Ш. Мұртаза Тұтқын бала. 2-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза Тұтқын бала. 2-сабақ.
Сабақтың мақсаты: 1. Тақырыпты толық аша білу.
- Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларды зеректікке, алғырлыққа, ойлылыққа баулу. Сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Кейіпкерлердің мінездері арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сайыс.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, мазмұндау, тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ.Жаңа сабақ
- Ойынның шарты түсіндіріледі.
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
1-тапсырма.
Тест.
2-тапсырма. Мінездеме беру.
3-тапсырма. Жоспар бойынша мазмұнын әңгімелеу.
Тұрар Қырғызбаев – орысша – мұсылманша мектеп оқушысы.
4-тапсырма.
Сұрақтарға жауап беру.
5-тапсырма. 5жолды өлең.
6-тапсырма. Әдеби теориялық ұғымдар бойынша теңеу, портретті табу.
ІІ деңгей, ІІІ деңгей тапсырмалары да дәл осындай болып келеді.
- Қорытындылау.
- Бағалау.
І деңгей. Тест
1.«Оян,Тұрар!» — деп Тұрарды камерадан оятқан кім? А. Надзиратель Ә. Губернатор Б. әкесі Рысқұл В. Приходко мырза
- Приходка мырзаның ұлының аты кім? А.Андрей Ә.Аркадий Б. Иван В.Бронников
- Аркаша сабақты қалай оқыды? А. Жақсы Ә. Орташа Б. Өте жақсы В. Жаман
- Надзиратель Тұрарға ұрысқанда араша түскен кім?
А. Рысқұл Ә. Белгісіз тұтқын Б. Күзетші В. Бронников
- Рысқұлды айдауға әкетіп бара жатқанда тұтқындар қалай қоштасты? А. ерте тұрды Ә. Есік алдына шықты Б. Терезе торларын тоқпатады В. Дауыстап қоштасады
- Есік алдына шықты, әке мен бала арасын жалғап келе жатқан жіпті штыкпен қиып жіберген кім? А. Айдауыл Ә. Надзиратель Б. Рысқұл В.Жіп өзі үзілді
- Түрмеден қашқан Тұрар кімнің үйін паналады?
А. Белгісіз үй Ә. Өз үйі Б. Қырғызбай В. Приходько
ІІ деңгей. Тест
1.Қырғызбай Тұрарды оқуға жаздыруға неден қорықты А. Оқытқысы келмеді Ә. Түсінбеді Б. Рысқұлдың баласы екенін білдірмейін деді В. Жай, себепсіз
2 . Тұрардың фамилиясы кім болып жазылды? А. Қырғызбаев Ә. Рысқұлов Б. Қызыл жебе В. Тұрар
- Тұрар мектепте алғаш жазған сөздер: А.Наташа Ә. Қызыл жебе, көке Б. Ата В.Қырғызбай
- Тұрар тақтаға шыққанда не үшін күлді? А. Жазуы нашар Ә. Бойы қысқа Б. Шынтағы бешпенттен көрінеді В. Бор ұстағанға
- Оған күлген бала кім? А. Атамырза Ә. Наташа Б. Аркадий В. Барлық оқушы
- «Шынтақ жеңнен үңіліп қарамайды, оған надан үңіліп қарайды» Кімнің сөзі? А. Иван Ә. Директор Б. Семашко мырза В. Белгісіз
- Сұлу мұртты, бойы тік, әскери кісі кім? А. Иван Ә. Директорі Б. Ломоносов В.Профессор
2-тапсырма. Мінездеме бер.Тұрарға.
3-тапсырма. Диірменде туған тышқанның балас дүрсілдеп қорықпайды.
4-тапсырма. Приходько Рысқұлдың тілегін қабыл алғанда, қандай мақсат көздеді? Оның ойы орындалды ма? Гимназия алдына барғанда Тұрар нені көріп, нені армандаушы еді?
5-тапсырма. Бала.
ІІІ деңгей.
1-тапсырма. Тест
- Семашко мырза оқушы- шәкірттерді қалай таңдады?
А. Киіміне қарап Ә. Бойына қарап Б. Жазу, сауатына қарап В. Түріне қарап
- Тұрарды Семашко мырза қандай қызметке қабылдады? А. Күзетші Ә. Тілмаш, әрі писарь Б. Қарауыл В. Арба айдаушы
- Оқу бітіру куәлігін толтыру кезінде Тұрар қандай қылмыс жасағаны үшін директордан кешірім сұрады?
А. Бланканы бүлдірді Ә. Бағаны түзеді Б. Фамилиясын өзгертті В. Қате жазып жіберген
- Директор сол кезде не істеді?
А. Қуды Ә. Ақырып жіберді Б. Жағынан тартып жіберді В. Жүрегі әлсіреп сыздап, креслоға отырды
- Диірменде туған тышқанның балас дүрсілдеп қорықпайды. Кімнің сөзі? А. Иван Ә. Директорі Б. Семашко В.Тұрар
- Сен жаралы арыстанның баласының бауырым, Қызыл жебе деген сөзді кім айтты? А. Тұрар Ә. Иван Влад Б. Семашко В.Қырғызбай
- Рысқұлды айдауға әкетіп бара жатқанда тұтқындар қалай қоштасты?
А. Ерте тұрды Ә.Есік алдына шықты Б. терезе торларын тоқпатады В.дауыстап қоштасады
2-тапсырма. Аркашаға мінездеме бер.
3-тапсырма. Тұрар нағашы жұртында
4-тапсырма.
- Тұрар мен әке арасын не жалғастырды?
- Тұрар кімді, оның бойындағы қайтпас қайсарлық, алғырлық мінездің көзі неде деп ойлайсыңдар?
5-тапсырма.
Өлең құрастыру
6-тапсырма.
Үйге тапсырма.