М.Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы
Бактыгалиева Эльмира Сагынгалиевна
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім
беретін орта мектеп-балабақша кешенінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
9-сынып | Сабақ. Әдебиет | ||
Сабақтың тақырыбы | М.Мақатаев «Райымбек, Райымбек» поэмасы. | ||
Жалпы мақсаты | «Райымбек, Райымбек» поэмасының мазмұнын меңгерту. Поэманың тақырыбы мен идеясын ашу. Райымбектің тарихта болған батыр адам екенін ұғындыру. Райымбек Хангелдіұлының тарихи,әдеби бейнесін ашу. | ||
Күтілетін нәтижелер | «Райымбек,Райымбек» поэмасының мазмұнын баяндап, поэманың сюжеттік мазмұнын ашады, композициясына және көркемдік ерекшелігін талдап, салыстырады. | ||
Сабақ түрі | Жаңа сабақ | ||
Тапсырмалар | Джигсо стратегиясы, поэма кейіпкерлерін салыстырады, әдеби теориялық талдау жасайды, рөлге бөліп оқиды, жуан-жіңішке сұрақтар дайындау, «Ерлер ел үшін туады» тақырыбына ойтолғаныс жазу, тест. | ||
Керекті жабдықтар | Стикерлер, интербелсенді тақта, И.Расылханның орындауындағы « Жас қайың» әнінің аудио жазбасы. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе | І.Тұлғааралық байланысты орнату. Сыныппен амандасу. 1.Сыныппен амандасу. 2. «Мен сыныппен жұмысты қалай бастаймын» «Тілек тілей білеміз бе?» ІІ.Сыныптың білім деңгейін анықтау. 1.М.Мақатаевтың өмір сүрген жылдарын ата? 2.Ақын неше жасынан бастап өлең жаза бастады? 3.Ақынның алғашқы туындылары қандай басылымдарды жарық көрді? 4.Ақынның «Қазақ әдебиеті» газетіне басылып шыққан бір топ өлеңдеріне тілек жазған кім? Ә.Тәжібаев 5.Мұқағалидың қандай шығармалары бар? ІІІ..Алдыңғы сабақты қысқаша қайталау. 1.Ақынның табиғат лирикасы туралы жазылған қандай өлеңдерін білесің? 2.Ақынның Абай шығармаларымен үндес қандай өлеңдерін білесің? 3.Ақынның махаббат тақырыбы туралы жазылған өлеңін жатқа оқы. ІҮ. Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелерді анықтау. 1. «Батыр» -дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Қазақтың қандай батырлар жырын білесіңдер? 3. Қазақ батырларынан кімдерді білесіңдер? 4. Біз өткен сабағымызда қай ақынның шығармашылығымен таныстық?
| Оқушылар бір-біріне тілек тілейді. Оқушылар өткен сабақта алған білімдері бойынша сұраққа жауап береді.
Мұқағали өлеңдерінің тақырыптары қандай? —деген сұраққа топтастырады.
| |
Тұсаукесер | Райымбек батыр туралы кім қандай деректер біледі? | Оқушылар Райымбек батыр туралы білетіндерін ортаға салады | |
Негізгі бөлім | Білім.1.«Райымбек, Райымбек» поэмасына жалпы шолу Джигсо стратегиясы. 2.Түсіну. Райымбек кім?Оның батырлығы поэмада қандай әркеттер арқылы көрінеді?Райымбек образын бейнелеуде ақынның шеберлігі қай тұста көрінеді?Ақын қазақ елінің қиын жағдайын қалай жырлайды?Поэма сюжеті неше арнада дамиды? 3. Қолдану. Жоғары, төмен мәртебелі сұрақтар дайындау. 4. Талдау. «Райымбек, Райымбек» поэмасының композициялық құрылысын талдау.
1-топ. Поэмадан аллитерация мен ассонасты табу. 2-топ. Теңеуді, анафора мен эпифораны табу. 3.Мақал мен қарғысты,Қабай жыраудың портретін табу. 5.Жинақтау. 1-топ.М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасымен салыстыру. 2-топ. Райымбектің поэмадағы бейнесі. 3-топ. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Нысанбай жырау мен поэмадағы Қабай жырауды салыстыру. 6.Бағалау. «Ерлер ел үшін туады» ойтолғаныс жазу.
| 1.3топ 3 бөлімін оқиды да топ мүшелері орнынан ауысып басқа топ мүшелерін тыңдайды.Өз түсінгенін ортаға салады. 2.Өз топтарына қайта келіп поэма бойынша түсінгендерін талқылайды. 3.Рөлге бөліп оқиды. 1.Шығарманың тақырыбы – қазақ пен жоңғар арасындағы жаугершілік. 1.Оқиғаның басталуы – 2. Оқиғаның шиеленісуі – 3. Оқиғаның шарықтау шегі – 4. Оқиғаның аяқталуы —
И.Расылханның орындауындағы « Жас қайың» әнін тыңдап, «Ерлер ел үшін туады» тақырыбына ойтолғаныстарын жазады.
Жуан-жіңішке сұрақтарды стикерге жазады.
| |
Қорытынды | Тест. 1.Райымбек поэмасының басты тақырыбы не? А)қазақ халқының әлеуметтік жағдайы В) қазақ пен жоңғар арасындағы жаугершілік. С) Райымбек батыр 2. Поэма неше бөлімнен тұрады? А) 1 В) 5 С)3 3. Поэма қалай басталады? А) Зар заман өлеңімен В) Ақынның ренжуімен С) «Елім-ай» өлеңімен 4. Қан боп ақсын басыңа қара жауын! Құл боп өтсін мәңгілік балаларың! – кімнің қарғысы сөзі? А) Райымбек В) Түке С) Қабай жырау 5. Әкесі өлгенде Райымбек неше жаста болды? А) 13 В) 15 С) 18 6. Райымбек қол жинау үшін би қандай шарт қойды? А) Іле өзенінен атпен өту В) Жамбы ату С) Қылыштасу 7. «Әлдекімдер естілсе созған әні, Әлдекімдер аңырап жоқтау айтса» — троптың қай түрі қолданылған? А) анафора В) эпифора С) метафора 8. Ойран болған ордаңның орнына кеп, Отау тігіп, оттарын сен жағасың! Кімнің тілегі? А) Райымбек В) Нысанбай жырау С) Қабай жырау 9. Өз атын өзі ұрандап, жейдесін ту ғып байлап жұлдыздай ағып келетін кім? А) Батыр Баян В) Райымбек С) Қабай жырау 10. Райымбек өзін алғаш Албанға қалай танытты? А) Аруақ! В) Райымбек,Райымбек С) Абылай! Бағалау. | Оқушылар тестіні орындайды,кейін жұмыстарын алмастырып тексереді. | |
Сабақтың өзіндік талдауы | Мен сыныпта жақсы психологиялық атмосфера тудыру мақсатында оқушылар бірі-біріне тілек айтудан бастады. Сынып оқушыларын Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен», « Гүлсезім», «Айналайын» әндерімен 3 топқа бөлдім. Алдыңғы сабақты қысқаша қайталауда оқушыларға түрткі болу бағытындағы: М.Мақатаевтың өмір жолы туралы не білесіңдер?- деген сұрақ қойдым. Жанна: «Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған»- деп жауап берді. Ақынның махаббат тақырыбы туралы жазылған өлеңін жатқа оқып, Абай өлеңімен салыстыруда Нұржауған: Ақын өлеңдерінің сезімді суреттеуде Абайдан кейінгі табиғат лирикасын сезіммен жырлауда өзіндік орны бар екенін, терезенің алдына келіп тұрған көгершінге теңегендігі туралы айтты. Ақын өлеңдерін тақырыпқа топтастыруда Асылай интербелсенді тақтаға Мұқағали өлеңдерінің негізгі тақырыптарын топтастырып жазды. Сабақтың тақырыбын білдіретін мәселені анықтауда батыр ұғымын топтастырып алдым да қазақ батырлары туралы не білетіндігін сұрадым. Нұржаннат Райымбек батыр туралы қосымша деректерді сыныптастарына баяндады. Поэма мазмұнын меңгертуде Джигсо стратегиясын қолдандым. Оқушылардың түсінгенін байқау мақсатында қойылған: « Райымбек кім? Оның батырлығы поэмада қандай әркеттер арқылы көрінеді? 2.Райымбек образын бейнелеуде ақынның шеберлігі қай тұста көрінеді? 3.Ақын қазақ елінің қиын жағдайын қалай жырлайды? 4.Поэма сюжеті неше арнада дамиды? -деген сұрақтарға сынып оқушылары жақсы жауап берді. Сабақта оқушылар топпен жұмыстанып поэманың композициялық құрылысына әдеби-теориялық талдау жасады. 1 топ М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы баян батырмен, 3 топ І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Нысанбай жырау мен поэмадағы Қабай жырауды салыстырып, тарих пәнәнен алған академиялық білімін қолданды. 2-топ. Райымбектің поэмадағы бейнесімен, тарихи бейнесін ашып постер қорғады. Постер қорғауда Нұржауғанның көшбасшылығы айқын байқалды. Асылай, Жұлдыз, Гүлден тапсырмаларды орындауда шапшаңдық танытты. Өзін-өзі реттей алды. Сонымен қатар әр топ мүшелері жоғары, төмен мәртебелі сұрақтарға жауап беріп, өздері де сұрақтар дайындады. Сұрақ дайындауда Гүлсезім белсенді қатысты. Сабақта оқушылар «Ерлер ел үшін туады» тақырыбында ойтолғауларын жазып, тест тапсырмасын орындады. Оқушыларды бағалауда бағалау өлшемдерін негізге алып, тесттің қорытындысымен бағаладым. | ||
Сабақты бағалау | Сабақ қызықты өтті. Себебі, сынып оқушылары белсенді қатысып, позма мазмұнын толық меңгерді. Мұны оқушылардың тапсырманы орындау мүмкіндігімен тест қорытындысы арқылы анықтадым. Сабақта Жұлдыздың, Нұржауғанның, Асылайдың, Әйгерімнің көшбасшылығын постер қорғауда, ойтолғаныстарын көркем жеткізгенінен көрдім. Нұржауғанның мәнерлеп оқу дағдысы шыңдалғанын «Қарасаз» өлеңін оқуынан білдім. | ||