыларға өз ойын ашық айтуға көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп, рөлге бөліп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру.
 Тәрбиелік : автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен аулақ  болуға  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өзін-өзі  тану  пәнімен  ықпалдастыру  сабағы

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сыни тұрғысынан ойлау, жағдаяттық  талдау, жинақтау

Сабақтың формасы: топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан  тарихы, география.
Көрнекіліктер: Ахмет портреті, аударма өлеңінен үзінді, шығармалар жинағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Оқушылдарды  түгендеу

б) Оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару

Үй  тапсырмасын  сұрау

  1. Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңін жаттап келу.

2.Мағынаны тану. Ыбырай, Абай, Шоқандар салған ағартушылы — демократтық бағытты жалғастырушы Ахмет Байтұрсынұлының  өмірбаянын  дайындап келу тапсырылған.
3. «Қырық  мысал  жинағы « қай  жылы  жарық  көрді?

Бүгінгі сабақтың мақсаты және эпиграфымен таныстыру.
«Ғибрат алар артыңа іс қалдырған,
Шын бақыт,
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!» деп Шәкәрім ақын жырлағандай артына, кейінгі ұрпаққа ғибрат аларлықтай іс қалдырған, қазақ тілі емлесі мен әдебиет қағидаларының негізін салушы ғалым, қоғам қайраткері, мысалшы, дарынды ақын, қазақ әдебиетінде орны ерекше біртуар тұлға Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығына арналады.
Сабақтың жоспарымен таныстыру.
Балалар суретке назар аударыңдаршы. Суретте не бейнеленген? (қара бұлт) Қара бұлт біздің көңіл — күйімізге қандай әсер береді? (көңіліміз жабырқаңқы болады) Ендеше бүгінгі сабағымыздағы барлық тапсырманы орындап, қөңілімізге жақсы ауа райын орнатайық.
Сыныпты үш топқа бөлеміз: «Баяндаушылар», «Зерттеушілер», «Ақындар».
Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық(көңіл-күй дайындығы).
Үш топ бір — біріне жылы лебіз білдіреді. (1мин)
Әр топ өз басшыларын сайлайды. Топ басшысы өз тобының жауап берген оқушыларының «Бағалау парағына» баға қойып отырады.

Интерактивті тақта арқылы өмірбаян деректерін толықтыру.
1) 1872жылы дүниеге келді; 2) 1891 жылы орыс — қазақ мектебін бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895 — 1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде оқытушы және қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
1909 жылы 1 шілдеде Семей қаласының түрмесіне жабылып, қазақ болыстарынан тыс жеріне жер аударылды. Ағартушылық қызметінен қол үзбей, 1934 жылға дейін айдауда жүреді. 1937жылы 8 желтоқсанында атылады.
Шығармашылығына шолу бейнесюжет арқылы жасалады. Соның ішіндегі «40мысал» кітабына тоқталып, мысал жанрын талдау.
«Зерттеушілер» тобына мысал жанры туралы мәлімет жинақтап әкелу.
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін шағын көлемді көркем шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс,, балық өсімдік дүниесі, кейде адам да қатыстырылады.
Мысалда қулық – түлкі бейнесімен, зорлық, зомбылық — арыстан бейнесі, қастандық – қасқыр бейнесі арқылы адам бойындағы жағымсыз қылықтар тұспалдап көрсетіледі. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі болады.

— Мысал дегеніміз не? Мысал жанрының даму тарихын зерттеп келген «Зерттеушілер» тобына сөз кезегін береміз.
Мысал —  дегеніміз  айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті шағын көркем шығарма.
Грецияда — Эзоп
Франция — Лафонтен
Англия — Томас Мур
Германия — Х. Геммерт
Орыс әдебиетінде — В. Трерановский, Кантемир, А. Сумароков, И. В. Крылов.
Қазақ әдебиетінде мысал жанрын дамытқан — Абай, Ыбырай, Ә. Бөкейханов, С. Көбеев, С. Дөнентаев, А. Тоқмағамбетов.
Уағыздап нақтылап айту тәсілі жоғалмай, халықтың мақалдарымен, нақыл сөздерімен ұштастырады.
«Әдебиетшілер» тобы:
— А. Байтұрсынов мысалдарда қазақтың әлеуметтік өмірінің шындық жақтарын бейнеледі және ғибраттары мол.
Аллегория — (грекше «пернелеп айту») деп мысал өлеңіндегі құбылуды айтады. Мұнда жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады.
Мысалда қулық — түлкі бейнесі, зорлық — арыстан, қастық — қасқыр бейнесінде берілген.
— (Бір мысалды жатқа оқу) 5 — сыныпта А. Байтұрсыновтың қандай шығармаларымен таныстыңдар? (Аққу, шортан һәм шаян, «Балықшы мен балық», «Өгіз бен бақа».
«Аққу, шортан һәм шаян»
Мысалын еске түсіріңдерші Ақын нені айтқысы келді? Ақын аудара келе өзінің жанынан қандай жолдарды қосты?
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

Жаңа сабақ. Бүгінгі танысатын мысалымыз А. Байтұрсыновтың «Қара бұлт» өлеңі.
1. Сөздік жұмысын жүргіземін
Аптап — өте ыстық, көк — аспан, құр — жәй, пәрменінше — бар күшімен, қайран қалу — таңқалу, қайыр — пайда.
Жалпы география пәнінен бұлт туралы не білесіңдер? Оның табиғаттағы маңызы туралы айтып кету.

2. Электрондық оқулықтан мәтінді тыңдату.
Миға шабуыл.
Өлеңде не туралы айтылғаны жөнінде, қандай кейіпкерлер қатысқанын сұраймын.(Бұлт, шаруалар, қурап тұрған егін)

2«Баяндаушылар» тобына тапсырма. Әр шумағын оқыта отырып мазмұнын аштырамын. Өз сөздерімен мазмұнын баяндап береді.
Ұлылар үндестігі. Мақтаншақтық туралы айтқызып, Абайдың қай шығармасында айтылатынын ойға түсіру.

3«Зерттеушілер» тобы. Рөлге бөліп сахналандыру. Екі оқушы: бірі — тау, екіншісі — автор.
4. «Әдебиетшілер» тобы: Поэтикалық талдау жасау.(Шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін ажыратып, көркемдегіш тәсілдерін мәтіннен табу. Бұлттай – теңеу, әпитет, кейіптеу)
Мәтінді тағы бір мәрте мәнерлеп оқыту. Сұрақтарға жауап:
1) Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?
2) Тау сөзімен адамдардың қандай қасиетін көрсетпек болған?
Жаңа сабақты бекіту.

ІҮ. «Венн диаграммасы»
БҰЛТ адам ТАУ
ойындағы қасиеттер
● Бұлт пен таудың астарында қандай адамдар жатыр?
● Бұлтқа ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
● Тауға ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
● Бұлт қандай бейне?
● Тау қандай бейне?
● Абай атамыз айтқандай адам бойындағы бес асыл іс пен бес дұшпанды қане, кім атап береді?
Бұл мысалда ғибрат алар қай шумақ? Оқыту.
Егерде сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге.
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге.
Венн диаграммасы арқылы Тау бойындағы, бұлт бойындағы қасиеттерді тапқызып, таудың, бұлттың мінез — құлықтарын ашқызу. Адам бойындағы қасиеттермен, өмірмен байланыстыра айтқызу.
Ақын мысалындағы байлық үшін, мансап үшін, жақсылығы өз басынан артылмаған, сусап, құрғап тұрған егінге тамбай, онсыз да суы көп теңізге барып бар пәрменінше жаңбырын құя салған қара бұлтты адам бойындағы қандай қасиетке теңер едіңдер?
«Дәптермен жұмыс» мәтіннен синоним, антоним сөздерін теріп жазу.
Синоним — тамбау, жаумау; пайда, қайыр;
Антоним — жаумай — құя салу;

«ҮІІ. «Ой қорыту» (пікіралысу)
— Қайырымдылық деген не?
Қазіргі заманда қайырымдылық керек немесе керек емес.
С. А. Назарбаеваның фотосуретін көрсетіп, «Бөбек» қайырымдылық қоры туралы айтып кету.

ҮІІІ. «Топтастыру» стратегиясы (топтық жұмыс)

Түйін:
Адам — өмірге қонақ.
Мақсат — бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, қайырымды, адал өмір сүру.
ІХ. Бағалау
Х. Үйге тапсырма: 1. «Қара бұлт» өлеңін жаттау
2. Тақырыптық сурет салып келу.
3. «Анама хат» өлеңін талдап келу.