М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы композициясы туралы теориялық білім беру.
Білімділік – поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету;
Дамытушылық – оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік – оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын суреті, интерактивті тақта, кітаптар, аққу туралы жазылған нақыл сөздер, тақырыптық суреттер, көрініс, сызба – кестелер.
Сабақтың түрі: Интеграцияланған (дамыта оқыту) сабағы. (Әдебиет сабағын театр, әуез, көркемсурет, сөз өнерімен интеграциялау).
Сабақтың әдісі: СТО, талдау, сұрақ – жауап, пікір сайыс
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, биология
Сабақтың барысы: І.Ұйымдасыру кезеңі. Оқушылармен жүздесіп амандасу, түгелдеу, сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстыру.
ІІ. «Топтастыру» стратегиясы. «Мұқағали әлеміне саяхат»
ІІІ. Ой шақыру. «Менің Мұқағалиым».
Сұрақтар: 1. Мұқағалидың туған жері? (Алматы облысы, Райымбек ауданы,Қарасаз ауылы) 2. Өмір сүрген жылдары? (1931-1976 ж.ж) 3. Әкесі мен анасың есімі? (Сүлеймен, Нағиман) 4.Мұқағали ақынның жыр жинақтарын ата. («Армысыздар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Шолпан», «Өмір дастаны», т.б.) 5. Мұқағали ақын кімнің тәрбиесінде болды? (Әжесінің. Ол «Мені сөзге, жырға үйір еткен – әжем» дейді. Ақын әжесінің аты – Тиын. Келіндері оны «Мақпал апа» деген.) 6. Ақынның поэмаларын атаңыз. («Ақулар ұйықтағанда», «Ару – ана», «Райымбек», т.б.)
М.Мақатаев өзі айтқан екен: «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай…»[2.197б]
Мұғалім сөзі: Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік. Міне, патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда. Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші.
а) Аққу қандай құс?
ә) Поэмаға оқушылармен біріге отырып мазмұндық жоспар құру.
Тақырыбы | Басты оқиғалар | |
І. | Тау басына біткен сұлу көл | 1.Қалай біткен мына көл тау басына? 2. Жетімкөл жетімсірейді. 3. Аққулар айдынына оралмады.
|
ІІ. | Ауру бала немесе шарасыз отбасы | 1.Жас сәбидің науқасқа шалдығуы. 2. Тәуіп шалдың айтқан ойы. 3. Ананың шешімі. 4. Ұйықтап жатқан аққуды атуы. 5. Жетімкөлден сән кетті |
ІІІ. | Бақташы қарт. Шарасыз ана. | 1.Көзінен жас, көңілінен мұң төгілген зарлы ана. 2.Халық ырымы. Аққуды атқан оңбайды. 3. Өліп жатқан бала, шарасыз ана. 4. Қасиет.Қасірет. |
Эпилог | Аққулар… | Аңыз көп қой олар жайлы. |
б) «Мұқағали – суреткер ақын». Поэмадағы сюжеттік оқиғлардың композициялық құрылымына талдау.
Оқиғаның басталуы.
Жетімкөл туралы аңыздар.
Көл еркесі – сұлу аққулар
Оқиғаның дамуы.
Ауру бала, тәуіп айтқан ем.
Оқиғаның шиеленісуі.
Аққуды атқан ана. Астан – кестен көл беті.
Оқиғаның шарықтау шегі.
Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі.
Кие қасіретін тартқан ана.
Оқиғаның аяқталуы. Аққуынан айырылған Жетімкөл.
в) Ақынның тіл шеберлігі. Әдеби – теориялық ұғымдарға талдау, тілдік теңеулерді табу. Оқулықпен жұмыс, дәптерде орындау.
№ | Поэмадан үзінді | Эпитет | Кейіптеу | Теңеу | Дәйектеме |
1. | Тәтті үн, аппақ нұр… | + | + | ||
2. | Маужыраған түн, салбыраған шымылдық… | + | + |
г) Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру. (интерактивті тақтада орындалады).
Кейіпкерлер | Іс – әрекеті, адами қасиеттері |
Ана | Қамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты. |
Әке | Адал жан, халық дәстүрін берік ұстанады. |
Тәуіп шал | Мейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы. |
Бақташы қарт | Ақылы мол, көргені көп. |
ғ)Проблемалық сұрақтар:
- Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
- Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?
- Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?
Проблемадан шығу:
- Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып — ананың балаға деген махаббаты.
- Автор өзі көтерген мәселені толығыман ашқан, себебі поэма шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзелістен, шын сағыныштан туған.
- Ана аққуды баласы үшін атты. Бұл шешім анаға оңай түспеді ана көп ойланды.
Ү. «Аққу – киелі құс» пікір – сайыс.
1) Жақтаушы топ: «Аққуды атуға болмайды»
Дәлелдеме: — Көлдің сәні – аққулар.
- Аққу киесі оңдырмайды.
2) Даттаушы топ: «Ананың балаға деген махаббатын дәлелдеу үшін аққуды атуға болатын»
Дәлелдеме: — Ана – махаббатымен құдіретті
- Бәрі де адам үшін жаратылған.
Мақсаты:
Түйін: Мақсатыма жеттім.
ҮІ.Рефлексия. Ой түйіндеу.
Шығармашылық тапсырма. Анаға хат. (Сүгірдің «Аққу» күйі ойнап тұрады.)Оқушылар анаға арнап хат жазады.
ҮІІ. Осы сабақтан не алдым? Тест интервью
Мұқағали шығармаларының ерекшелігі | «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бізге қандай тәрбие берді? |
Ойы өзекті. Бейнелі рух, сезім басым. Қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады. | Ана махаббатының құдіреттілігін сезіндірді. Табиғатты қорғауды үйретті. Халық дәстүрін берік ұстануды дәріптеді. |
Мұғалім сөзі: Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар: бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі адам анасы. Екеуіде мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
Сабақтың нәтижесі
Оқушыға не берді:
Өзіне, айналасындағыларға сын көзбен қарауға үйренді;
Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттер туралы өз пікірлері қалыптасты;
Табиғатты қорғауға үйренді;
Өз ойын еркін айтуды үйренді;
Мұғалімге не берді:
Адамның жақсы-жаман болуы өзіне байланысты деген ойға жетеледім;
Қарым-қатынас мәдениетіне үйрете білдім;
Жаңа технологияны қолданып өткізген сабағымның оқушыға берері мол екеніне көз жеткіздім;
Рухани санасына қатысты мәселелерді талқылау кезінде толық еркіндік және жеткілікті уақыт берілуі керек деген ой түйдім.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
- «Жетімкөл аққулары» — эссе жазу.
- «Ақын және аққу» тақырыбына өлең жазу.
- Поэмадан өзіңе ұнаған шумағын жаттау.