«Қыз Жібек» жырындағы ғашықтар бейнесі
Сабақ №1 Пән: Қазақ әдебиеті | Күні: 16 қазан Сынып: 9 «а» (14-15 жастар) | Барлық оқушылар: 9 Қатысқаны: 8 | |
Тақырыбы: | «Қыз Жібек» жырындағы ғашықтар бейнесі. | ||
Сілтеме: | Бағдарлама, күнтізбелік жопар, Ақшолақов Т,Жұмажанова Т, Қалиев С, Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті, 9 сынып. — Алматы: «Мектеп» 2005 | ||
Жалпы мақсаттар: | Жырдағы ғашықтар бейнесін тану, сыни тұрғыдан ойлай білу, махаббат, достық мәселелерін ұғыну. | ||
Ресурстар: | Слайд, бейнетаспадан үзінді, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, бағалау парағы | ||
Әдіс-тәсілдері: | Тәсілі: жекелей, жұппен, топпен Әдісі:«Миға шабуыл», «ойлан, жұптас, пікірлес», постер құру, ой шақыру, тест жұмысы, «Бүгінгі күннің сөйлемі» | ||
Оқыту нәтижелері: | Шығарманы толық меңгереді;ой бөліседі, тапсырманы меңгеріп шығады, ортақ шешім қабылдайды;сыни тұрғыдан ойланады, түйінді идея айтып, ой қорытады; шығармашылық қабілеттері артады; шығарма бойынша білімдерін жинақтайды; тақырыпқа байланысты түйінді сөйлем жаза алады;топпен ынтымақтастықта жұмыс жасап үйренеді. | ||
Түйінді идея: | Шынайы махаббаттың қос шынары. | ||
Сабақтың барысы: | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау |
Ұйымдастыру кезеңі: | Ынтымақтастық атмосферасын құрады. Шаттық шеңберіне тұрғызып, тілек айтқызыды.
Оқушыларды «Пазл» арқылы топқа бөледі. Бағалау парағын таратады. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Шағын 2 топ құрады. | |
Үй тапсырмасын тексеру. | «Қар кесегі» әдісі бойынша үй тапсырмасын пысықтау. | Оқушы келесі оқушыға сұрақ қояды, ол оқушы алдыңғы қойылған сұрақтарды, оған берілген жауаптарды қосып айтып, өз сұрағына жауап береді және келесі оқушыға сұрағын қояды | |
Жаңа сабақ.
| Mp3 нұсқасында «Қыз Жібек» әнін тыңдатады. Слайд арқылы бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырады.
Ойлан, жұптас, пікірлес. ( жеке, жұптық, топтық ) Жырдан Төлеген мен Жібектің бейнесі суреттелген жерді тапқызу.
Постер құру. ( топтық жұмыс ) 1 топ. Төлегеннің бейнесі. 2 топ. Жібектің бейнесі.
Сергіту сәті. «Ғашықтық дастандар» деген сөз тіркесінен 30 секунд уақыт ішінде мағыналы, мәнді сөз құрау керек.
Интервью әдісі. Оқушылар арасынан фильмде Төлеген мен Жібектің рөлінде ойнаған актерлер Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешованы таңдап алады. Радионың тікелей эфирінде сұхбат жүргізеді.
5 жолды өлең. 1. Зат есім. (1 сөз) 2. Сын есім. (2 сөз) 3. Етістік (3 сөз) 4. Сөйлем. 5. Синоним.
|
Оқушылар жекелей жұмыс жасайды, тапсырманы меңгеріп болған соң, ой бөліседі, ортақ шешім қабылдайды;
Сыни тұрғыдан ойлана отырып, түйінді идея айтады, постер қорғайды
Оқушылар жылдамдық таныта отырып, сөз жазады.
Радионың тікелей эфиріне қоңырау шалып, сұрақ қояды.
Өзіндік түсінікті нақта сөздермен келтіре отырып өлең құрастырады. |
Жетондар арқылы бағалау
Үш шапалақ
Топтың бағалауы |
Сабақты бекіту. | Тест жұмысы. ( Жеке жұмыс ) Тест сұрақтарын интерактивті тақтадан көрсетеді.
| Шығарма бойынша алған білімдерін жинақтайды. | |
Үй тапсырмасы. | «Махаббаттың мәңгілік жүлдыздары» тақырыбына эссе жазу. | Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады. | |
Сабақты бағалау. | Бағалау парағын ескере отырып, жиынтық баға шығарады. | Бағалау парағын тапсырады. | Жиынтық баға |
Рефлексия
| «Екі жұлдыз, бір тілек» | Өз пікірлері мен тілектерін жазып, «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне іледі. |