Ш.Айтматов.«Найман-Ана»(Ғасырдан ұзақ күн романынан үзінді.)

Сабақтың  тақырыбы: Ш.Айтматов.«Найман-Ана»(Ғасырдан ұзақ күн  романынан үзінді.)

Қазақ  тіліне аударған:Ш.Мұртаза.

Сабақ  мақсаты:

1.Білімділігі:Жазушы  өмірі, шығармашылығы туралы дерек  бере  отырып,«Найман-Ана» шығармасының мазмұнын меңгерту,идеясын,ана  бейнесін ашу.

2.Тәрбиелік  мақсаты:Оқушы  бойына адамгершілік,мейірімділік  қасиетін сіңіру.Отанын,елін сүйе  білуге  баулу.Қатігездіктен аулақтау.

3.Дамытушылығы:Оқушыларға  өз ойын ашық,нақты айта  білумен қатар,шығармашылықпен жұмыс  жасай  білу дағдысын  қалыптастыру.

 

Көрнекілігі:Жазушы  суреті,тірек-сызбалар,магнифондар.

 

Сабақтың  түрі:шығармашылықпен  іздену  сабағы.

 

Сабақтың  әдісі:Баяндау,сұрақ-жауап,ойталқы.

 

Сабақтың  жүрісі: Ӏ.Ұйымдастыру.

ӀӀ.Жаңа  сабақ.

 

1.Жазушы  өмірі  мен шығармашылы  туралы  мәлімет.

а)Ш.Айтматов өмірі  мен шығармашылығы.

ә)Ш.Мұртаза  шығармашылығы (ауызша  айтып өту)

Ш.Айтматов  шығармашылығы

 

әңгімесі                                           повестері                                        романдары

«Әшім»                                         «Жәмила»                                     «Боранды бекет»

«Аспалы  көпір»                        «Ана-жер-ана»                                   «Жан  пида»

«Қызыл  алма»                        «Қош  бол,Гүлсара»

«Бетпе  бет»                                «Ақ  кеме»

«Ақ жауын»                            «Ерте  қайтқан тырналар»

«Байдамта бойында»

 

2.Жай  жоспар арқылы шығарма  мазмұнын  меңгеру.

1)Саудагерлер.Мәңгүрт  туралы  хабар.

2)Шай  құйған  ана.Жоғалған  ұл.Үміт.

3)Жолға  дайындық.Ана  тәуекелі.

4)Ұлын  іздеген  ана.

5)Кездесу.Мәңгүрт.

6)Мәңгүрт ұл жанындағы  түн.Бесік  жыры.

7)Мәңгүртте  болса  перзентім.Ана  шешімі.

8)Мәңгүрттің  іс-әрекеті.

9)Ана  ажалы  немесе құсқа  айналаған жаулық.

 

3.Жас  жауынгердің қалай  мәңгүрт болатынын білу мақсатында шығармадан  үзінді  оқу.(276-бет)

 

4.Миға  шабуыл стратегиясы.

1.Жоламан,Мәңгүрт-шығармада бір бейне.Ал тұтқынға  түскенге  дейін Жоламан қандай  жан болды?Мәңгүрт Жоламан  қандай  жан?

2.Бүгінгі  ғылым мен  техника  осы  заманда  мәңгүрт  сөзі  қолданылы  ма?Егер  болса  осы  заманның мәңгүрті  кімдер  деп ойлайсыздар?

3.Қатігездік  деген  не? Қазіргі  жастар  мен  жасөспірімлер  бойынан қатігездік  жиі  көрініс  беріп жүрген жоқ  па? Ол  неден туындайды  деп  есептейсіздер?

5.«Мағына  ашу» стратегиясы  бойынша  мәңгүрт,садизм  сөзіне  түсінік  беру.

 

6.«Ой қозғау» стратегиясы.

1.Ана  бейнесін  ашу.

Саудагерлер  әңгімесін  естіп  отырғанда ана  кейпі  қандай  болды?Қандай  шешімге  келді?(Сөздер  мен сөз  тіркестерін  пайдаланып  ананың  іс-әреектін дәптерге  түсіру.)

2.Найман-Ананың  тілегін  теріп  жазу.

3.Шығармашылық жұмыс.

1.Мәңгүртте  болса-перзентім.

2.Ақыл-ой-асыл  қазына.

Осы  тақырыптардың бірін  таңдау  арқылы ойтолғау  жазу.

 

ӀӀӀ.Сабақты  бекіту.

 

ӀV.Бағалау.

 

V.Үйге  тапсырма:Шығармадан  қанатты  сөз,шешендік  сөздерді  тауып  мағынасын  ашу.Шығарманың тіліне  таңдау  жасау.