Сандарды оқу, жазу, салыстыру
- Сабақтың тақырыбы: Сандарды оқу, жазу, салыстыру
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың білімін тексеру. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Ой-өрісін, білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар
Оқыту әдісі: түсіндіру.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Оқушы білімін тексеру.
- 1.-ден 10-ға дейін санау.
- 10-нан 100-ге дейін санау.
- Сандарды оқу
5, 7, 30, 4, 20, 8, 6, 1, 90, 3, 50
Сандарды цифрлармен жазу. сегіз, бес, қырық, жетпіс, тоғыз, бір, он, алпыс, жеті, жүз, тоғыз, жиырма.
- Бір таңбалы сандарды ата
Екі таңбалы сандарды ата.
ІҮ. Сабақты қорытындылау. Біз бүгінгі сабақта нені еске түсірдік?