C. Торайғыров. Өмірі. Ақындығы. «Қалың мал» романын талдау
Тақырыбы: 1. C. Торайғыров. Өмірі. Ақындығы.
- «Қалың мал» романын талдау. 1,2-сабағы.
Мақсаты: Ақынның ауыр тағдыры жайындағы деректі фильм арқылы оның өлеңдері мен романы туралы оқушы пікірін және сол кезең шындығына, кейіпкер жасаудағы автор идеясына көзқарасын тыңдау. Адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Міндеті: Роман көтерген мәселелерді жан — жақты талдау жасауға үйрету.
Блум жүйесі. Деңгейлері, белгілері | Берілген деңгейлер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар | Қолданылатын әдіс- тәсілдер |
Білуі: Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте сақтауы, мінездеме беруі | А. Роман мазмұнын оқушылардың біліп шыққандығын тексеруге арналған сұрақтар тізбесін ұсыну: РОМАН БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ 1. Ахмет Қамарға қалай кездесті? 2. Қамардың өскен ортасы қалай сипатталған? 3. Романдағы жағымсыз жандар кімдер? 4. Сүйгеніне қосылмаған жандарды не күтіп тұр?
| оқушылар дөңгелене отырып жауап береді |
Түсінуі: Мазмұндау, түсіну, сипаттама беру | Роман мазмұнын баяндау,әр жағдайға сипаттама беру : .Роман қандай көңіл күймен басталды? .Жорға Нұрымға қыз айттырушылар кімдер ? .Ахмет пен Қасен, Омарлар неге халықтан қолдау таппады? .Надандық пен жауыздыққа неге тоқтам болмады? | Ойлануға және жауап беруге уақыт беріледі. |
Қолдануы: Жаңа білімді пайдаланып болжам жасау, жүйелеуі. | .Неге Ахмет пен Қамар Жамал секілді қашып кете алмады деп ойлайсыңдар? .Қамар неге батыл бола алмады? .Автордың сезімі мен бас кейіпкерлердің жан азабын сәйкестендіріп көріңдер. | Дәптерге орындайды, ауызша дәлелдейді. |
Талдауы: негізгі идея мен тақырыпты ашуы, бөліктерге бөлуі, оны өзара байла ныстыруы | ӘҢГІМЕ ДЕБАТ: Қамар сондай сұлу болмаса, бақытты болар ма еді, әлде… КЕЛІСІМШІЛІК ӘҢГІМЕ: Бақытсыздыққа тек надандық кінәлі. (яғни, Қамарды өсектен қорғаймыз дегендер өлімге айдаудан қорықпады). ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘҢГІМЕ: Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар… ( Қызға қырық үйден тыйым…. Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды…. Ер билігі ел билігінде.) | Топ болып талдап, спикерлер ғана сөйлейді. |
Жинақ тауы: Дара болжамдар дан тұтас бір ұғым тудыруы | Романдағы әр оқиғаның құрылысын талдау: Басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы. 1. Ахметті қолдаушылар мен қорлаушылар диалогі. 2.Қамардың қасындағы қарама -қарсы характерлер: әкесі мен шешесі, ағасы мен ауылдас жігіттер, қыздар мен қатындар, Ахмет пен молда.
| Постер жасау |
Бағалауы: (сынай білуі, пайымдауы) шешім қабылдауы, ой қорытындысын жариялауы, өз бағасын беруі. | А. Маған романдағы мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады: Ә. Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:
| Жеке оқушының пікірі тыңдалады. |
Келесі сабаққа берілетін тапсырма | «Махаббат болмаса егер…» тақырыбына шығарма жазып келу. |
«Қамар сұлу» романы бойынша оқушылардың білімін бағалау бетшесі
Сабақ кезеңдері, жұмыс барысы | Бағалау дискрипторлары | Ұпай шәкілі | Ескертулер, Оқушы аты жөні |
Романның жазылу кезеңі, авторы туралы білу | . Мерзімін, баспасын, жазылу себебін қатесіз айтуы. . нақты емес, жалпылама айтып беру. .Роман туралы сол кездегі пікірлерді, деректерді нақты, толықтыра айтуы. . жалпылама айтып шығуы(дерексіз) | 0,7-0,9
0,3-0,6 0,7-0,9
0,1-0,4 | |
Романды мазмұндау | .Мазмұнды толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі. .Мазмұнды қысқарта айту, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі. .Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы. | 0,7-0,9
0,4-0,6
0,1-0,3 | |
Жеке бөлімдерді не жеке оқиғаны баяндау | . Әңгімені толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі. .Оқиғаны қысқартып, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі. .Жаттанды, әсерсіз,шатастыра айтуы. | 0,7-0,9
0,4-0,6
0,1-0,3 | |
Кейіпкерге сипаттама жасау,мінездеме беру | .Әр кейіпкерді әңгіме барысында дәл сипаттап бере алуы. . Кейіпкерді тек сұрақ барысында таныта кетуі немесе жеке бір белгісін (әрекетін, мінезін)ғана айтып беруі. | 0,7-0,9
0,4-0,6
| |
Сұраққа жауап беру | Дұрыс, толық жауапты көмексіз беру Аздаған көмекке сүйеніп,дұрыс айту Жауап шала, деректер қате берілсе… | 0,7-0,9 0,4-0,6 0,1-0,3 | |
Топтық талдауда өз ойын айту | .Ойын дұрыс әрі сенімді айтуы. .Басқа пікірлермен санаса білуі. .Ойы дұрыс, бірақ жеткізуі әлсіз.
| 0,7-0,9 0,4-0,6 0,1-0,3 | |
Ұсыныс айту, қатені түзету, сұрақ қою, топта көш басшылық ету | .Қажетті, дұрыс ұсыныс айтуы. .Ұсыныс айтуға жеке сөзбен немесе дерекпен көмектесуі. .Топтағы жұмысты ұйымдастыруы. . Топ жұмысына сирек қатысуы. .Топ мүшелеріне сұрақты нақты әрі дер сәтінде қоя білуі. .Қажетсіз немесе белгілі мәселені сұрауы, сұрақтың жүйесіз қойылуы. | 0,7-0,9 0,4-0,6
0,4-0,5 0,1-0,2 0,4-0,6
0,1-0,2
|