Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс»

Пәні:     қазақ әдебиетіСыныбы:     5
Тақырыбы:Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс»
 

Сабақтың мақсаты:

Азаттық үшін күрескен, патриот ақын М.Өтемісұлының өмірінен мәлімет беру, өлеңнің тақырыбын, идеясын ұғындыру. Отанын,елін,жерін сүйетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Ұлт-азаттық көтеріліс туралы қысқаша мәлімет алады.

Өлеңнің идеясын түсінеді.Топта ынтымақтастықта жұмыс жасай біледі, еркін ой айта біліп, шығармашылық қабілетін дамытады.

Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер:СТО стратегиялары, топтастыру әдісі, бес жолды өлең,екі түрлі күнделік толтыру, ой толғау.
Тапсырмалар:1.Өлеңді мәнерлеп оқу, тақырыбын, идеясын анықтау.

2.Сатылай кешенді талдау жасау, өлең құрылысына талдау.

3.Шығармашылық жұмыстар.

ДереккөздерОқулық, суреттер, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
I.Ұйымдастыру

 

 

Амандасу, оқушыларды түгендеуОқушылардың сабаққа әзірлігі
II.Қызығушылықты оятуТоптастыру әдісі бойынша

Махамбет кім?

Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жекелеген оқушылар орындайды.
Мағынаны тануСлайд арқылы ақын өмірі, көтеріліс жайында ақпарат беру.Оқулықтан өлеңді мәнерлеп оқиды.
Оқушыларды өлеңнің идеялық — мазмұндық талдауға бағыттайды, тілдік ерекшеліктері туралы сөздермен жұмыс жасатады.Сатылай кешенді талдау әдісімен өлеңге талдау жасайды, әдеби теориялық ұғымдармен танысады.
Ой қозғау: «Ақын өлеңін оқығандағы алған әсерің қандай?» деген сияқты проблемалық сұрақтар береді, шығармашылық жұмысқа бағыттайды.Ақын мен қызғыш құс басындағы ортақ қайғы.

(ойтолғау жазу).

Кубизм әдісі:Әр топқа тапсырма беру.

Мұғалім оқушының жұмысын топта бір-бірінің ой-пікірін ескере отырып, постер арқылы жеткізеді,жұмысына баға береді, мадақтайды.

Әр топ постер арқылы бүгінгі сабақтан нені үйренгендігін бірлесе отырып жазады, ой қорытады.
Ой қорыту: «Бес жолды өлең құрастыру» әдісі

1.Зат есім

2.Сын есім

3.Етістік

4.Синоним

5.Сөйлем

Әр топ жеке-жеке жұмыс жасайды.
Бағалау:Оқушылардың бірін-бірі бағалауы ескеріліп , жиынтық баға қойылады.«Екі жұлдыз, бір ұсыныс».
Үйге тапсырма беруӨлеңді жаттап келу

(Қосымша материалдардан тың деректер жинақтау ).

 

Рефлексия жасау.