Абай Құнанбаев, «Он жетінші қара сөз»

Қазақ әдебиеті. 8-сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев, «Он жетінші қара сөз»

 

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек

мәлімет бере  отырып, қара сөздерінің мағынасын ашу, ақыл, қайрат,

жүрек және ғылымның адам өміріндегі алатын орнын, оның жан

дүниесін түсінуге әсерін тигізу.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту,

бір-бірінің пікіріне құлақ асуға, шығармашылыққа баули  тәрбиелеу.

б) Тәрбиелік: Ұлы ақынның еңбектеріндегі асыл ойларды өмірде жүзеге асыруға,

адамгершілікке, адалдық пен ізгілікке, білімді азамат болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс, түсіндірмелі, рольге бөліп оқу, талдау,

жартылай іздену.

 

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы

 

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті,  тапсырмалар жазылған слайдтар, магнитті тақта

арқылы электронды оқулық материалдары.

 

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысы, дайындығы

ІІ. Өткен сабақты пысықтау үшін:

  1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін топтастыру арқылы тиянақтау

Абай кім: 1. ақын

2.сазгер

3.аудармашы

  1. ағартушы

5.мысалшы

  1. қоғам кайраткері

Абай-ақын:   1. өлең жазған

2.табиғат

  1. білім
  2. достық, махаббат
  3. балаларының қазасына арнау
  4. көңіл-күй
  5. « Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

А)Абайдың өздері білетін өлең шумақтарын жатқа айту

ә) Абай өлеңдерін оқығандағы түйгенім:

  1. адамгершілікке
  2. имандылыққа
  3. ізгілікке

4.қанағатшылдыққа

  1. адалдыққа т.б. тәрбиелеп, жетелейді, осы бағыттағы сөздерді әр оқушыға

тақтаға жаздыру

ІІІ. Жаңа сабақ. 1) Интерактивті тақтадағы слайдтар

 

 

 

  1. Қара сөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес

«ғақлия» — көркем сөз, дана сөз, асыл сөз.

  1. Қара сөздер 1948ж Семейде «Абай» журналында жарияланды.
  2. 1890жылдардан бастап Абай қара сөз жазған
  3. Тұңғыш қағазға түсірген – Мүрсейіт
  4. Қара сөздердің жалпы саны – 45
  5. Өзіндік ерекшеліктері:    сөйлемдері қысқа;

мағынасы кең;

ой саларлық мағынасы бар;

ғибрат (үлгі)беруді көздейді

философиялық сұрау басым;

өзі жауап береді;

өз-өзімен кеңес,ой-пікір білдіру үлгісінде;

2)Талдау бөлімі:   Оқушылар 4 топқа бөлініп отырғызылады, топпен жұмыс.

               Топтың аттары:    1. «Ақыл»

  1. «Қайрат»
  2. «Ғылым»
  3. «Жүрек»

Әр топтан бір оқушы мәтіннің тиісті бөлігін оқып шығады. 2-оқушы түсінгенін мазмұндайды.

3)Түсініксіз сөздермен жұмыс:    

Ғақлия-көркем,дана сөз

ғибадат-құлшылық ету, сиыну

мәдмәладқа жету-мақсатқа жету

ахирет-адамның о дүниеде сұралатын ісі.

нәпсі-құмарлық

залал-зиян

күнәкәр-күнәлі болу

Мінездеме беру,оқушылар бағасы, көзқарасы:

Ақыл-?          Жүрек-?      Қайрат-?     Ғылым-?

 

Оқушылар жауабы:

Интерактивті тақтаға жазбаша жазу.

Ақыл             көп қырлы жақсылық пен жамандықты бірдей ұстайды.

Қайрат             қатты,күшті, пайдасы да, зияны да мол, жақсылық пен

жамандықты берік ұстайды.

Жүрек            адам денесінің патшасы,адам жанының мекені

Ғалым            ақыл,қайрат,жүректің басын қосушы,адамға өле-өлгенше азық болатын ұғым.

 

 

 

5) «Ой қозғау» сәті:

Абай шығармаларындағы ақыл,жүрек,ғылым,қайрат туралы өлең жолдарын жатқа айтқызу.

1.Ақыл, қайрат,жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласын елден ерек.

2.Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба.

3.Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

4.Махаббат ғадауатпен майдандасқан,

Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Асау жүрек аяғын шалыс басқан,

Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?

5.Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

6.Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек?
7.Мал да бар жан мен тән,

Ақыл,сезім болмаса,

Тіршіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса.

  1. Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге,

Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?

9.Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Үннің тәтті оралған мәні оятар.

  1. Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да қуғанға.

  1. Жаңа сабақты бекіту:

1.Сонымен Абайдың қара сөздерінде айтылған пікірлерін түйіндей келе, адам қандай болу керек деп келгенін топтастырып көрейік.

 

 

Адам               төзімді  

жігерлі

білімді

тәрбиелі

елжанды

иманды

адал

арлы

зерек

 

2.Бүгінгі өтілген тақырыбымызды 5 жолды өлең стратегиясымен қорытындыласақ.

 

Кім?Абай-дана,ойшыл,философ

Қандай? Абай-ақылды,сауатты,көреген

Не істеді? Абай-қара сөз жазды.

Қашан? 1890-1898 жылдары

Не мақсатпен? Керегіне жаратсын.

  1. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. «Абай әлемі-терең, аспалы биік»тақырыбына ойтолғау жазу

 

 

Төлеуова Анар

Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясының жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі,Түпқараған ауданы,Маңғыстау облысы