Қош келдің,әз Наурыз!
Тақырыбы: Қош келдің,әз Наурыз!
Мақсаты:оқушыларға шығыс халықтарының ортақ мейрамы Наурыз мерекесінің салт-дәстүрлерін көріністер арқылы жеткізу;оларды Отанды сүю,халқымыздың тамаша салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы:
1-жүргізуші:
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар.
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңыздар!
2-ж:
Уа,халайық,құтты болсын мерекең,
Құтты болсын,құтты болсын берекең!
Наурыз тойы тойланады мектепте
Қош келдіңдер мерекені көруге!
1-ж:
Әбдіренің аузы ашылады
Сүрі асылады.
Қазан оттан түспейді,
Әр үй наурыз көже істейді
Уыз қатырылады
Сен іш,мен іш болады
Тегіс жомарттық болады.
2-ж:
Келді Наурыз бұла күш тасқынменен,
Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен.
Жер иіп,тамыр тал бүршік жарып,
Табиғат ықыласына тас жібіген.
(Билеп Наурыз қыз келеді)
Наурыз қыз:
Сәлем,ата-аналар!
Айналайын балалар!
Сәлем,анам-алтын Күн,
Сәлем қарты халқымның.
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым
(Наурыз қызбен келген Гүлдер оны айналып билеп,гүлшоқтарын қойып,сахнадан кетеді)
1-ж:
Бауырласқа тәнтіміз
Бұзылмаған салтымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
2-ж:
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады.Бірін-бірі көріп білмеген адамдар арасында игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді
(Екі оқушы шығып,төс қағыстырып амандасу салтынан көрініс көрсетеді)
1-оқушы: Ассалаумағаликум! Мен адаммын,адамдығымды білдіремін
Алланың нұры жаусын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
2-оқушы:Уағалайкумассалам!Мен де адаммын,адамдығымды білдіремін!
Сізге де алланың нұры жаусын!
Ұлыс оң болсын!
Пәле-жала жерге енсін!
1-ж: Қанеки,бәріміз де орнымыздан тұрып ,бір-бірімізбен төс қағыстырып амандасайық
2-ж:Имандылық шариғатын сәлемдесуді тілмен айту-парыз
1-ж:Нұритжан Бекжан орындауында «Ақ тілек» әнін қабыл алыңыздар
(Қолында ыдысқа салынған кәмпиттері бар ақ жаулықты әже шығып,тойдың шашуын шашады)
Гүлсая:
Уа,халайық,халайық!
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке,бұл тойдың
Шашуларын шашайын.
(шашу шашылады).
Монтаж
1.Қош келдің,Наурызым,ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп,нұрға бөлеп аймақты.
2.Наурыз келді,наурыз келді,ағайын
Құмарлана құгағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан
Әнге толды,күйге толды маңайым.
3.Наруыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйір жатыр күн өткен
Жарығыңмен,шуағыңмен,Күн Ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
4.Нұр Наурыз шырай беріп тірлігіме
Айналдың бар қызықтың кіндігіне.
Сен келсең талым көктеп,тұма тұнып,
Тазарып жүре берер бұл дүние.
2-ж: Мерханова Айымның орындауында «Наурыз»
1-ж:
Оу,абзал аналар
Айналайын ұстаздар
Жеңдер сендер тамсанып,
«Ас атасы-нан »деген
Сіздерге арнап біз бүгін
Бауырсақтар пісірдік
(Әр дастарханға бауырсақтар тарату)
2-ж:
Ашық болсын қас-қабақ
Бейтаныс та,таныс та
Бүгін төрде бас қонақ
Арпа,бидай,тары бар
Қатық,малта,ағы бар
Ішілетін ,жейтіннің
Бұл көжеде бар
1-ж:Жаңа жылда тойымшылық,молшылық, мәнді де татымды өмір болсын деген ырым тілекпен Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы-наурыз көжеден дәм татыңыз
2-ж: Балғабаев ?Күй
1-ж: Иә,Наурыз тойына жиналған халайық ойын-тойымызды жалғастырайық
Көрермендерге арналған сұрақтарымыз бар
2-ж:Дұрыс жауап берген қонақтарға сыйлығымыз бар
1)Наурыз сөзі қандай ұғымды білдіреді?/жаңа күн/
2)Наурыз күні бойжеткендер ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етіне уыз салып ерекше дәм береді екен.Оны не деп атаған?/Ұйқы ашар/
3)Қазақ халқының ұлттық тағамдары/Қазы-қарта,жал-жая,шұбат т.б/
4)Адамның 12жылда бір келетін жас мөлшерінің өлшемі/мүшел жас/
5) «Базарлық»деген не?/Алыс сапарға,саяхатқа шыққан адамдар жақындарына әкелетін сыйлық/
6)Келді өмірге бір бөбек,
Кеудесіне гүл бөлеп
Бүгін айтар жыр бөлек,
Бүгін шығар үн бөлек
Осы өлең қандай рәсімге байланысты айтылған?/Шілдехана/
7)Киіз үй бөліктері/Есік,шаңырақ,кереге,уық/
8)21-наурыз түні қалай айтылады?/Қыдыр түні/
9)Наурыз мейрамы нешінші жылдан бастап қайта тойлана бастады?(1988 жыл)
10)Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады?( «Ақ мол болсын!», «Төрт түлік ақты болсын!», «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» т.б)
1-ж: «Ұлыстың ұлы күні қазан толса,жыл берекелі,мерекелі болады»дегендей келесі кезекті табақ тарту рәсіміне береміз.
( «Табақ тарту» рәсімі)
2-ж:Уа,халайық,
Жылан жылы жақсылықтар орнасын!
Еш жамандық болмасын!
Қол жайып бата сұрайық!
Қыдыр бабам қолдасын!
Қыдыр баба:
Уа,қолыңды жай,ағайын,
Кеудеңе от жағайын.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Әр күндерің көңілді болсын.
Мерейлерің тым биік болсын,
Білімдерің аса терең болсын.
Мәртебесі мектептің
Аса берсін лайым.
Әдепті болып ұл-қыздар.
Жоламасын уайым.
Жылан жылы әз Наурыз
Төрттік пенен бестікті
Сыйласын деп сұрайын.
Оқушылар озат болсын.
Ұстаздарымыз аман болсын!
Тыныштық заман болсын!
Әумин!
1-ж:Назарова А.мен Н.Бекжан «Мерекем»
1-ж:Наурыз тойларыңыз құтты болсын!Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді,тілектеріңіз қабыл боп,аман-есен тойдан тойға жетіп,ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп,жаңа жылда жаңа үміт,жаңа тіршілікпен,осы Ұлыстың ұлы күнінде елімізге,жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!
2-ж:Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!