М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі – оқиға мазмұнын пайдалана отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкерлер арасында ізгілік қарым-қатынасты талдау.
ә) дамытушылығы — оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру; ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аударту.
в)тәрбиелігі — Шағын топпен бірлесе ынтымақпен жұмыс атқаруға, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге, қастерлеуге, бірігіп қорытынды жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Сабақтың типі: СТО
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ойлау, дәлелдеу, топтастыру
Көрнекілігі: кестелер
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
-Сәлемдесу
-Оқушы назарын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту.
— Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар? Қалай ойлайсыздар.
І Үй тапсырмасын тексеру
Топтастыру
1.М.Әуезов «Қараш-Қараш» оқиғасының тақырыбы неде?
2.Оқиғаның басты идеясы не?
3.Повесттің жазылуына негіз болған кім?
Оқиғаның композициялық құрылымына талдау
№ | Оқиғаның композициясы | Дәлелдеме |
1 | Оқиғаның басталуы | |
2 | Оқиғаның байланысы | |
3 | Оқиғаның дамуы | |
4 | Оқиғаның шиеленісуі | |
5 | Оқиғаның шарықтау шегі | |
6 | Оқиғаның шешілуі |
ІІ Мағынаны тану
Оқиғаның кейіпкерлеріне талдау жұмыстары
Оқиғаның кейіпкері | Іс-әрекеті | Адами қасиеті | Баға беру |
ІІІ «Алтын сақа» (2 топқа ойын) номерленген асықтар бойынша тапсырмаларды орындау.
- Ұзаққа созылған сары ауруға шалдыққан шағында Тектіғұл ағасы мен жеңгесінен нені тілек ететін еді?
- Бақтығұл іздегенім «осы дегендей» көп ойланбастан, атына жабысқан бойда қаршыға тастайтын аңшыдай қисайыңқырап келіп,… мойнына қыл арқан бұғалықты тастап кеп жіберді. Қандай малға бұғалықты салды?
- Арада тағы бір-екі жұма өтер — өтпесте Тектіғұлдың қатал тағдыры, маңдайына жазылған қазасы жетті. Артында өксіп-өксіп кеп жылап, Бақтығұл інісінің қазасына не деп қайғырды?
- Бақтығұлдың үш баласының атын ата.
- Тектіғұл анығында қандай еді? Бізге жазушы болып Тектіғұлдың портретін айтып беріңдер?
- Ауру жігітті қолына көтерген ағасы енді төсекті салған әйелі Қатшаның қасына алып келді де былай деді.(ойды өрбіт)
- Арада қанша уақыт өткенін Бақтығұл білмейді. Ол есін жинағанда, ең алдымен сезгені не еді?
- Ел ішіне келген қалың аурудан әке-шеше қатар тартып жығылып, араларына екі-ақ күн салмай, әуелі шеше, артынан әке өлді.Қандай аурудан қайтыс болды?
- Он жылғы еңбегім бір жылғы киімге татымаса, малыңның құлағын… Мені қырып ал, өлер жайым жоқ дейді. Соған долданған Сәлмен бай Тектіғұлды қалай жазалайды?
ІҮ Ой-толғаныс
Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Қатты әсер еткен тұстары нан үзіңді Әсер еткен үзіңділер жайлы пікір жаз жаз
Сөзжұмбақ
ж | ұ | м | а | т | а | й | |||
р | ы | с | қ | ұ | л | ||||
м | ұ | х | т | а | р | ||||
қ | а | т | ш | а | |||||
о | м | а | р | х | а | н | |||
ж | а | р | а | с | б | а | й |
- Бақтығұлдың бес жасар баласы кім?
- Тұрар Рысқұловтың әкесі.
- Абайдың туған өлкесінде дүниеге келген кім?
- Бақтығұлдың жары кім?
- Мұхтардың әкесі кім?
- Бақтығұл кімді өлтірді?
Ү. Үйге тапсырма.
Ұнаған кейіпкерлерге хат жазу
ҮІ. Бағалау
— Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.