Windows операциялық жүйесі Жұмыс істеудің бастамасы

Сабақтың тақырыбы :       Windows   операциялық жүйесі    Жұмыс  істеудің  бастамасы

Сабақтың мақсаты :
Microsoft  Windows  ортасының  ерекшеліктерімен, жұмыс  үстелімен  танысу.  Пуск батырмасын жұмыста  қолдануға үйрену.Windows  ортасындағы  әрекеттерді  білу   қабілетін,  ой – өрістерін  дамыту.Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беру.

Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі :
-Оқушыларды түгендеу.
-Қауіпсіздік ережесін сұрау.
 ІІ Үй  тапсырмасын  тексеру                                                                                                                               1. Алғашқы есептеу құрылғысы?
2.  Пернетақта дегеніміз не?

  1. Бір байтта қанша  бит бар?
  2. Компьютердің атасы кім ?
  3. Баспаға шығару құрылғысы?

Жаңа  сабақ  барысы:      Windows   операциялық  жүйесі

  • Операциялық жүйе кез  кедген  компьютердің   ең  қажетті   құрамдас  бөлігі   және  ол  компьютерді  басқаруға,  ақпаратты  сақтауға ,  оған  қосылған  барлық  құрылғылардың жұмысын  ұйымдастыруға арналған программалардың  жиыны  болып  табылады.
  • Операциялық жүйе  адам  мен  компьютер  арасындағы   өзара  байланысты  қамтамассыз  етеді.
  • WINDOWS операциялық  жүйесіндегі  жаңа  нұсқасының  атауындағы  ХР  әріптері   eX Perience  деген  ағылшын  сөзінің  бөлігі  болып  табылады,  ол “ өмір  тәжірибесі ”, “білім”  дегенді  білдіреді
  • WINDOWS сөзінің өзі  терезе  деген  мағынаны  береді

Жұмыс істеудің  бастамасы

  • . Жүйелік блогының  алдыңғы  бөлігінде  орналасқан  Power   деп аталатын қосу / өшіру  батырмасын  басып , оны  іске  қоса  аламыз
  • Операциялық жүйе жүктеледі де, экранда  Windows  XP  жүйесі  жүктелуін  білдіретін  қыстырма   бет  пайда  болады. Экранда  бір – бірін  ауыстыратын  бірнеше  қыстырма беттер  пайда  болуы мүмкін. Жүктелу  аяқталғаннан  кейін   Windows – тің  жұмыс  үстелінің  бейнесі  пайда  болады.  Экранда  Добро  пожаловать в  Windows  терезесі  пайда  болады,  жұмыс  жасау  үшін  оны  экраннан  алып  тастау  керек

1 сурет

Windows xp   -графикалық  операциялық  жүйе, оның нагізгі  объектілері  терезе мен  белгішелер  түрінде  бейнеленеді.
Windows –тің объектілеріне  қапшықтар, файлдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер мен  тышқан нұсқағышы  жатады.

    2,1 – сурет                                                           2,2 — сурет

WINDOWS – ТЫҢ БАСҚАРУ  ЭЛЕМЕНТТЕРІ

  • Жұмыс үстелінің  терезесінде  объектілерден  басқа  басқару  элементтері  де  болады. Оларға “Іске қосу” (пуск)  батырмасы, бас  меню, меню жолындағы меню мен  командалар
  • Команда деп осы  команданаң  белгішесіне  тышқан нұсқағышын апарып  шерткенде  орындалатын  әрекетті  айтамыз.
  • Командалар ұзын  немесе қысқа  болады
  • Қысқа команда деп  белгішенің  суреті  бар меню  жолына  шерткенде , бұл  программаның  қосу  әрекетінің  орындалуын  айтамыз.
  • Ұзын команда  деп біз белгілі  бір  нәтежеге : программаны  іске  қосуға  немесе құжатты  ашуға  әкелетін  әрекеттер тізбегін  орындауға  нұсқау  беруді  айтамыз.

Мыс:   Іске қосу       Барлық  программалар         Ойындар              Орамал

3- сурет

 

     Windows –тен шығу,  жұмысты  аяқтау

4 — сурет

  • Жұмысты дұрыс  аяқтау  білу  керек,  әйтпесе  компьютерде  сақталатын программалар да, жүйенің  өзінде  де қолайсыз  жағдайлар  болуы  мүмкін.
  • Пуск Выключить компьтер          Выключение   батырмасын  басу  керек.  Процесс  аяқталғаннан  кейін   компьютер  автоматты  түрде  өшеді
  • Егер Перезагрузка  ( қайта  жүктеу)  батырмасын  таңдасаңдар, компьютерді  өшірмей іске  қосады.
  • Ждущий режим батырмасын басқанда компьютерді өшірудің ерекше  режимі таңдалады. Барлық  ақпарат компьютердің жадынан қатқыл  дискіге  жазылады, компьютер өшеді. Келесі  компьютерді  қосқанда жад күйі  дискіден  қалпына  келтіріледі,  жұмысты  жалғастыра  беруге  болады

 Бекіту  сұрақтары:

  1. Терезені жабу батырмасы? Жабу, закрыт, exit
  2. Windows – дегеніміз не?

Операциялық жүйе, operation system, операционная система

  1. Басқару құрылғысы? Тышқан, мышь, mouse

Үйге тапсырма: 3.1- тақырып,  2- тапсырма

Білім  бағалау.

                                                                                                                        Ақтөбе қаласы