М . Мақатаев «Қайырлы түн»
Сабақтың тақырыбы: М . Мақатаев «Қайырлы түн»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу
- Дамытушылық: Сөздік қорын, тіл мәдениетін
дамыту;
- Тәрбиеелік: Оқушылардың елін, жерін сүюге
тәрбиелеу.
Шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу . Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Мұқағали портреті,оқулық
кітаптары мен шығармалары. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ — жауап ,еңбектерін таныту.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу .Жоқ оқушыларды белгілеу
- Үй тапсырмасын сұрау
Слайд
Балалар берілген сүрацтарга жауап береді. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі.
«Кейіпкерге хат» әдісі арқылы оқушылардың ойын жинақтау
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі өтілетін сабағымыздың тақырыбы : Қазақ поэзиясының
Хантәңірі М.мақатаевтың «Қайырлы түн» өлеңі «Қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш» деген сөздер адамға деген ізгі тілекпен туған болса, бүгін «Қайырлы түн» өлеңі күллі дүниенің тыныштығын тілеу мақсатында жазылған.
Өзім мәнерлеп оқып беремін.
« Қайырлы түн »
Қайырлы түн!
Жер — Анам,
Көк аспанды жамыл да,
Таңға дейін дін аман,
Тәтті ұйқыда дамылда.
Орманың да шуламасын, Суларың да туламасын.
Ақ басты ала тауларың да, Күңіренбесін, жыламасын.
Шамыңды өшір,
Түсіре ғой пердеңді,
Қайырлы түн, алып Жер! Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді, Таптамасын танктер.
Қайырлы түн,
Көк аспан,
Алып жерді төсен де,
Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста,
Ұшырама кеселге.
Қайырлы түн,
Ақ аспан,
Алып жерді төсен де,
Боз көрпеңді айқара жап иыққа.
Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан.
Қайырлы түн, ұйықта!
Шашу болып жұлдыздарың шашылды, Айың келіп ақ мойныңа асылды. Шәйіге орап әлдилесін Құс жолы Тыныштық деп аталатын жас үлды…
Өлеңнің үш шумақтан түратынын ескертіп. Шумақтарын таптырамын. Мағынасы түсініксіз сөздермен сөздік жүмысын жүргіземіз. Дэптерлеріне жаздыртамын
Шәйі — ең асыл матадан жасалған орамал, дін аман — тіршілік атаулының амандығы, перде — терезе жапқышы, Бұл жерде түн мағынасында, кесел — ауру, дерт, Бұл жерде соғысқа, Бұліншілікке ұшырамау, айқара жап — толық, қымтана жабу, боз көрпе — түннің таңмен астасқан кезі. Өлеңнің шумақтарын әр оқушыға оқыттырып, талдатамын.
- — шумақ. Бұл шумақта бір түн бойы Жер — Ана орманын шулатпай, суларын тулатпай, тауларын күңірентпей, ешқашан соғысқа ұшырап, танктердің астында тапталмай, Әйел — Ана өз сәбиінің ұйқысын қалай бұзбай сақтайтын болса, Жер -Ана да дәл солай тәтті ұйқыда таңға дейін дем алуын тілейді.
- — шумақ. Алып жерді төсек еткен көк аспанның ешқандай да соғысқа, Бұліншілікке үшырамай, таң атар сәтте де боз көрпесін айқара жауып, тыныштықтың аясында дамылдап, тәтті үйқыда болуын тілейді.
- — шумақ. Осындай тыныштықта дем алып, дамылдаған түн сулуға жүлдыздар шашу болып шашылып, ару ай ақ мойнына асылып, ақ білегін артып: «Тыныштық» атты жас бөбекті шэйіге орап элдилесін, яғни «ел тыныштығын бүзбайық» дейді.
Мұғалім сөзі:
-Жыр дүлдүлі , ақиық ақын М.Мақатаев тірі болса 82 жасқа толар еді. «қазақ поэзиясының Хантәңірі » атанған Мұқағали қазақтың қарапайым қара өлеңінің қүпиясын өзінің табиғи талантының қүдіретін ашты .Тірі болғанда ақын ертең 9 ақпан күні 82 жасқа толатын еді .1976 жылы 27 наурызда өмірден озды . Құрметті үстаздар , оқушылар халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақын Мұқағалидың туған күнін тойлауға хош келдіңіздер.
« АРЫЗ ЖАЗЫП КЕТЕЙШ »
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бэле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тэңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?! Алаулатып тойдың шоғын үрлемей. Қүшақ-қүшақ гүл шоқтарын лақтырып, «Мынау — шапан, Мынау — атың, мін» демей.
Мына жүртқа жақпады ма элденем?!
Бекер өмір сүргемін бе, элде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мүңынды, Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?! Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам, Өзегіне тепсең-дағы үлыңды.
…Тойланбаса тойланбасын,
Не етейін.
Той кермей-ақ, сый кермей-ақ етейін.
Қаламымды берші маған, бэйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін…
М .Мақатаевтың сөзіне жазылған ән
Рысбек Әділеттің орындауында » Шынарымсың »
Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаев- бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақын. Оның өлеңдері ықыласпен оқымаған , сөздеріне жазылған эндерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқтығы белгілі. Ол — қазақ халқының салт-дэстүрі мен түрмыс — тіршілігін сезімталдықпен жырлаған ақын.
Әбілдаев Бейбарыстың орындауында» Сарыжайлау »
Оқушы: Қуаныш.
Мұқағали
Жалғанда жырды жалғыз бағы көрген, Көзінің қарасы мен ағы көрген.
Күн сәулесін бойына көп сіңіріп,
Өз Отанына өртеніп жанып өлген. Тірісінде сый көрмей қайран ақын, Тек өлген соң атағын жайған ақын. Ежелден қазақтың бұл қасіреті Бармағын тістеп кейін ойланатын.
Әр жырында жатады жарқын ғалам, Бір өлең жоқ қайығы қалтылдаған. Төрт тұяғы тайпалған жорға кілем, Астарына тысы сай алтындаған.
Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап, Өлеңдері өрелі, жайсаң ғажап,
Азамат , ірі ақын боп. ұлы ақын боп. Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ.
Оқушы: Темірхан
Қазактың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз кеңшарында дүниеге келген . Мұқағалидың экесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып , орта мектепті аудан орталығы Нарынколда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін жаза бастаған болатын. 1948 жылы мектепті жақсы аяқтап , алғаш рет Алматыға шет тілдер институтының неміс тілі факулътетіне түседі. Бірақ өз жағдайы , ауылдағы екі анасы мен қос інісінің жағдайы , оны оқудан шығуға мәжбүр етеді.Сөйтіп, ол ауылға кайтып келеді., үйленеді, ауыл мектебінде мұғалім болады. Кейін 1962 жылы маусым айында Алматыға көшіп келіп, осы жерде өзінің көптеген шығармаларын дүниеге әкелген .
Мұқағали естеліктерінен. Оқушы : Олжас
1973 жыл 22 ақпан . Ойлап отырсам мен де бір-ақ арман бар екен. Тек соған ғана жасырмай шынымды айтсам деп едім. Халқым , үнімді қалай жеткізем саған . Айналам тарылып , қүрсауланып барады. Жағдай қиын , өте қиын ей , қалам ұстаған , қаламдас бауыр-қарындастарым, халықты үмытпаңдар . Халықсыз күндерің қараң . Оны сүйемін деп бай балам салмаңдар, оған тек ғашық бола біліңдер. Оқушы: Айдана
1973 жыл 9-сәуір . Адам өмірінің бақыты -балалық шақ. Балалык шақ бақытсыздықпен өтсе , саналы пенденің бүкіл ғүмырына ақау түскені, толы қауіп , абай болыңдар. Өмірдің әрбір құбылысына байыппен , ақылмен қараңдар, жөні жоқ мейірбан , жүмсақ болмаңдар. Өмір барда жауыздық та бар.Әрдайым сақ болып , эрдайым өздеріңді қорғай біліңдер. Балаларым менің , балаларым менің , егер түсінсеңдер ғой мені….
Оқушы: Дінмұхаммед
1976 жыл 14 ақпан .Егер бір кездерде менің өмірім , өлеңім элдекімнің көңілін аударса , оларға былай дер едім ….
-Менің қымбатты достарым ! егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды , шығармашылығымды зерттемек болсаңдар , онда мен не жазсам соның бәрін оқып шығуды ұмытпағайсыздар . Мені өз өлеңдерімен бөліп қарамауларыңызды өтінемін . Жанымның мүңы мен қуанышы -бэрі сонда . егер мені содан тапппасаңдар , онда ақын болмағаным!
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр түлғалы .
Біреулер тұлпар еді деуі де мүмкін
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы,-деп ақынның өзі айтып кеткендей , ол туралы көптеген естеліктер айтылып , жазылған болатын . Ендігі кезекті ақын туралы естеліктерге береміз. Ақын туралы естеліктер.
Оқушы: Бибарыс
Ақынның анасы Нағиман Бапан қызының естелігі : «Ойлағанда өзегім өртенеді….
Қырық бес жасында кыршын кеткен оның күллі қазақ баласы боларын атақты ақын
атанарын ,күдайақы , туған шешесі мен де , өмірлік жары да, туған балалары да
білгеніміз жоқ. Көпшілік ел де кезінде білмеген шығар … енді қарап отырсам ,
тыңдап отырсам, Мұқағалиымды аспанға көтеріп , өзі өлген соң еліне танытқан
талантты , өлеңінің қуаты шығар . Бүған да тэубэ. Өзі тіршілігінде көрмеген
қүрмет пен қошеметті артында қалған біз- отбасы, жары мен балалары , бауырлары
болып көріп жатырмыз.Қайсыбірін айтайын . Алатаудай абыройымды ойласам ,
өзегім от болып жанады.
Оқушы : Дінмргаммед Т
Мүзафар Әлімбаевтың естелігі : «Ол туралы ойлағанда екі ауыз өлең оралады:
Мүраты мықты Мұқағали,
Қуаты қүтты Мұқағали.
Мұқағали Мақатаевты мен 1952 жылдан бері білемін . Онымен қазақ радиосында таныстым. Алғашқы көргенімде түйген эсерім-радиодағы Әнуарбек Байжанбаевтан кейінгі сөзді жандыра, сезімді түтата оқитын диктор осы екен. Оқушы : Алмас.
Әжесі Тиынның естелігінен .Ақынның атасы көкпар тартып жүріп аттан қүлап аяғы сынады. Ел-жүрт оны аттың алдына өңгеріп, аяғын салбыратып экеледі. Туысқандары сынықшы іздеп кеткенде , әжесі атасына мына аяқ түбінде аяқ болмайды, шауып тастау керек дейді.Атасы келіседі. Балтаны өткірлеп , ақынның батыл эжесі аяқты шауып тастап жуып, таза шүберекпен орап қояды. Үш күннен кейін сынықшы келіп , бэрін дүрыс істегендігін айтып батасын береді.Бэйбішесінің мінезіне қарап атасы Мұқағалидың әжесін «Көкдауыл» дейді екен. Әжесіне арнап ақын «Сөнбейді, эже , шырағың» деген өлеңін шығарған .
Оқушы: Нүрдаулет.
Кезінде Нүрғиса Тілендиев өз естелігінде былай деген екен: «Бірде Мұқағали, эйелім Дариға үшеуіміз қыдырып келіп , күрең шайды рақаттана ішіп отырғанда көңілденіп кетіп эйеліме « Дариға, домбырамды берші маған» деппін.Қиядағыны көзбен шалатын Мұқағалиға элгі сөз эсер етіп, әсем жырды төге салады да , «Енді осыған эн жазыңыз, аға !» деді .Сөйтіп тамаша эн дүниеге келеді. «Дариға домбырамды берші маған» өлеңін оқиды. Слайд Мұқағалидың өз дауысы .
Көрініс : «Әке аманаты » Автор : 1942 жылы ақпан айында29 жасында экесі Сүлеймен майданға аттанады .Мұқағали әкесіне ілесіп ҚызылБұлақ деген жерге дейін шешесі екеуі бірге барады .Сонда баласының егіліп жылағанын көрген Сүлеймен : -Ақбілек (Нағиманды солай атапты), баланы жылатпа. Бар қиындықтың бәрі өзіңе түсері рас . Оған мойыма .Екеумізді дүйім жүртқа танытатын осы болар . Қолынан қақпа , апамның жэне эжемнің Тиынның бауырынан тартпа . Сүлеймен:
«Тыңда, балам! Тыңда, күнім! Болуға жара қолқанат.
Кәрі апаң, сәби інің-
Барлығы саған аманат!
Мен де сенің он жасыңда, Атадан жетім қалғанмын.
Аса ақылды болмасам да, Аманатын алғанмын!
Талпын өмір шыңына,
Жетіп те, мүмкін, қаларсың! Анаңның ауыр мүңына, Сергіткіш себеп боларсың!
Сен — жас буын, жаңа тал,
Гүлің де өсіп шашырар. Сарылып оқып білім ал, Сөнгенше сәулең асырар»
Автор : 11 жасар Мұқағали экесі соғысқа кеткеннен кейін үйге келіп жер
бауырлап жатып алады .Сұм соғыс ешкімді де аямады. Соғыстан әке оралмады.
Мұқағали :
Менің есімімді экем Мүхамедқали деп қойыпты . Әкем соғыста қаза болды .
Мен Бұл есімнің қадір -қасиетін білемін бе деген ой келді .Өйткені ол есім бүкіл
адамзатты табындырған Мүхаммед Пайғамбардың есімі .Соны өзімше өзгертіп,
Мүқасы мен Ғалиын ғана алып ,Мұқағали деп өзгертіп алдым .
Анасы :
Қарғам ,Мұқағалиым менің , оқуды тастамағын
Мұқағали :
Қатерлі күн катыгез басталғанда
Тастамаймын оқуды ,үміт-түлкі
Бұлаң етіп Бұлтарып қашқанда алдан … Тастамаймын оқуды ,тастамаймын
Ант етейін алдыңда алаң болма , Жастайынан қуарған ақ самайың
Анасы :
Бар ,балам , қала көрме қатарыңнан Қала көрме үмітті сапарыңнан
Автор :
Мұқағали анасына берген антын орындап , орта мектепті бітіріп Алматыға оқу іздеп аттанады . Осылайша үлкен өмірге қадам басқан ақын кейін тағдырдың талай талқысын көрсе де еш уақытта қамығып жасымаған .
Мұқағали үстіне ескі желбегейін киіп , белін буынып ,үстел шамын жағып қойып отыр .
Мен экемнің соғыста қайтыс балғанын ,шешемнің үйінің жоқтығын , оған қамқорлық жасап үй беру жөнінде Мәскеуге дейін хат
жаздым .Әйтеуір үй алып беруге тырысамын. Нағиман шешем элі-ақ көп қатарлы эсем үйде түрады! Мүмкін Абай көшесінен бүйырып қалар . Өткенде түс көрдім .Шешем басында ақ жаулығы бар Абай атамыздың қасынан қуана басып маған қарай күліп келе жатыр.Ояна кетсем түсім екен.анам бақытты болады екен деп үзақ толғаныстан соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді.
Шеше, сен бақыттысың.
Шеше,
Сен бакыттысың!
Жыламағың.
Жай түсіп жатқанда да күламадың,
Тэңіріңнен мен едім сұрағаның,
Сондықтан жыламағың, жыламағың..
Бармын ғой,
Тірімін ғой,қасыңдамын,
Өлмеймін, мен өзіңдей асылдамын!
Таусылып өз-өзіңнен шашылмағың.
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзің кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап, «Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына, (Тәңірім кешіре көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер
Қүба талдан иілген бесігіңді…
Оқушылардың Мұқағалидан жаттаған бірнеше өлеңдері оқылады. Слайд : күй орындалып тұрады. Оқушы :Темірхан Дінмұхамед.
Мұқағалидың балалық шағы соғыс жылдарымен сэйкес келген .Болашақ ақын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып өлең шығарады.
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,
Судағы жалғыз біткен жалбыз еді.
Мінекей, он ай болды хабары жоқ,
Біздағы экемізге зармыз енді.
Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес , ыстық сағынышы болатын.Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді. Сергіту сәті: «Қара жорға биі» оқушылармен.
«Әке» туралы өлең Оқушы. Керімхан Анасы Нағиманың айтуынша Қарасаздың Шалкөде жағы саздау екен де , сазда қаз-үйрек жақсы өседі екен. Шешесінен екі қаз сұрап алып, пошта машинасын айдайтын орысқа қазды беріп, орыс тілінде жазылған әдебиеттер алып қалады екен. Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды оқып, белін буып дайындап қояды екен. Міне ақын осылайша бір орысы жоқ таза қазақ ауылында білімін көтерген екен. 10-сыныпты бітірген соң өте сауатты, өткір болғандықтан, ауылдық кеңеске хатшы болып қызмет істеген. Осы қызметте жүргенде мектепте орыс тілінен мұғалім таппай, ауыл басшыларының өтініші мен орыс тілінің мұғалімі болып орналасады. Ол мектепте оқып жүрген кезінен кітап оқуға құмар болған . Оқулықтар мен қоса үйіне эдеби кітаптар жинауды әдетке айналдырады.Қазақ ауылында туып өскен, қазақ мектебінен білім алған Мұқағалидың орыс тіліне аса сауаттылығы жастайынан орыс тіліндегі эдеби кітаптарды көп оқып, өзін-өзі жетілдіруінің арқасы екен.Кейін ауылдан Алматыға көшкенде де екі машинаға артқан жүгі осы қимас ,білімнің көзі том-том кітаптар болады.
Ақынға не керек болды Бұл өмірден ? Өмірді соншалық сүйген жанның өмір жайлы толғанбауы мүмкін емес.
Слайд: Мұқағалидың сөзіне жазылған эндер.
«Сенің көзің», «Есіңе мені алғайсың» , «Күрең күз», «Мен деп ойла» ,
«Көнеміз» , «Бақыт деген» , «Дариға домбырамды берші маған»
Қорытынды.
Мұғалім: Міне, балалар Мұқағали жайлы біраз мәлімет алдыңдар. Ақынның
бейнесі жылдар өткен сайын сайын биіктеп түлғалана түседі. Тау биіктегенімен ,
теңіз тереңдегенімен , дала маңғаз кеңдігімен көрікті десек , Мұқағали жанға жақын
жырларымен сүйікті, өлеңдерімен көрікті. Ақынға ғасыр ауысқан кезде «Ғасыр
ақыны» атағы берілген еді. Мұқағалидың рухани қазынасын үлт игілігіне асыратын
21 ғасырдың жастары -сендерсіңдер. Мұқағали поэзисы бір жылдың не бір айдың
немесе бір сабақтың еншісі емес Ол таусылмайтын қайнар Бұлақ. Ол поэзияның
Хантэңірі . Ол-сыршыл ақын.Ол — кара өлеңнің шебері. Ол — патриот ақын. Ол —
қайта өмірге келген ақын. Ол — үстаз . Ол -драмматург . ол -сатирик. Ол —
публицист . Ол -жазушы . Ол-журналист.
Ер есімі-ел есінде Оқушыларды бағалап, марапаттау Үйге тапсырма : «Қайырлы түн» өлеңін жаттап келу.