М. Шаханов «Отырар»
Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов «Отырар»
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік белгілі ақын М. Шахановтың «Отырар» поэмасының мазмұны арқылы тарихи тұлғалар өмірінен деректер беру, әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға дағдыландыру
- Тәрбиелік туған жерді қадірлеу, халқына қызмет ету, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу
- Қорытынды ойтүю, әдеби шығарманы талдау біліктілігін дамыту
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: аралас (интеграцияланған, көріністі)
Сабақтың әдісі: дамытушы, мәнерлеп оқу, салыстыру, талдау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі
- Үй тапсырмасын тексеру
- М. Шаханов туралы не білеміз? Мұхтар-ақын
- Отырар қаласының тарихы
- Шыңғысхан туралы не білеміз?
- «Отырар» поэмасы өлеңге жоспар құру
І саты «Әдебиет әлеміне саяхат»
Ұлы Жібек ауылы
Ал, енді кейіпкерлерге мінездеме беріп көрейік.
Поэма кейіпкерлері
- Шыңғыс хан
- Шағатай
- Қайырхан
- Қарашоқы
- Қария
Керекті сөз: Монғол ханы, Сатқынның әкесі, Отырар ханы, Шыңғыс ханның ұлы, айлакер, тәжірибесі мол қолбасшы, сатқын, опасыз, туған жердің қадірін білмейді, мейірімді, әділ, дана, ел тарихын ойлаушы, ел болашағын ойлаған намысшыл.
ІІ саты. Фараб ауылы
Шығарманың құрылысы туралы не білеміз?
Поэмаға сюжеттік-композициялық жоспар жаса.
- Шығарманың басталуы-
- Оқиғаның байланысы
- Оқиғаның шиеленісуі
- Шарықтау шегі
- Оқиғаның шешімі
- Эпилог немесе соңы
- Шыңғысхан мен Шағатайдың әңгімесі
- Шыңғысханның Отырарды алуы
- Қайырханды азаптауы
- Қайырханның арманы
- Баланы құтқарып жіберуі
- Қайырханның сөзі
«Ақын болу дегеніміз-туған халқының парасат биігін меңгеру»-дейді. Мұхтар ақынның адам бойындағы жігер, намыс, ерлік, батырлық сезімдерін оятатын өлеңдері бар.
Адамзат тарихындағы әділет үшін күрес, қайсарлық қасиеттер салыстырыла сипатталады.
ІІІ саты. Қасқасу ауылы. Венн диаграммасына салып көрейік
Шыңғысхан Қайырхан
IV саты. Леңгір ауылы
Мына өлеңді қара сөзбен баянда
Егер бүкпей баяндасам шындықты,
Рухы –өр, тәні-бекем,
Бұл бір қайсар халық екен,
Тірліктен де артық қойған бірлікті.
Өлең жолын мақалмен cәйкестендір..
Жылан туса жыланнан
Құлан туса құланнан
Таңданатын түк те жоқ.
Бірақ жылан қалай туды қыраннан
- V. Сырлы сөздер қалашығы
Қайран тірлік бақ пенен сор қырқысқан
Түлкі –сайға,
Қыран-өрге тырмысқан,-дегендегі түлкі кім? Қыран кім? Неге олай деді?
- Мұхтар ауылы
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтан тауып оқы.
Шыңғысханның Қайырханға берген бағасы қандай?
Шығармашылық жұмыс
Бүгінгі сабақтан алған әсерім…
Егер мен ақын болсам …
VII. Үйге тапсырма
Шығарма
«Есте қалсын Отырардың жанқиярлық ерлігі»
Бағалау.