«Білгір биологтар»
Тақырыбы: «Білгір биологтар»
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: ой — өрісін, белсенділік қабілетін, танымдылық қызығушылығын арттыру, логикалық cұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру
- Дамытушылық: оқушылардың тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін арттыру, ой — өрісін кеңейту
- Тәрбиелік: тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа,табиғатты аялап, оған жаңашырлық танытуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс – сабақ
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, плакаттар
Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Білгір биологтар» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер.
Біздің бүгінгі сайысымыз ІІ-топтаң, V-кезеңнен тұрады.
І-топ «Жануарлар патшалығы»
ІІ-топ «Өсімдіктер патшалығы»
І-кезең «Бәйге»
ІІ-кезең «101 жұмбақ,1001 мақал»
ІІІ-кезең «Ойлап тап»
ІV-кезең «Сөз құрастыр»
V-кезең «Судың да сұрауы бар»
І-кезең «Бәйге»
Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады. Сұраққа топ бйынша жауап береді.
- Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)
- Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)
- Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)
- Ұрықтан дамитын тамыр (негізгі тамыр)
- Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)
- Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі (Вакуоль)
- Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтамасыз ететін ұлпа (Түзуші)
- Негізгі тамыр өте жақсы жетілген тамыр жүйесі (Кіндік тамыр жүйесі)
- Өркеннің бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі (Буын)
- Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)
- Ұша алмайтын құс (Пингвин)
- Тері ауруларын зерттейтін ғылым (Дерматолог)
- Заттың түсіңн ажырата алмайтын ауру (Дальтонизм)
- Қан беруші адам (Донор)
- Ересек адамда неше тіс болады (32)
- Жүректі зерттейтін ғылым (Кардиология)
- Ең үлкен құс (Страус)
- Тісті емдейтін дәрігер (Стоматология)
- Қаназдық ауруы (Анемия)
- Қоян жылына неше рет балалайды (3-4)
- Кенгуру неше метрге секіре алады (Он)
- Бір жылда екі рет төлдейді (Ешкі)
- Адамға ең жақын жүретін және бірге тұратын жануарлар (Ит, мысық)
- Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері (Аталық, аналық)
- Бидайдың жемісі қалай аталады (Дәнек)
ІІ-кезең «101 жұмбақ, 1001 мақал »
Бұл кезеңде әр топқа жұмбақ жасырылады. Егер бір топ жауап бермесе, екінші топ жауап береді.
- Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
- Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)
- Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
- Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)
- Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)
- Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)
- Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан) - Орманда жоғары
Ғашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)
- Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза. (Мысық) - Қаймықпайды күштi аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Пiл)
- Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ. Су
2.Отқа жанбас, суға батпас. Мұз
- Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. Сәбіз
- Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. Пияз
- Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреі бірге. Ай
- Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоы бар. Қой
- 7. Ерте тұрады,
Жар салады. Қораз
- 8. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. Қарбыз
- 9. Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрегі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар, ұшпайды,
Су астында қыстайды. Балық
- 10. Екі ағайынды, екеуі де бір үйде
Бірін-бірі көрмейді. Көз
ІІІ-кезең «Ойлап тап»
Бұл кезеңде ойыншыларымыз жасырылған сөзді тауып, сол сөзді жазу керек.
- Су анасы — ……., (бұлақ)
Сөз анасы — ……. (құлақ) - ……….. – зор байлық (Денсаулық)
- Ер қанаты — ….. (ат)
- Арық бар жерде … бар, (су)
Су бар жерде … бар. (ну) - Ажалды қарға ……… ойнайды (бүркіпен)
- Жер –.….., (ана)
Ел –……. (бала)
- Батырды …….. өлтіреді, (намыс)
Қоянды ……. өлтіреді. (қамыс)
IV-кезең «Сөз құрастыр»
Бұл кезеңде тақтаға бірнеше әріптер беріледі, соны пайдаланып химиялық элемент атауларын құрастыру. 3 минут беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
а | р | б | ү | о |
п | е | у | г | я |
к | л | ы | н | х |
и | с | з | т | ж |
V-кезең «Судың да сұрауы бар»
Бұл кезеңде әр топтан екі оқушы ортаға шығады. Екі оқушыға арақашықтықта орналасқан суы бар ыдыстан екінші бос ыдысқа қасықтап су тасу керек. Ыдыстары толғаннан кейін мұғалім қасында тұрған гүлді суару керек. Кім бірінші болып гүлге су құятын болса сол топ жеңіске жетеді.
Сонымен, оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті.
Сау болыңыздар!