Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Мәшһүр-Жүсіп өмірі мен «Хал-ахуал» өлеңі туралы түсінік бере

отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.

  1. Тәрбиелік мақсаты: өлең арқылы адам бойындағы мінез бен жақсы қасиеттерді

ақын өлеңінен үлгі тұтуға, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа,

ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық мақсаты: өлең талдау арқылы өз пікірін еркін жеткізуге

дағдыландыру, сөйлеу машықтарын дамыту.

Сабақтың түрі:          жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілі:сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, ақын портреті, шығармалары, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру. 0,5-мин

ІІ.Тақтадағы слайдтан Бақи Әбдіқадыровтың  сөзін оқимын.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің әулиелігі туралы.

Алла артық жаратқан ақыл-ойын,

Тұнып тұрған қасиет тұла бойың.

Ел тарихын тамшыдан дария етіп,

Тұранның түгел шарладың қыр мен ойын.

Батаң-байлық, дұғаң ем, сөзің зәмзәм,

Дәмін татқан жан сергіп, ләззат алған.

Салмағы елу томдық мол қазына,

Асыл мұра атадан бізге қалған.

Бақи Әбдіқадыров 

Бақи Әбдіқадыров осы өлеңді қай ақынға арнап шығарған?

Оқушылардың  жауабын тыңдау.

Бүгінгі сабағымыздың мақсатымыз не?

Мәшһүр –Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

Мұғалім: және «Хал-ахуал» өлеңімен танысу.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы туралы мәлімет әкелуге тапсырма берілген болатын. 1,5-мин

Оқушылардың  жауабын тыңдау.                                                                                 2-мин

ІІІ Жаңа сабақ

Енді оқулықтағы өлеңге назар аударамыз. Өлеңнің шығу тарихына қысқаша мәлімет беру.

Өлеңді мәнерлеп оқимын.                                                                                          2-мин

3-оқушыға мәнерлеп оқытамын.                                                                             1,5-мин

Сөздікпен жұмыс

Ғаріптердің-

Сұмырай-

Сәурік,теке, бұқашық- мал атаулары

Пара-

Жел береді-

Оқушылар өздері келіп жауабын тексереді.                                                        5-мин

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ.  Өлеңді талдау.                                                                                                 7-мин

  1. Авторы:
  2. Тақырып.
  3. Жанр түрі.
  4. Идеясы.
  5. Шумақ
  6. Тармақ
  7. Бунақ
  8. Буын саны
  9. Ұйқас
  10. Мағынаны тану
  11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.

Оқушылар мақал-мәтелмен түйіндейді.                                                      5-мин.

Ү. Ұлылар үндестігімен салыстыру.

Мұғалім: Осы өлең қандай ақындардың өлеңдерімен үндеседі?

Тақтаға шығып жазады.                                                                                         3-мин

Мұғалім: 1.Өлеңде заман адамдарының қандай типтік мінезі сынға алынған?

Оқушының жауабы.

  1. Ақын мұрасындағы ерекше тақырып не?

Оқушының жауабын тыңдау.

Өлеңді  қазіргі заманмен салыстыруға бола ма?

Өлеңнен жолдарын тауып оқыту.

Мұғалім: ақын отаршылықпен ерте келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы өлеңнен көрінеді.                                                                                                                       5-мин

ҮІ.  Ой толғау. «Мәшһүр Жүсіп –сөз зергері».                                                    7-мин

Оқушылардың жауабын тыңдау.         3-оқушы                                                      3-мин                                                                 

ҮІІ.Қорытынды

      Біз алдымызға қандай мақсат қойып едік, сол мақсатымызға жеттік пе?

2-оқушы.                                                                                                                 1-мин

ҮІІІ. Үйге тапсырма                                                                                                  0,5 -мин

          Шығарма «М.Жүсіп-тарихшы, шежіреші, фольклошы, этнограф».

ІХ. Бағалау.                                                                                                                 1-мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: Мәшһүр-Жүсіп туралы қосымша мәлімет әкелуге тапсырма берілген болатын.

М.Жүсіп Көпейұлы ақын ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. «Дала уәлаяты» газетінде өлеңдер хат-хабар жазып тұрған. Шығармалары елге кеңінен танылуына байланысты «Мәшһүр» атанған. Даңқты, белгілі, атағы жер жарған.

оқушы:

Мәшһүр Жүсіп балаларды оқыта жүріп, жазу-сызуын бір сәт тоқтатпайды. Күндіз сабақ беріп, қалжырап шаршағанына қарамай, түнде май шамның жарығымен өлең жазады екен. Кейбір түнде өзі сүйіп оқитын шығыс ақындары шығармаларына сарыла үңіліп, білімін үздіксіз көтіріп отырған. Адамға қазына дәулет жолдас болмайды, ғылым мәңгі өмірсерік. Өнерді үйрену үшін де алдымен білім керек. Білімсіз бірде-бір ісің ілгері баспайды. Ақын осылай толғамды ойларын ортаға сала отырып,  өзі де көп оқыған,ізденген, өзгелерді осыған үндеген.

 

Мұғалім: ақын  өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол ерте –ақ танытқан екен. Ақын сөз өнерін жоғары бағалаған. Кейін адам өміріндегі ең бір қымбат дүние достық екенін айтқан.

Енді өлеңге тоқталайық.

ІІ.Бүгінгі өтетін  «Хал-ахуал» өлеңін оқып талдаймыз.

Өлеңді өзім мәнерлеп оқимын.

3-оқушыға бөліп оқытамын.

1- оқушы

2-оқушы

3-оқушы

Мұғалім: Енді балалар өлеңдегі түсініксіз сөздерге көңіл аударайық.

(Тақтада жазылып тұрады).

ІІІ Сөздікпен жұмыс.

 

       ІҮ. Өлеңді талдау.

  1. Авторы: Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлы
  • оқушы:

   Ақын елінің хал-ахуалын, билеушісі кім екендігін анықтауға жәрдемін тигізетіндігінде, саяси ахуал мен М.Жүсіптің дүниетанымы көрінеді.

 

  • оқушы: М.Жүсіп-халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры.тің жауһар мұраларының бірі «Хал-ахуал» өлеңі.

Өлеңде замана сипатын кең суреттейді.

 

  1. Жанр түрі
    • Оқушы: поэзия (өлең). Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді келетін өрнекті сөз жүйесі.
  2. Идеясы.

 

1-оқушы:

 

 

2-оқушы:

 

 

  1. Шумақ

1- оқушы:

  1. Тармақ

 

 

7.Бунақ

1-оқушы:

  1. Буын саны.

     1-оқушы:

  1. Ұйқас

 

  1. Мағынаны тану.

 

 

  1. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.

   Мақал-мәтелмен түйіндеу.

   1-оқушы:

     Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.

   2-оқушы:

    Жігітті-жолдасынан таны.

  3-оқушы:

   Жолдасы жақсы жолды болар,

Жолдасы жаман қолды болар.

 

  Мұғалім: «Хал-ахуал» өлеңі 1907 жылы жазылған.Ақынның  замана сипатын кең суреттеуі. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды аша сынауы.

Ақынның отаршылықпен ерте келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы өлеңде ерекше жазылған.

 

  Ү. Ұлылар үндестігін салыстыру. 5мин.

  Мұғалім: Осы өлең қандай ақындардың өлеңдерімен үндеседі?

 1-оқушы:

  Шәкірім Құдайбердіұлының «Жастарға», «Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім» өлеңдерімен үндес –деп ойлймын,себебі екеуі қоғамдағы қарамақайшылыққа толы кезеңде халықпен бірге болды,халықтың рухани еркіндігін аңсады.

  • Оқушы:

Абай Құнанбайұлының «Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат» өлеңімен үндеседі, себебі өлеңде замана сипатының кең тарауы айтылған.

 

 

 

 

   Мәшһүр – Жүсіп                   Үндестік                                   Абай

 

«Хал-ахуал» өлеңі.             Екеуінде де                            «Жігіттер, ойын арзан,

Жігіттер                                 күлкі қымбат».

 

 

 Мұғалім: Енді, кітабымызды жабамыз сендердің өлеңді қаншалықты есте сақтағандарыңды байқаймын.

ҮІ. Интерактив тақтаға жазылған өлең арқылы есте сақтау қабілеттерін байқау.

Өлеңді жазып, арасындағы сөйлемдердегі сөздерін дұрыс тауып орнына қою.

ҮІ Қорытынды.

Мұғалім: 1.Өлеңде заман адамдарының қандай типтік мінезі сынға алынды?

  • Оқушы

 

Мұғалім: 2. Ақын мұрасындағы  ерекше тақырып не?

1-оқушы:

 

 

Үйге тапсырма:

 

 

 

Бағалау.