Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» жыры
Сабақ №1 Пән: Қазақ әдебиеті | Күні: 9 қазан Сынып: 9 «а» (14-15 жастар) | Барлық оқушылар: 9 Қатысқаны:9 | ||
Тақырыбы: | Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» жыры | |||
Сілтеме: | Бағдарлама, күнтізбелік жопар, Ақшолақов Т,Жұмажанова Т, Қалиев С, Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті, 9 сынып.- Алматы: «Мектеп» 2005 | |||
Жалпы мақсаттар: | Лиро-эпостық жырлар жайында мағлұмат, «Қыз Жібек» жырының шығу тарихымен танысу, әдеби тіл байлықтарын арттыру, адалдыққа баулу. | |||
Ресурстар: | Слайд, бейнетаспадан үзінді, плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, бағалау парағы | |||
Әдіс-тәсілдері: | Тәсілі:жекелей, жұппен, топпен Әдісі:«Мозаика», «Аялдама», «Ой толғаныс, зерттеу», постер құру, Венн диаграммасы, шығу парағы. | |||
Оқыту нәтижелері: | Мозайканы құрастыру арқылы тақырыпты анықтайды, өз ойларын жеткізеді, пікір алмасады, зерттеу жүргізіп, пікір білдіреді, салыстыра алады, тұжырым шығарады, ойларын қорыта алады, топпен ынтымақтастықта жұмыс жасап үйренеді. | |||
Түйінді идея: | Қазақ халқының даналығын туғызған асыл жырлар. | |||
Сабақтың барысы: | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | |
Ұйымдастыру кезеңі: | Кезекшіні анықтап, оқушыны түгендейді.
«Жылы сөз»шеңберін құру арқылы жағымды тілек айту.
Батырлар жыры мен лиро-эпостық жырлардың атауы бойынша топқа бөледі. Бағалау парағын таратады. | Бір- бірімен амандасу түрлері арқылы көңіл күйлерін көтереді. Оқушылар шеңбер болып тұрып, көршісіне әр түрлі жылы сөз, жағымды тілектер айтады Шағын 2 топ құрады.
| ||
Үй тапсырмасын тексеру. | «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтайды. | Әр топтан бір оқушы шығып, ыстық орындықтың сұрақтарына жауап береді. Топтың мүшелері сұрақ қояды. | Мадақтау «Жақсы» «Дұрыс» «Жарайсың»
| |
Жаңа сабақ.
| «Мозаика» әдісі. Қима қағаздар таратып, сабақтың тақырыбын анықтатады.
Кітаптан бүгінгі тақырыпты қарап шығуды тапсырады. Әр топқа «Аялдама» әдісі бойынша сұрақтар таратып береді 1. Лиро-эпостық жырлардың тақырыбы не? 2. Лиро-эпостық жырлардағы басты кейіпкерлер кімдер?
«Қыз Жібек» жырынан үзінді көрсетеді. Жырдың тарихын білу үшін ой қозғау.
Сергіту сәті. Бой жазу жаттығуына арналған бейне жазба қойылады. | Мозайканы құрастыра отырып, тақырыпты анықтайды.
Аялдамадағы сұрақтарға топ болып, бірлесе жауап жазады.
Жырдың тарихы туралы интернет желісінен мәлімет іздейді, постер құрады, қорғайды.
Жаттығуды қайталай отырып жасайды. |
«Бас бармақ» арқылы бағалау
«Үш шапалақ» арқылы бағалау
| |
Сабақты бекіту. | Лиро-эпостық жырлар мен батырлар жырын салыстыру. Венн диаграммасы.
| Салыстыра отырып,тұжырым шығарады,топпен ынтымақтастықта жұмыс жасайды.
| Топтың бағалауы
| |
Үй тапсырмасы. | «Қыз Жібек» жырын оқып, мазмұндап келу.
| Оқушылар күнделікке жазады. | ||
Сабақты бағалау. | Бағалау парақтарын ескеріп, жиынтық баға шығарады.
| Бағалау парағын тапсырады. | Жиынтық бағалау | |
Рефлексия
| Слайдтан «Шығу парағының» сұрақтарын көрсетеді.
| Сұрақтарға жазбаша жауап жазып,«Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне іледі. | ||