Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандары
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандары.
Сабақтың білімдік мақсаты: Мұрат Мөңкеұлының толғау – дастандарының мазмұнын меңгерту, ақын шығармаларынан игерген білімдерін тың мәліметтер беру арқылы тереңдету, деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы бағалау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру, танымдық белсенділігін арттыру, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Айтыскер ақын, жырау шығармалары арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, ақын көтерген тағылымды дүниелерден үлгі – өнеге алуға шақыру;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Венн диаграммасы, шығармашылық ізденіс жұмыстары, топтастыру, бес жолды өлең стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақын өмірі туралы сызба – кесте, ақын шығармашылығына арналған слайдтар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындау, сабаққа қатынасын белгілеу.
- Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
Жоспары:
- Мұрат Мөңкеұлының өмірі туралы түсінік. Ақын өмір сүрген кезең.
- Мұраттың арнау өлеңдері, олардың тақырыптары.
- Ақынның сұлулық тақырыбына арналған өлеңдері, мәнерлеп жатқа оқу, мазмұнын түсіндіру.
- Мұрат – айтыскер ақын.
- Ақын жырларының көркемдігі.
- Мұрын жырау естеліктері.
Үй тапсырмасын бекіту
Венн диаграммасы негізінде салыстыру.
Бір шумақ өлеңін алып, талдау жасау.
- Жаңа сабақты меңгерту.
Оқулықпен жұмыс.
Жоспары:
- Мұрат толғауларындағы ел – жұрт басына түскен ауыртпалық.
- Туған жерді қорғауға, ерлікке шақырған толғаулары.
- Қосымша мәлімет.
- Түйін.
- Сабақты бекіту кезеңі.
Ақынның дастан – толғауларының аттарын жазу, әрбір оқушыға толғау – дастандардан үзінді оқыту, мазмұнын айту.
Толғаулары: «Топқа түскендегі толғауы», «Мұраттың жалпыға айтқаны».
Дастандары: «Шалкиіз», «Қазтуған», «Үш қиян», «Қарасай – Қази».
Интернет материалдары.
Бес жолды өлең стратегиясы және ұйқасын тап ойыны арқылы оқушылардың білімдерін бекіту.
5.Сабақты қорыту кезеңі.
Мұрат Мөңкеұлының дастан – толғауларының қазіргі дәуір үшін маңызы. Ой – толғаныс. Оқушылардың өз пікірлері тыңдалады.
- Сабақты бағалау кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейіне, сөйлеу мәдениетіне, оқу мәнеріне, түсінігіне, ізденісіне қарай білімдері бағаланады. Оқушылар өзін – өзі бағалайды.
- Үй жұмысын беру. Ақын толғау — дастандарын оқып, мазмұнын айту, талдау.