Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Сабақтың мақсаты: А)
М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.
Ә).
«Түркістан» өлеңі туралы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
Б)
Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев шығармалар жинағы, өлеңдер жинағы, слайдтар.
Технология: СТО
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, бүгін біз сабақта «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында» деген тақырыпқа тоқталамыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.
Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?
Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?
Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.
Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Жаралдым топырағыңнан, сен – түбім,
Жалғаны жоқ бәрі сенен жан – тәнім.
Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.
Өлеңді түсініктеме күнделігі бойынша талдау жасату
Жазушылардың пікірі | Өз пікірім |
«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» (М.Әуезов)
| |
«Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов» (С.Мұқанов) |
Халқымыздың осындай аптал азаматтарының пікірлеріне қарап, М.Жұмабаевтың жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырағанын байқауымызға болады.
М.Жұмабаев өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр арқауы еткен.
Оқушылар өлеңдерін мәнерлер оқиды.
Абзал ақынның сырлы дүниесіне үңілу мақсатында бүгінгі өтетін сабағымыз – ақынның «Түркістан» өлеңі.
«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, —
Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, —
Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының,
Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», — деп
Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.
- Ой қозғау.
«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.
Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.
М.Жұмабаев — өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.
Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.
«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жекелеген шумақтарына түсінік беру.
Тұранның елі шексіз,шөлі қандай?
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса,шөлді басқан селі қандай!
Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.
Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.
Өлеңге жоспар құру.
- Қасиетті Түркістан — бабалар мекені.
- Тұран жері – түркілер елі.
- Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік.
- Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.
- Туған жер – тұғырың.
Мағжан –халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан мүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. Ақынның бізге үлгі-өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен-ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.
«Түркістан» өлеңін оқушыларға мәнерлетіп оқыту, 1 шумақтың өлең құрылысына талдау жасау.
3 4 4
Тұранға // жержүзінде // жер жеткен бе?
3 4 4
Түрікке // адамзатта // ел жеткен бе?
3 4 4
Кең ақыл, // отты қайрат, // жүйрік қиял
3 4 4
Тұранның // ерлеріне // ер жеткен бе?
Өлеңде 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ бар.Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған.
Өлеңнің көркемдік тіліне талдау жасау.
Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял.
Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагері – қалың алаш, Алаштың арыстаны.
Сабақты бекіту.
Дұрыс, енді тақтаға назар аударайық. Осы өтілген тақырып бойынша сұрақтар шығады, сендер соған жауап бересіңдер.
- «Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған? (туған жер, атамекен)
- Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсінеді. Себебі неде? («Бабаның басына барып қайту-үлкен сауап», — деп саналады)
- «Ер Түрік» дегенде «ер» деген эпитеттің ақынның қолданысындағы мәні неде деп түсінесіңдер?
- «Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?!»
Өлеңнің осы шумағындағы ақынның айтайын деген ойын анықтаңдар.
- Бұл өлең қандай лирикаға жатады?
Қорытынды:
— Міне, балалар, ақын ағаларыңның туған жеріне деген жан толғанысы кез -келгенімізді бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын.
Туған еліміздің жыр маржанын төккен асыл ұлдарын әрқашан ардақтап, жадымыздан шығармауымыз керек.
- Балаларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: «Түркістан» өлеңін жаттау.