М.Мақатаев. «Райымбек! Райымбек!» поэмасы
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев. «Райымбек! Райымбек!» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
1.М.Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэмасының патриоттық рухы туралы сөз қозғау,ақын сезімі мен тарих шындығын ашу.
2.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,тіл байлығын арттыру.
3.Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,оларды батыр үлгісінде тәрбиелеу,ерлікке,елдікке шақыру,ел қорғаны болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд материалдары
Сабақтың түрі: модульді сабақ
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй жұмысын тексеру. Сюжеттік жоспар бойынша поэманың мазмұнын баяндау.
Сюжеттік жоспар
Оқиғаның басталуы: Ел басына түскен күн
Оқмғаның байланысы: Малшы бала арманы
Оқиғаның дамуы: Тентек бала аруағы
Оқиғаның шиеленісуі: Балаң жігітті мазалаған ой
Оқиғаның шарықтау шегі: Қабай бидің батасы
Оқиғаның шешілуі: Сынақтан өткен батыр
ІІІ.Жаңа сабақ
І.Кіріспе.
ІІ.Диалог. «Брейн-Ринг» ойыны
ІІІ.Қорытынды.
Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.Әр топта бес оқушыдан бар.Әр топ оқушылары сұрақтарға жауап беріп,талдау,зерттеу жұмысын жүргізеді. «Брейн-Ринг» ойыны үш деңгейлік тапсырмадан тұрады.
«Брейн-Ринг» ойыны
І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей
Танымдық сұрақтар Талдау,зерттеу жұмыстары Ой-толғау
Оқушылардың әр жауабы үшін бағалау қағазын алады.Сабақ соңында ұпай саны есептеледі.
І деңгейлік тапсырмалар
І топқа:
- «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» оқиғасы қай жылы болды?
- Мұқағали Мақатаев кім? «Райымбек!Райымбек!» поэмасын жазуға не түрткі болды?
- Поэмадағы жер-су аттарын ата.
- «Қаратаудың басынан көш келеді» Бұл қай шығармадан алынған үзінді?
- Жоңғар шапқыншылығына қатысты қандай тарихи атауларды білесің?
ІІ топқа:
- Райымбек батырдың кесіп өткен өзені.
- Жоңғар шапқыншылығына қатысты қандай батыр есімдерін білесіңдер?
- Батыр атымен аталған аудан қай облыста орналасқан?
- «Райымбек! Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы.
- Райымбектің атасы кім?
ІІ деңгейлік тапсырмалар.
І топқа:
- Ел басына түскен ауыр халді ақын қандай бейнелі сөзбен жазған?
- Қабай жыраудың аттан салған сөзін мәнерлеп оқы.
- Қабай жырау әулиеден не тіледі?
- Түке неден түңілді?Түке мен әйелінің диалогын мәнерлеп оқы.Диалог дегеніміз не?
- Би үміті қай сөзден көрінеді?
ІІ топқа:
- Балаң жігітті мазалаған ой.Үзінді келтір.Монолог дегеніміз не?
- Қабай жырау мен баланың дщилогын мәнерлеп оқы.
- «Қазақ қанын сылқытып жатыр дала» Құбылтудың қай түрі?
- Райымбекке Әлмерек би қандай шарт қойды? Осы бөлімдегі метафораларды тап.
- 18-дегі Райымбек қандай жігіт?Кейіпкер бейнесін топтастыр.
ІІІ деңгей. Ой-толғау.
І топ.Ел қорғаны – Райымбек.
ІІ топ.Елін қорғау – азамат парызы.
ІV.Қорытындылау.
Сұрақтар:
-«Үйде туып,түзде өлген» бабалардың ерлігін жалғастыратын ұрпақ бар ма?
-Бабалардың ерлігі арқасында жеткен жеңістің мән-мағынасы неде?
V.Үй тапсырмасын беру.Шығарма жазуға дайындық.
VІ.Бағалау.