Б. Майлин. Жазушының тағдыры. «Шұғаның белгісі». хикаяның мазмұны. «Шұғаның белгісі» хикаясының кейіпкерлері мен көркемдік қуатын талдау

Тақырыбы:  Б. Майлин. Жазушының тағдыры. «Шұғаның белгісі». хикаяның мазмұны. «Шұғаның белгісі» хикаясының кейіпкерлері мен көркемдік қуатын талдау

Мақсаты:       Жазушының ауыр тағдыры жайындағы деректер арқылы оның өлеңдері мен  прозасы  туралы оқушы пікірін  және сол кезең шындығына, кейіпкер жасаудағы автор идеясына көзқарасын тыңдау. Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Міндеті: автор шығармасында көтерілген мәселелерге жан — жақты талдау жасауға үйрету.

Блум жүйесі. Деңгейлері, белгілеріБерілген деңгейлер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар 

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Мұғалімнің іс әрекетіОқушының іс әрекеті
Білуі:

Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі

А.  Шығарма мазмұнын оқушылардың біліп шыққандығын тексеруге арналған сұрақтар тізбесін ұсыну: АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

1.  Әбдірахманның қандай жігіт екенін бірден тануға бола ма?

2. Шұға туралы  нақты бағалар қандай еді?

3.   Оқиғаны жандандыра түсетін жандар кімдер?

4.   Шұға трагедиясы қалай басталды, немен аяқталды?

 

дөңгелене отырып жауап береді
Түсінуі:

Мазмұн

дау, түсіну, сипаттама беру

Хикая мазмұнын  баяндау,әр жағдайға сипаттама беру :

.Әңгіме әңгімеден басталғанда, қандай мәселеге назар аударылды?

. Оқиғаға жанама араласа жүріп, басты кейіпкерді ашуға көмектесетіндер кімдер?

. Хикаяда  көмескі айтылып кеткен немесе белгісіз қалыпта қалған қандай мәселелер, әрекеттер, мінездер бар?

. Бір кейіпкер бойындағы қарама қайшылықтарды автор қалай береді?

. Сол заманның жастарына ортақ мінез бен қасиеттер кімдерден айқын көрінеді?

Ойлану

ға және жауап беруге уақыт беріледі

.
Қолдануы

Жаңа білімді пайдала

нып болжам жасау, жүйелеуі.

.  Әбдірахман мен Шұға неге Жамал секілді қашып кете алмады деп ойлайсыңдар?

. Шұға неге батыл бола алмады?

. Автордың сезімі мен бас кейіпкерлердің жан азабын сәйкестендіріп көріңдер.

Дәптерге орындайды, ауызша дәлелдейді.
Талдауы:

негізгі идея мен тақырып

ты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байланыс тыруы

ӘҢГІМЕ ДЕБАТ:

Жамал мен Қамарға қарағанда, Шұғаның тағдыры соншалықты ауыр емес.

КЕЛІСІМШІЛІК ӘҢГІМЕ:

Егер Шұға кедейдің қызы болғанда…. ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘҢГІМЕ:

Жер атауын әйелдің атымен атау қазақтың әйелге,қызға,анаға деген құрметін білдіреді.

.Топ болып талдап, спикер

лер ғана сөйлей

ді

Жинақ

тауы:

Дара болжамдар

дан тұтас бір ұғым тудыруы

Хикаядағы әр оқиғаның құрылысын талдау:

Басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы.

1. Әбдірахманды қолдаушылар мен қорлаушылар диалогі.    2. Шұға әрекетінің сатылы дамуы және оған өз бағаларыңыз.

Постер жасайды
Бағалауы: (сынай білуі, пайымдауы) шешім қабылдауы, ой қорытындысын  жариялауы, өз бағасын беруі.А. Маған хикаядағы  мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады:

Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:

Б. Қ.Ысқақтың «Қоңыр күз еді» хикаясын не үшін ұнатып едім деп ойланшы.

 

Жеке оқушының пікірі тыңдалады.
 Келесі сабаққа берілетін тапсырма«Маңғыстау ғашықтары жайында да аңыз көп» тақырыбына шығарма жазып келу.