Мақта қыз бен мысық
Сабақтың тақырыбы: Мақта қыз бен мысық.
Сабақтың мақсаты: ертегілер, ертегілердің түрлері, ерекшеліктері туралы оқушылар білімін тереңдету. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегі идеясын анықтай білуге үйрету. Оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін мазмұндау дағдыларын дамыту, сөздік қорларын толықтыр. Халық ауыз әдебиетіне, ертегілерге деген қызығушылықтарын ояту. Тілге, ауыз әдебиетіне деген ынта –ықыласқа тәрбиелеу. Еңбек пен ақыл, достық-таусылмас байлық екенін оқушы бойына дарытуға ықпал ету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ –жауап, талдау.
Көрнекілігі: «Қазақ ертегілері». суретер, қосымша материалдар, интерактивтивті тақта тірек-сызба
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
— Сәлеметсіңдер ме, балалар?
— Сәлеметсіз!
— Сыныпта кім жоқ?
— Сыныпта оқушылардың бәрі бар.
— Бүгін нешесі?
— Бүгін желтоқсанның төрті.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
(Түлкі мен ешкі ертегісі)
— Қазақ халқының ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесің?
— Мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер.
— Ертегі деген не?
— Ертегі халық ауыз әдебиетінің ең көп тараған түрі.
— Ертегілер неше топқа бөлінеді?
— Ертегі үш топқа бөлінеді: қиял – ғажайып ертегі, хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс – салт ертегілер.
— Хайуанаттар туралы қандай ертегілер оқыдыңдар?
— Хайуанаттар туралы « Түлкі мен Ешкі» ертегісін оқыдым.
— «Түлкі мен Ешкі» ертегісінің бас кейіпкерлері кім?
— «Түлкі мен Ешкі» ертегісінің басты кейіпкерлері түлкі мен ешкі.
3. Жаңа сабақ.
— Балалар, бүгін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен танысамыз. Ең алдымен, ертегіде кездесетін түсініксіз сөздермен жұмыс істейміз.
1. Сөздікпен жұмыс:
Мейіз- изюм
Қатығын төгеді – выливает кефир
Тауып алады — нашел
Шөлдеп тұрмын – хочется пить
Дән – зерно
Бас салады – хватает
Жаныңның барында-пока живой
Табақ –блюдце
2. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыру:
Тәтті мейіз. Алтын дән. Кішкентай тышқан.
3. Сөйлем құрастыру: Әжем тәтті мейіз сатап алды. Кішкентай тышқан алтын дән тауып алды.
4. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін мәнерлеп оқу (мұғалім)
5. Балаларды ертегіні мәнерлеп оқуға дағдылау, ертегінің қиын, түсінбеген жерлерін балалармен оқып, аудару.
6. Ертедегі кейіпкерлерді атау( Мақта қыз, мысық, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан, т. б.)
7. Ертегіге интерактивті тақтада көрініс көрсету.
4. Сабақты бекіту.
1. Ертегіні рөлге бөліп оқу.
2. Әр балаға рөлдерді таратып беру.
3. Ойынан кейін негізгі және қосалқы кейіпкерлерді жеке- жеке топтап жазу( Негізгі: Мақта қыз, мысық. Қосалқы: ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан).
4. Ертегінің қай топқа кіретінін анықтау( Тұрмыс – салт ертегісі)
1 топ. Мысық қатық іздегенде қайсысына қашан барғанын ретімен айтыңдар.
1. Мақта қыз
2. Сиыр
3. Ағаш
4. Қыздар
5. Дүкенші
6. Тауық
7. Тышқан
2 топ . Мысық қайсысынан не алды?
1. Сиыр – қатық
2. Ағаш- жапырақ
3. Қыздар – су
4. Дүкенші – сағыз
5. Тауық – жұмыртқа
6. Тышқан – тары
5. Қорытындылау.
Қатықты табу үшін мысықтың жүрген жолын суретпен сызып көрсету.
Осы ойын арқылы ертегінің мазмұнын айтып беру.
5. Оқушыларды бағалау.
6. Үйге тапсырма : Ертегінің мазмұнын дайындау, ұнаған жеріне сурет салып келу.
Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз:
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
– Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
– Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
– Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз:
– Менің қатығымды төле! –дейді.
Мысық сиырға барады.
– Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
– Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып:
– Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
– Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
– Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.
Қыздар оған:
– Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.
Мысық дүкенге барады.
– Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші:
– Маған жұмыртқа бер! – дейді.
Мысық тауыққа барады.
– Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар:
– Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.
Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
– Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққанынан:
– Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.
Мысық:
– Маған бір уыс тары бер, – дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.