Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы
Тақырып: Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:ХХ ғасырдың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таңыстыру.Ойшыл ,зиялы,ірі тұлға екенін оқушыларға жеткізу.
Тәрбиелік:Оқушыны болашаққа деген сенімге баулу.Отанды, туған жерді сүюге.ақын жырларынан үлгі алуға .сұлулық пен махаббатты тануға .адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың поэзияға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылық.,мемлекеттік тілге деген қызығушылық,мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті оятып,мәнерлеп оқу қабілетін,ұлттық сана-сезімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:ақынның портреті ,өлеңдер жинағы,әңдер жинағы,ақын туралы қанатты сөздер.
«Мұқағали мұрасы,сұлулық үлгісі
біздің бүгінгі игіліміз ғана емес,
Мұқағали мұрасы,маржан поэзиясы-
болашақ ұрпақтардың да еншісі,
қастерлеп-қадырлейтін қазынасы».
Зейнолла Серікқалиев
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі:жаңа материалды түсіндіру,мазмұндау, талдау,сарлау,бекіту,инсерт.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып,сабаққа дайындығын қадағалау, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Ақынның өмірбаяны
Шығармашылық жолы.
2.Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
ІІІ.Ізденіс аймағы.
ІҮ.»Әсем әуен» ән тыңдау.
Ү.Ән астарын түсінейік
ҮІ.Бекіту.
а)кластерді толтыру
ә)инсерт кестесін толтыру
ҮІІ.Қорытынды
1)Мұғалімнің сөзі
«Миға шабуыл» тәсілі арқылы тақырыпты талдау.
1) 09.02.1931 ж Алматы облысы,
Нарынкөл ауданы ,Қарасаз ауылында
2) Атасы-Мақатай,әжесі-Тиын
әкесі-Сүлеймен,анасы-Нағиман,
әйелі-Лашын Әзімжанова.
Балалары:Ләззат,Майгүл,Жұлдыз,
Айбар,Алмагүл,Шолпан
3) Өлеңді 10-11 жастан
бастап жазды. Алғашқы өлеңдері:»Қырман басын- да»,»Қойшы бала-Кәкітай»
4) 1954-1962 жж Қазақ
радиосында диктор,
1962-72 жж «Социалистік
Қазақстан»,»Қазақ әдебиеті»
газеттерінде,»Мәдениет және
тұрмыс ,»Жұлдыз» журналдарында.
Мұқағали Мақатаев-ақын,жазушы,драматург
5)»Ильич»,»Армысыңдар достар»,
«Қарлығашым,келдің бе?»,
«Мавр»,»Дариға жүрек»,»
«Аққулар ұйықтағанда,
«Шуағым менің»,»Шолпан»,
«Жырлайды жүрек»,
«Өмір -өзен»
6) Сабырлы,жуас,ақкөңіл,
шыдамды,аяулы.Адал досы,
үміті,сырласы,
мұңдасы-өлеңі еді.
7) 27.03.1976ж 45 жасында ұлы ақын
дүниеден өтті.
8) 1985 жылы Қазақстан жазушылар одағымен
М.Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды.
2000 жылы М.Мақатаев қайтыс болғаннан кейін «Аманта»
өлеңдер жинағы үшін Қазақстан үкіметі әдебиет ,өнер,
сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының мемле кеттік сыйлығын берді.
Мәтінмен жұмыс
2)»Автограф» өлеңі (мәнерлеп оқу),(үзінді)
Сырым да -осы
Жырым да-осы,
Алдыңда
Байқашы бір,
Бықсыдым ба,жандым ба?
…Махаңдар жоқ
Махаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!
2.»Менің анкетам» көрініс(үзінді)
-Туған жерің?
-Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
-Жынысың кім?
-Еркекпін ғой,еркекпін!
-Білімің ше?
-Орташа ғой.
Алайда өзімді жоғарыға балаймын.
-Мекен-жайың?
-Мекен-жайым-Жер менің
Жерде жүрген ақын деген
пендемін
Қалам қағаз,уақыт бер тек
аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін
келгемін.
ІІІ.Ізденіс аймағы
1)Қазақ поэзиясының көк аспанында жарық жұлдыздардың бірі болып тұрып қалған арынды ақын,дарынды ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығының қайта жаңғы-рығып,қайта түлеген шағынды-оның 81 жылдығы келген кезде ол жайлы сөз етіп отырмыз.Шын ақынның жүрегі тоқтағанмен поэзия әлемінде дауысы тоқтамайды екен.Соңғы жылдарда оның жырлары ерекше желпініс тауып,барша жұрттың жүрегіне шуақ құйғандай қаулап,дамып,ауқымын кеңге жайып барады.»Ильич»,»Армысыңдар достар»,»Қарлығашым ,келдің бе?»,»Мавр»,»Дариға- жүрек»,»Аққулар ұйықтаған-да»,»Шуағым менің»,»Шолпан»,»Жырлайды жүрек»,»Өмір-өзен» кітаптары.
Біз білетін Мұқағали поэзиясы кесек,тұнба алтын,табиғи күйінде туа қалған артық-кемі жоқ,төл әдебиетіміздегі ерекше құбылыс .Жыр жолдарына араласып,бірге дем алып,толқынымен бірге дірілдеп,бірге шаттана айқайлап,арнасында бірге жүзесің.Немесе,шөлдеп келіп тас бұлаққа бас қойғандай сіміріп жұта бересің-жұта бересің,рахат қаусаріне шөлің қанбай,тағы-тағы дегендей аптыға жұтасың.
Міне,Мұқағали поэзиясы осындай төгілмелі жыр жүйесіне жатады.Талантты ақынның қай-қайсы болса да өз қадір-қасиетін жақсы білген,өз деңгейіне жеткізе бағалай да білген.Мұқағалиды осы тұрғыдан тағы тындалық.
«Поэзия!» өлеңі(мәнерлеп оқу)
2)Біз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын тақырыпқа,кезеңге бөліп,қалыпқа салып талқылайтын болсақ айтарымыз қысқа ғана.
Ең алдымен Мұқағали азаматтықты жастайынан бойына сіңірген,әдебиетіміздің халық-тығын жүрек лупілімен түсінген,туған жерін,Отанын жанына балап шексіз сүйген,жалпы адам баласын ардақ тұтқан,өмірге ғашық ақын .Отан туралы өлеңі (мәнерлеп оқу),»Үш бақытым» өлеңі(мәнерлеп оқу).Ақын қазақ болып туғанына мақтаныш етеді.
Мұқағали махаббат сезімі алдында нәзік те бұйығы ,пәк таза жас сәбидей қорғана алмай,іңкәр көңілін дауалай алмай,жырын да үлбіретіп жырлайды.Сірә,үлкен жүректің елжіреу құбылысы да мол болса керек.
«Махаббат диалогы» өлеңі (мәнерлеп оқу)
«Өмір жайлы сұрай берме сен менен» өлеңі(мәнерлеп оқу)
3)Жеке тұлғалар туралы «Майгүліме»,»Қызыма»,»Фаризаға»,»Сергей Есенинге » деген өлеңдері.
Оның арасында Мұқағалидың тамаша аудармашылық қасиетінің үлкен бір жемісі ұлы Дантеден жасаған кесек аудармасы» Құдыретті комедия» тағы бар.
Мұқағали жұртшылық іздеп оқитын болды.Халқымыз оның қайта басылымын асыға күтіп отырады.Сазгерлер қауымы да аяулы ақынымыздың сөздерін әндеріне негіз етуге бетбұрыс жасады.
ІҮ. «Әсем әуен».Ән тындау.
1.»Саржайлау» әнін тыңдау.
2.»Сәби болғым келеді» әнін тыңдау.
3.»Есіңе мені алғайсың» орысшаға аудару,әнін тыңдау.»МҰЗарт» тобының орындауында.
Ү.Ән астарын түсінейік.
Когда буйствует весна,
Когда идет проливной дождь,
Когда грохочущие тучи
Пронзает молния,
Вспомни обо мне.
Когда плывут легкие облака,
Когда летом очутишься в лесу,
Мечтай обо мне,мечтай!
Когда останешься наедине с собой,
Вспомни обо мне.
Когда наступит октябрь,
Когда в садах,одетых в багрянец,
Кураи тоскливо запоют,
Когда опадет листва,
Вспомни обо мне.
Когда белый снег накроет землю,
Когда деревья принарядятся,
Когда наступит серого февраля
Бледный рассвет,
Вспомни обо мне!
Вспомни обо мне!
ҮІ.Бекіту.
а)Кластерді толықтыру
Шығармалары Дүниеге келді
М.Мақатаев Мінезі
Білімі Отбасы
ә)Инсерт кестесін толтыру
Бұрыннан білемін | Бүгін білдім | Білгім келеді |
ҮІІ.Қорытынды.
М.Мақатаевтың поэзиясын «Қандай бақыт!» өлеңінің үзіндісімен қорытындаймыз.Осы өлеңді тыңдай отырып,оқып отырып ол өлең соңғы тыныспен жазылған деп кім айтар,қолынан қаламы түсіп бара жатқан ақынның оптимизмге толы рухына қалай таңданбассың.
Қандай бақыт!
Жарқырап Күн тұрғаны.
Күн астында дүние құлпырғаны.
Күннің нұрын құшақтап,үлестіріп,
Бір ұрпаққа бір ұрпақ ұмтылғаны.
Күлбаршын Ахметкалиқызы Нәзбиева
Қостанай облысы,Әулиекөл ауданы
Кешкі орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ тілі
11 сынып
Тақырып:Қалта телефонымен сөйлесу әдебі туралы.
Сабақтың мақсаты:тақырып бойынша сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік:Лексикалық тақырып бойынша ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:Сөздік қорын байыта отырып,коммуникативтік құзыреттілігін дамыту,ой-өрісін кеңейту,танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Ақпараттық технологиямен жұмыс істеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекілік: сүреттер,интерактивті тақта,слайдтар.
Сабақтың түрі:ұжымдық,жұптық,топтық түрде бірлесіп білім алу.
Сабақтың әдісі: көрнекілік,сұрақ-жауап,іздендіру,әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ.Өзектендіру.
1.Неологизм сөздерді еске алу.
2.Неологизмдер туралы ереже.
ІІІ.Жаңа тақырып.
Ой шақыру
-Қалта телефон дегеніміз не?
-Сендер қалта телефонмен қолданасыңдар ма?
-Қалта телефон арқылы ғаламторға шығуға болады ма?
-Саған қандай қалта телефоны ұнайды?
ІҮ.Оқылым .Мәтін.
Мен қалта телефонды сабақ уақытында сөндіріп қоямын.Себебі кездейсоқ қоңырау түсуі мүмкін.Ондайда мұғалім ескерту жасайды.Менің қалта телефонымның фотоаппараты және бейнекамерасы бар.Әдемі сәттерді суретке түсіремін ,бейнекамераға жазамын.
Телефонмен достарыма СМС, ММС жіберемін.Қалта телефонмен кейде ғаламторға кіремін.@mail-ды жазып ,өз» Әлеміме» де кіремін.Электронды поштамды тексеремін.Қалта телефонның қызметі қымбат.Сондықтан мен ұзақ сөйлеспеймін.Жақында телефоныма агент орнаттым.Ал агент арқылы сөйлескен арзан.Телефон арқылы достарымды кез келген жерден тауып аламын.Қалта телефонды ұзақ пайдалану уақытыңды алады,шаршатады.Уақыттың қалай өткенін байқамай қаласың.
Ү.Мәтін бойынша тапсырма.
1.Әр оқушы мәтінді ішінен бір рет оқу ұсынылады.
2.Оқушылардың мәтінді түсінгендерін тексеретін жұмыстар орындалады.
Тақтаға мынадай сөйлемдер жазылады:
Қалта телефонды сабақ уақытында сөндіріп қоямын.Жақында телефоныма агент орнаттым.Қалта телефонын ұзақ пайдалануға болмайды.Оқушы осы сұрақтарға нақты жауап берсе,мәтінді дұрыс түсінгені.
3.Сөйлемдердің дұрыс-бұрысын анықтаңдар.
№ | сөйлемдер | дұрыс | бұрыс |
1 | Мен қалта телефонды сабақ уақытында сөндіріп қоймаймын. | ||
2 | Менің қалта телефонымның фотоаппараты және бейнекамерасы бар. | ||
3 | Қалта телефонымен кейде ғаламторға кіре алмаймын. | ||
4 | Телефон арқылы достарымды кез келген жерден тауып аламын. | ||
5 | Қалта телефонын ұзақ пайдалануға болмайды. |
ҮІ.Топтық жұмыс.
1.Әр топ бір-біріне 3-4 сұрақ қойып,жауап береді.
ҮІІ.Грамматикалық тапсырма.
1.Мәтіннен неологизм сөздерді табу.
ҮІІІ.Бекіту.
1-топ.Рөлдік ойын.Телефонмен сөйлесу.
Қатысушылар: оқушы және сабаққа келмеген сыныптасы.
Сұрақтар:
1.Сен сабаққа неге келмедің?
2.Қалай ауырып қалдың?
3.Емханаға бардың ба?
4.Дәрігер қандай ем берді?
2-топ.
Мәтіннің мазмұны бойынша тест құрастырады.
3-топ.
Қалта телефон тақырыбына эссе жазады.
ІХ.Рефлексия.
Сабақта не туралы білдік?
Х.Қорытын.
Қалта телефон заманауи жетістік.Қалта телефонсыз өмір сүре аламыз ба?
Күлбаршын Ахметкалиқызы Нәзбиева
Қостанай облысы,Әулиекөл ауданы
Кешкі орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ тілі
8 сынып
Тақырып:Бірлік пен ынтымақ елі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен,қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.
Дамытушылық:Топпен жұмыс істеу,өз бетінше білім алып,ойлау қабілеттерін,өз ойларын дұрыс айта білу дағдыларын дамыту және іскерлікке үйрету.
Тәрбиелік:Отаншылдық тәрбие беру.
Көрнекілік:Қазақстан Республикасының көрікті орындары,портреттер,Қазақстан туралы Қ.Аманжоловтың өлеңі.
Қазақстан.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп ,уанғам.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақтың әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ.Өзектендіру.
Блиц сұрақтар.
1.Біздің ел қалай аталады?
2.Сенің ұлтың кім?
3.Сенің туып-өскен жерің?
4.Қазақстан қандай мемлекет?
5.Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Жаңа сөздер
Ұлт өкілдері-представители национальности
байырғы-коренной
тұлға-личность
қайырымды-благородный,доброжелательный
қонақжай-гостеприимный
ынтымақты-дружно
толеранттылы-толерантный
2.Мәтінмен жұмыс.
а)Мәтінді оқу.
Қазақ елі -сонау Алтайдан Пиринейге дейін билік еткен Еділ батырдың елі.Қазақ елі-асқан батырлығымен,ақыл-парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.Қазақстанның байырғы халқы-қазақ халқы.Қазақ халқының тарихы бай,аса ірі тарихи тұлғалары көп.Солардың ең бастысы от ауызды,орақ тілді, ақылы асып туған билері:Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би еді.Халық туралы білу үшін, алдымен оның тілін,салтын,тарихын білу керек.
1986 жылы 16 желтоқсанда қанды оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.Желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев,Сәбира Мұхамеджанова,Қайрат Рысқұлбековтер секілді ұл-қыздарымыз елінің болашағы, еркін-дігі,егемендігі үшін қүресті.Сол желтоқсан қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі.Мәңгілік егемендікті алып келді.Мінекей,осының арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.
Әл-Фараби былай деген:»Адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық-қайырымды халық.Егер халықтар бақытқа жету мақсатында бір-біріне көмектесіп отыратын болса ,бүкіл жержүзі осылайша қайырымды болмақ».
Қазақ халқы осындай қайырымды халық.Ол әрқашан мейірімді,қонақжай.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Онда 130-дан астам ұлт өкілдері бір-біріне көмектесіп,өзара тату,ынтымақты тұрады.
ә)Сұрақтарға жауап.
-Қазақстанды не себепті ынтымақ елі деп атайды?
-Өйткені мұнда жүз отыздан астам ұлт өкілдері өзара тату тұрады.
-Қазақстанның байырғы халқы қазақтардың қайырымдылығы осы татулықтың негізгі көзі емес пе?
-Иә,солай.Қазақ халқы өзге халықтарды құрметтейді.Сондықтан да мұнда бәрі қазақ халқын сыйлайды,бағалайды.
ІҮ.Топпен жұмыс
Сыныпты төртке бөлеміз,оқушылар төрт түрлі қағаз қиындысын таңдайды.
1.-үш бұрыш
2.-төрт бұрыш
3.-бес бұрыш
4.-дөңгелек
1 -топ.үш бұрыш
тапсырма
1.Тарихи тұлғаларды жазу
2 -топ.төрт бұрыш
тапсырма
1.Халық каһармандарды тауып кластер толтыру
3 -топ.бес бұрыш
тапсырма
1.Әл-Фарабидің халық туралы сөзін аудару
4-топ.дөңгелек
тапсырма
1.Біздің ел қандай ел?Монолог.
Ү.Ойын «Мың бір мақал»
Ойынның шарты :қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі-мақал-мәтелдердің алғашқы сыңары айтылады,екінші сыңарын табу керек.
1.Туған жердей жер болмас, …
2.Ынтымақ түбі- …
3.Ел-елдің бәрі жақсы, …
4.Бірлік түбі-береке, …
ҮІ.Рефлексия.Синквейн.
1.Халық
2.Қайырымды,қонақжай
3.Көмектеседі
4.Танымал мемлекет болды
ҮІІ.Қорытын.
1.Ән «Қазақтай ел қайда?»
2″.Қазақстан-кендік аты
Қазақстан-теңдік аты
Қазақстан-елдік аты
Қазақстан-жер қанаты» деп қорытындаймыз.