Сәкен Сейфуллин «Бандыны қуған Хамит»

 Сабақ тақырыбы:   Сәкен Сейфуллин  «Бандыны қуған Хамит»

     Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіре

отырып, Сәкен Сейфуллин өмірі мен

шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту,

шығарманың мазмұнын толық білу, идеясын ашу;

     Дамытушылық: Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық

ізденіске бағыттау, мәтіннің тілі мен кейіпкерлер

әлемін таныту, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру,

     Тәрбиелік:  Шығарманың тәрбиелік жақтарын ұғыну,                      

                         адамгершілік, адалдық қасиеттерді дәріптеу.

Сабақ түрі: Жаңа шығармашылық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  тірек-сызбалар пайдалану,сұрақ-

жауап, түсіндіру, ойталқы, талдау, тест сұрақтары.

Сабақтың көрнекілігі: Сәкен Сейфуллин суреттер топтамасы,

хронологиялық кесте, тапсырмалар, нақыл

сөздер, естеліктер, кітаптар.

     Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

      І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Назарларын сабаққа аудару

     ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Ж.Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз.Шолу жаса.

Ақынның «Алғадай туралы әрбір ой», «Атаның әлдиі» өлеңдерінің мазмұнына, идеясына тоқталу

Қалаған өлеңдерін жатқа айту.

Жоқтау дегеніміз не?

Ақынның өлеңдерінен не түйдің, пікірлерін тыңдау.

Жамбыл кім?Бар білетініңді тірек-сызбаға жинақтап жаз.    Топтастыру стратегиясы           

…..               ……              ……

 

 

 

Жамбыл

 

 

Мұғалім:1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткен еді.Бұл мәдени шараға қазақ елінен Жамбыл-Сәкен бастаған делагация қатысты.Онкүндікті жыр алыбы Жамбыл «Халық сәлемі» атты жырымен ашып, күллі халыққа қазақ жұртын, Сәкендей алыптарын танытты.Мына Жамбыл мен Сәкен ақын суреті сол кезеңнен қалған естелік.(Тақтада Жамбыл мен Сәкеннің суреті тұрады).

Бүгінгі жаңа сабағымыз Жамбыл жанындағы ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті қайраткері, сұлу жанды Сәкен ақынға және оның «Бандыны қуған Хамит» атты шығармасына  арналады.

                                          ІІІ  Жаңа сабақ мазмұны

            С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» атты әңгімесі

                                  1.Ұлылар ұлағатынан

      Өмірде жан екенсің қия алмайтын

Өлеңнің құшағына сия алмайтын

Қазақты көргің келсе, міне, осы деп,

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.

Сырбай Мәуленов

«Буденныйдың мұртындай қайырып тастаған мұртты, қара толқынды келген шашты, өзі аққұба, көз қиығы ерекше, денесі сом, ердің ішіндегі аса бір сымбаттысы, кісілігінде еш міні жоқ.»

Ғабит Мүсірепов «Ескірмейді естелік»кітабынан

 

 

 

 

 

2.Сәкен өмірі мен шығармашылығы

публицист                 әдебиет тарихын

зерттеуші, ғалым      жазушы

 

 

ақын

С ә к е н                            сазгер

 

драматург                       педагог               қоғам қайраткері

 а)Хронологиялық кесте

1894 жыл23 мамырАқмола облысы Нілді болысында туған Шын  аты-Сәдуақас.Әкесі Сейфолла-домбырашы,саятшы,ашық адам.Анасы Жамал-әңгімешіл,өнерге жақын жан.

 

1905 жыл11 жасында Нілді зауытының орыс-қазақ мектебінде.

 

1908-1913 жылдарыАқмола 3 кластық училищесінде.

 

1913-1916 жылОмбы мұғалімдер семинариясында.

 

1914 жылҚазанда «Өткен күндер» тұңғыш өлеңдер жинағы шықты.

 

1917 жыл«Жас қазақ» ұйымында,«Тіршілік газеті» редакциясында.

 

1918—1919 жылОмбы лагерінде азап вагонында.

 

1922-1925 жылдарыҚазақстан халық комиссарлары кеңесінің төрағасы, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы
1936 жылы«Еңбек Қызыл ту» ордені берілді
1937 жылытұтқындалды
1938 26.02«Халық жауы» ретінде атыды
1957 жыл30 наурызда ақын ақталды.Халқымен қайта қауышты.

 

Халқының көңілінен шығып, жүрегінен орын алған С.Сейфуллиннің шығармалары қазіргі күнде ел жадында.

ә)Шығармашылығы «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Домбыра», «Тұрмыс толқынында», «Қызыл ат»,»Көкшетау», «Аққудың айырылуы» поэмалары, «Тар жол,тайғақ кешу» романы, «Жер қазғандар», «Жемістер», «Бандыны қуған Хамит», «Айша» әңгіме-пьесалары.                          

 б) Ақын мұрасының зерттелуі

Сәкентанушы ғалым-профессор Тұрсынбек Кәкішұлы, Мұхтар    Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Г.Серебрякова, т.б.

Шығарманың мазмұнына тоқталу

«Бандыны қуған Хамит» әңгімесінде С.Сейфуллин 1921 жылдардағы саяси- әлеуметтік жағдайы, жас өкіметтің дұшпандары- ақ бандыларға қарсы күрес оқиғалары баяндалады.Олардың елі тонап, ауыл адамдарын өлтіріп жүрген қастандық әрекеттерін айтып өтеді.Осыған байланысты әңгіменің басты қаһарманы Хамиттің басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

 

Мәтіндік жұмыс

1-тапсырма:Әңгімедегі табиғат көріністерінің суреттелуін тауып оқу.

2-тапсырма: Жау, банды сөзінің мағынасын ашу(палуан, айлакер, қазақ арасын көп аралаған жырынды банды)

Мұғалім: Зерттеуші Қажым Жұмалиев сөзімен айтсақ,

«Сәкен-көркем сөздің ұстасы,новатор,жаңашыл ақын,жұрт таңғалғандай үздік образдар жасаған сұлу сөз иесі»

Сәкен шығармалары-сұлулық,тазалық,адалдық идеалы.Лирикалары ерекше символдық белгілермен өзгеше.

3-тапсырма Әңгімедегі баяндауды, суреттеуді, портретті табу

Әңгіменің басты қаһарманы Хамиттің басынан кешкен оқиғалары барлығы да баяндау жолымен әңгімеленеді.

«Бандыны қуған Хамит» әңгімесінде жазушы оқиғаның болған мезгілімен байланыстыра, күзгі табиғаттың әсем суретін береді.

Әңгіменің негізгі кейіпкерлерінің портретін жазушы былай суреттейді:

ХамитБанды Кудря
Ұзынша бойлы, жауырынды тіп- тік, сұр жігіт.Қырша мұрынды, шүңіректеу қара кер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар.Сом сұлу денесі ылғи сіңірменшиырылған күшті көк ет еді.Бар денесі серіппелі көк темірден жасалғандай.Бет- аузы бүркіттің бетіндей,салт атты, үстінде мұздай қазақша киім, басында қоңыр елтірі тымақ, аты сұлы жеп жүрген мүйіздей қатқан, сұлу Құбақан ат.Лесниктің үстінде қара шинелі бар, басында құлақшын, құлақшынның бауын байлаған, аяғында қалып ұлтанды қара етік.Сақал- мұртын қырған. Жасы отыздың ішінде, шамалы қара торы жігіт, еңгезердей ұзын бойлы, жауырынды, қолында шыбыртқы қамшысы бар, көк аттың үстінде тіп- тік қақақан қазықша отырып келеді. Аты жарау, әлекедей жалақтайды, дүрсілдетіп жерге тұяқтарын қадай басып, желе аяңдайды.

 

4-тапсырма.Мақал-мәтелді жалғастыр.

1.Доссыз өмір-…… …… (сөнген көмір)

2.Адамды ….. таны (жолдасынан)

3.Жақсымен дос болсаң,жетерсің  …..  (мұратқа)

Жаманмен дос болсаң,қаларсың  ….  (ұятқа)

4.Досы көпті …. алмайды (жау)

Ақылы көпті ….. алмайды (дау)

5.Дос ……,дұшпан  ……  айтар (жылатып,күліп)

      

ІІІ  Бекіту кезеңі

Тест сұрақтары:

  1. Сәкеннің шын есімі?

а)Ибраһим       ә)Шоқан    б)Сәдуақас

 

  1. Сәкентанушы ғалым кім?

а)Т.Кәкішов     ә)С.Қирабаев        б)А.Байтұрсынов

 

  1. .Сәкеннің туған жерін ата?

а)Жетісу өңірі      ә)Ақмола облысы    б)Павлодар

 

  1. Сәкен Сейфуллин қашан ақталды?

а)1917 жылы     ә)1980 жылы     б)1957 жылы

 

5 Сәкен Сейфуллин кім?

а)Лирик ақын,композитор

ә)Суретші,ғалым

б)Автор,тұлпар,күйші

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі:Бүгінгі сабақта Сәкен ақын емес,композитор екенін де айта келіп, «Тау ішінде», «Көкшетау», «Жас қазақ марсельезасы» т.б. әндері бар екенін естеріңізге салайын.

   

Рефлексия

 

         Сабақта қандай сезімде болдыңыз?                          Сабақтан қандай әсер алдыңыз?

 

 

 

 

Үй тапсырмасы: Сәкен өмірі мен шығармашылығы,

«Бандыны қуған Хамит» әңгімесінің мазмұнын айту