Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикмет»
Пәні: қазақ әдебиеті | Сыныбы: 9 | ||
Тақырыбы: | Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикмет» | ||
Сабақтың мақсаты: | Ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері туралы дүниетанымын кеңейту, сопылық әдебиетті түсіндіре отырып, философиялық ой-өрісін дамыту. Сопылық әдебиет арқылы рухани тазалыққа, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру. | ||
Оқып-үйренудің негізгі идеясы: | XI-XII ғасыр ғұламалары туралы кеңірек мағлұмат алады. Түркілердің ежелгі шамандық нанымы мен ислам дінінің ұштасуы. «Диуани хикмет» жырының тақырыптық-мазмұндық тұрғыдан талдау жасай алады.Топта бірлесе жұмыс жасай біледі, ұтқыр ой айтып, шығармашылық қабілетін дамытады. | ||
Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер: | СТО стратегиялары:кубизм, еркін жазу стратегиясы, жеке жұмыс, топтық жұмыс. | ||
Тапсырмалар: | 1.Блум таксономиясы арқылы оқушыларға өлең мәтінімен таныса отырып, сатылай кешенді талдау жасау, өлең мазмұны мен идеясын анықтау. 2.Оқулықпен жұмыс жасау. 3.Шығармашылық жұмыстар.
| ||
Дерексөздер: | Оқулық, интертақта, флипчарт. | ||
Сабақтың барысы: | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті: | |
Ұйымдастыру | Амандасу, оқушыларды түгелдеу. | ||
Білім | Қожа Ахмет Иассауи кім? Қандай еңбегі бар ? | Топтастыру әдісі бойынша жауап береді. | |
Түсіну | Слайд арқылы Қожа Ахмет Иассауи, Киелі Түркістан қаласы жайында мағлұмат беру .»Диуани хикмет «еңбегінің тақырыбы, идеясын таныту. | Тілдік талдау жасау. | |
Қолдану | Хикметтерінен үзінді оқи отырып , жыраулар поэзиясынан үзінді келтіріп салыстыру. | ||
Талдау | Венн диаграммасы Абай мен А.Иассауи. | ||
Жинақтау | «Киелі сол екі су жағасына, Болмаса барсаңшы іздеп бабаң бейітін…» ойтолғау жазу. | ||
Бағалау | Бағалау бетшелерін толтыру | Өзін-өзі бағалайды,бірін-бірі бағалайды.Күнделікке жазып алады. | |