«Қыз Жібек» жырындағы салт-дәстүрлер.
Сабақ №1 Пән: Қазақ әдебиеті | Күні: 15 қазан Сынып: 9 «а» (14-15 жастар) | Барлық оқушылар: 9 Қатысқаны: 8 | |
Тақырыбы: | «Қыз Жібек» жырындағы салт-дәстүрлер. | ||
Сілтеме: | Бағдарлама, күнтізбелік жопар, Ақшолақов Т,Жұмажанова Т, Қалиев С, Дүйсебаев С. Қазақ әдебиеті, 9 сынып. — Алматы: «Мектеп» 2005 | ||
Жалпы мақсаттар: | Жырдағы салт-дәстүрлерді талдау, шығармашылықпен жұмыс жасауға машықтану, халықтық мұраларды құрметтеу. | ||
Ресурстар: | Түрлі-түсті маркерлер, бейнетаспадан үзінді, АКТ, бағалау парағы. | ||
Әдіс-тәсілдері: | Тәсілі: жекелей, жұппен, топпен Әдісі:«Болжау» әдісі,INSERT әдісі,кесте толтыру,ой шақыру,рөлдік ойын. көңіл-күй аралдары. | ||
Оқыту нәтижелері: | Болжам жасай отырып тақырыпты анықтайды, салт-дәстүр туралы білімдерін толықтырады, зерттеу жүргізіп, ой бөліседі,өз пікірлерін еркін жеткізе алады,- бір-бірімен қарым-қатынасы қалыптасады, сабақтағы көңіл-күйінің дәрежесін жеткізеді, топпен, жұппен жұмыс жасай алады, бағалай біледі. | ||
Түйінді идея: | Салт-дәстүр — сарқылмас қазына, өшпес мұр | ||
Сабақтың барысы: | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау |
Ұйымдастыру кезеңі: | Ынтымақтастық атмосферасын құрады. «Мен ана тілін сүйемін, себебі…» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтауға нұсқау бере отырып, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету. Оқушыларды салт-дәстүрлер атауымен топқа бөледі. Бағалау парағын таратады. | Оқушылар сөйлемді өз ойларымен аяқтайды. | |
Үй тапсырмасын тексеру. | Төлегеннің әуеде ұшқан алты қазбен қоштасуын сұрау. | Жаттауды жатқа мәнерлеп айтады | Мұғалім бағасы |
Жаңа сабақ.
| Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болатынын болжату. Жырдағы кездесетін салт-дәстүрлерді оқулықтан таптырту. (жекелей жұмыс)
Салт–дәстүр мағынасы жырда, оқиғада. Кесте таратады, слайдтан толтыру үлгісін көрсетеді.
Сергіту сәті. Бой жазу жаттығуына арналған бейне жазба қойылады.
Ой қозғау. 1 топ. Ұлттық салт-дәстүрлер сақталуы тиіс. 2 топ. Сақтау міндет емес. | Өз болжамдарын айтады. Оқулықтан оқи отырып, INSERT әдісін қолданады. Топта зерттеу жүргізіп, ой бөліседі.
Жаттығуды қайталай отырып жасайды.
Оқушылар сыни ойлай отырып, өз пікірлерін білдіреді. |
Топтың бағалауы
«Бағдаршам» әдісі арқылы |
Сабақты бекіту. | Рөлдік ойын. Жырдағы кездескен салт-дәстүрлердің бірін көрсетіп берулерін сұрайды. | Рөлдік ойын көрсетеді. | Әр түрлі фигуралар арқылы |
Үй тапсырмасы. | Салт-дәстүр түрлерін қарастырып келу. | Күнделікке жазады. | |
Сабақты бағалау. | Бағалау парағын есепке ала отырып, жиынтық баға шығарады. | Бағалау парағын тапсырады. | Жиынтық баға |
Рефлексия
| «Дейін-кейін» стратегиясы | Тақырып бойынша «дейін» бағанасына не білетіндерін, «кейін» бағанасына бүгін не білгенін жазып, «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне іледі. |