С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының композициясы, образдар жүйесі
Сабақтың тақырыбы: С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының композициясы, образдар жүйесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға поэманың композициялық құрылымын меңгерте отырып, образдар жүйесіне назар аударту.
Міндеті: а) Білімділік: поэманың композициялық құрылымын меңгерту арқылы, ақынның тіл шеберлігіне назар аударту.
б)Дамытушылық: әдеби сөйлеу тілдерін дамытып, ой-өрістерін кеңейту, шығармашылыққа жетелеу, мәтінмен жұмыс түрлеріне жаттықтыру.
в)Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.
Типі: Жаңа сабақ.
Түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.
Көрнекілігі: таблица.
Әдістері: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқыту,талдау, пікір-талас.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- С.Мұқановтың қандай поэмаларын білесіңдер?
- «Сұлушаш» поэмасына арқау болған оқиғалардың таптық мәні.
- Поэманың оқиғасы кімдердің төңігерінде құралған?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Поэманың бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегінде құрылған. Яғни, осы екі жастың сүйіспеншілігі, бір-біріне махаббаты жырланады. Трагедия Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Екеуінің албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды.Сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын-сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып, азапта өледі.
- Композицияның элементтерін еске түсіру.
- Пролог, эпилог анықтамаларын еске түсіру.
( Пролог – грекше, алғы сөз, көркем шығармаға кіріспенің,эпилог – грекше, соңғы сөз, шығарманы қорытудың бір түрі).
- Кейіпкер мінезін ашу.
- Ой-тұжырым жасату.
- Тілі мен суреттеу тәсілін тапқызу.
Поэманың сюжеттік желісін еске түсіре отырып, төмендегі схеманы толтыру.
№ | Компози-циялық элементтер
| Компози-циялық жоспар | Суреттеу тәсілдері | Сұлушаш | Алтай |
1 | Пролог. Басталуы. |
Дүниеге келуі. |
Баяндау,суреттеу | Байдың қызы, қиғаш қас, қарақат көз, қыр мұрын,ұзын кірпік,жұқа ерін. | Кедейдің ұлы,қара көз, қыр мұрын, қасқа маңдай,кең иық. |
2. | Байланысы | а) Ұнату. ә) Құдалық. | Диалог, баяндау. | Инабатты, сыпайы, кіші-пейіл, ақжарқын. | Өжет,батыл, қайратты,өр. |
3. | Дамуы. | Алып қашу. | Баяндау. | Болашақты болжағыш. | Сертіне берік, айт-қанынан қайтпай-ды |
4 | Шиеленсуі. | Қуғын. | Диалог, баяндау. | Айнымас ма- хаббат иесі. | Батыр, ержүрек, жауға мейірімсіз, |
5. | Шарықтау шегі. | Қарқаралы тауында. | Баяндау, монолог, диалог. | Қиыншылыққа төзімді, сабылы. | Еңбекке шынық-қан төзімді, ер тұлғалы. |
6 | Шешімі. | Азапта өлуі. | Баяндау
| Қытымыр заманның құрбандары. | |
Идеясы | Тарих шындығымен махаббат шындығын еркін меңгеріп жырлаған ақын шығармасында әлеуметтік теңсіздіктің жастардың бас бостандығына бөгет болуы. |
Мәтіннен Алтайдың монологын оқытқызу.
Бекіту.Олар өмір сүрген қатал замандағы таудағы биік тас кедергі — әлеуметтік теңсіздік тұрған шақта Алтай сияқты жастар арман-тілекке жетуі мүмкін де емес екенін, жазушы айқын ашып көрсеткен. «Сұлушаш» поэмасының тілі де көркем, оқиғасы да жаныңды елжіретіп, сай-сүйегіңді сырқырата отырып,оқиға жүйелі құрылған.
М.Базарбаевтың сөзімен қорытындылау. «Сұлушаш поэмасы нағыз реалистік шығарма. Оның қаһармандары – ойдан жасалған, қиялдан шыққан, жансыз, қансыз суреттер емес, өмірдің қайнар бұлағынан алынған таза жанды,ыстық қанды еңбек адамдары».
Үйге тапсырма:
- Поэмадағы әдет-ғұрып, халық психологиясының көрінісін сипаттап жазып келу
- Поэманың тіл көркемдігіне байланысты көркемдегіш сөздерді табу.
№42 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Құрманғалина Миргүл Ахметбекқызы
Семей қаласы